Просмотр содержимого документа
««АТАЖ?РТ» этногеографиялы? ойыны»
«АТАЖҰРТ»этногеографиялық ойыны
ШҚО Абай ауданы,Архат ауылы
С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Елубаева Гульмира Ахановна
Мақсаты . Оқушылардың өздерінің ата жұрты,мекені,отаны-Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға,өз елін,жерін,қорғай білуге,табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа,еркіндікке,ізденімпаздыққа баулу.
ЕСІЛ өзені
ЕРТІС өзені.
Тауды көрсең,күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең,ай мен Күнге жол ашқан
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген сол аспан
Республикам! Күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Ата-бабам аңсап өткен бақытпен,
Алтын бесік- Қазақстан-Гүлстан .
Ойын 5 турдан тұрады.
1.Өткел
2. Белес
3.Бекет
4. Асу
5.Жерұйық
І кезең ӨТКЕЛ. Команда капитанына 5 сұрақ қойылады.30 секунд беріледі.Әр сұраққа 10 ұпай.
« Өткелде» жинаған ұпайларыңыз «Алтын қорда» сақталынады .
І тур – «ӨТКЕЛ
ЕРТІС команда капитанына арналған сұрақтар.
1.Өскемен,Павлодар,Семей арқылы ағып өтетін қай өзен.
2.Атырау Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
3.Орал тауынан бастауын алатын өзен?
4.Өскемен қаласынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан қандай қала?
5.Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі қалай аталады,биіктігі қанша?
ЕСІЛ команда капитанына қойылатын сұрақтар.
1.Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала?
2.Қазақстан Республикасының туының авторы кім?
3. Қазақстан Республикасының ең төменгі нүктесі?
4.Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
5.ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет?
ІІ кезең « БЕЛЕС»
Әр командаға екі сұрақ қойылады.Ойлануға
1 минут.10 ұпай беріледі.Қосымша көмек алса 5 ұпайы кемиді.
Ереже бойынша ұпайы көп командадан бастаймыз.
1.Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 шақырымға созылып жатыр.Тау жүйесінің ең биік шыңы-Мұзтау.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Қазақстан жеріне таудың оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді.Бұл қай тау?
Қосымша көмек . Бұл тау геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді. Кенді,Таулы, Оңтүстік және Қалба жотасы.
2.Қаланың іргетасы 1720 жылы қаланған.1939 жылы облыс орталығы болып бекіді.Мұнда өнеркәсіп орындары,қорғасын-мырыш,титан-магний комбинаты,су электр стансасы бар.Бұл қай қала ?
Қосымша көмек Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс және Үлбі өзендерінің қосылған жерінде орналасқан.Аумағы 54,4 мың га.Шығыс Қазақстан облысының орталығы.
1.Орта Азияның солтүстік батысы мен Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір.Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді.
Бұл қандай ойпат?
Қосымша көмек . Бұл ойпат көл,теңіз,өзендердің шөгінді жыныстарынан түзілген.Батыс Сібір жазығымен жалғасады .
2.Бұл қала VІІ-VІІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығы.Бұл қай қала?
Қосымша көмек. Х ғасырда араб географы Әл-Макдиси оны бақтары көп,халқы тығыз қоныстанған,4қақпасы,төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала деген.
ІІІ кезең «Бекет»
Бұл кезеңде топ жанкүйерлеріне сұрақ қойылады.Екі мүмкіндіктеріңіз бар,яғни қате болса екінші оқушы жауап беруге болады.Алған ұпайларыңыз командаға қосылады.
І топ.
1.Алтайдағы ең әдемі көлдердің бірі.Бұл көлдің тарихы мынадай.
Аңшы бұғыны атып жаралайды.Жараланған бұғының артынан ере келіп,біраз жүрген соң бұғының буы бұрқыраған бұлақтың ортасында шомылып тұрғанын көреді.Сонымен бұл жер аңшының атымен аталып кетті.Судың құрамында кремний,кальций,натрий бары анықталды.
Бұл қай жер ,қайда орналасқан?
Алтайда. Қатоңқарағай ауданы
Рахман қайнары.
ІІ топ жанашырларына сұрақ
Сиқыршы шебер бір затты қолына алып,оған былай депті.Адамзатқа қызмет етуге аттанар алдында сен білуге тиісті 4 нәрсе бар.
1.Сен көп нәрсе жасай аласың,бірақ біреудің көмегіне сүйене отырып қана.
2.Өзің жіберген қателерді өзің түзетуге мүмкіндігің болады.
3.Сенің ең маңызды бөлігің сыртыңда емес,ішінде болады.
4.Қандай жағдайда қолданса да артыңда із қалдыруың керек.Қашан жарамсыз болып қалғанша,үнемі жұмыс жасауға тиістісің.
І топ жанашырларына сұрақ
Қазақтың тұңғыш академигі,геологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан ғалым,Павлодар облысы,Баянауыл ауданында дүниеге келген биыл туғанына 115 жыл толып отыр. Кім туралы айтып тұрмын.?
ІV кезең «АСУ»
«ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ...»
1.Ең терең көл..........
2.Ең үлкен арал...........
3.Ең терең шұңғыма.........
4.Ең ыстық материк.............
5.Ең халқы көп материк.................
6.Ең кішкентай құс........
7.Ең ірі құс.............
ІІ топ сұрақтары .
1.Ең ылғалды материк.........
2.Ең ірі көл..........
3.Ең биік шың............
4.Ең халқы көп мемлекет..............
5.Ең биік сарқырама..............
6.Ең ұзын өзен...........
7.Ең кішкентай мемлекет..........
.
«Жерұйық» кезеңіне жеңген команда барады.
Ситуациялық сұрақ.
Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп келіп,
сол жердегі ғажайып аңдарды көріп сол жер тұрғындарынан бұлар қалай аталады деп сұрағанда, олар сіздерге«кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ.Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді.
.
Аустралия материгі.Жергілікті халық тілінде «кенгуру» сөзі «түсінбедім»деген мағынаны білдіреді.