Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Презентация. 7 сынып Еуразия. Таби?ат зоналары. 8 сынып Климат ?алыптастырушы факторлар. К?н радияциясы. »
Cабақ тақырыбы
7-сынып Еуразия. Табиғат зоналары
8-сынып
Климат қалыптастырушы факторлар.
Күн радиациясы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға климат қалыптастырушы факторлар және табиғат зоналар туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік:Өз елінің климатын түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Біріктірілген бөлім
1.Ұйымдастыру кезені.
2.Психологиялық дайындық
II. Сараланған бөлім
1.Үй тапсырмасын тексеру.
2. Жаңа сабақ түсіндіру
III.Біріктірілген бөлім
1.Сергіту сәті
2. Деңгейлік тапсырмалар
IV.Сараланған бөлім.
1.Бекіту.
V.Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру.
7 сынып.
Электрондық оқулықпен жұмыс. «Еуразия ішкі сулары» тақырыбы бойынша, интерактивті тапсырмалар 13,14,15,17орындау
8 сынып.
Қазақстан физикалық картасы арқылы пайдалы қазбаларды әңгімелеу
Жаңа сабақ. 7 сынып.
Табиғат зоналардың орналасуы.
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары:
Арктикалық шөл.Тундра мен орманды тундра.
2. Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары: Тайга. Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы. Орманды дала және дала. Шөлейт және шөл зонасы.
3.Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары:Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар. Тропиктік шөлдер.
4.Субэкваторлық белдеудегі зоналар: Саванналар. Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар.Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары.
Тундра мен орманды тундра жануарлары.
Тайга жануарлары.
Өздік жұмыс.«Еуразияның табиғат зоналары» кестесінен себеп-салдарлық байланысты көрсет.
Табиғат зоналары
А
Ә
Халқының кәсібі
Тундра
Тайга
Б
1
2
В
Далалар
Жауаптары
Терісі бағалы аңдарды аулау, мал шаруашылығы, зығыр және қара бидай өсіру
Бидай, қант қызылшасы, жүгері, күнбағыс өсіру
Шөлейт және шел алқаптар
А- ....
3
Ә-...
Морждар мен итбалықтар аулау, бұғы өсіру
4
Қой, түйе, ешкі асырау, ал өзен жайылмаларында - қарбыз өсіру
Б- ....
В -
Климат дегеніміз - ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі.
Жаңа сабақ. 8 сынып.
Климат қалыптастырушы факторлар
1.Күн радиациясы.
2.Атмосфералық циркуляциясы.
3. Жердің төсеніш беті.
Күн радиациясы – ол күннен жер бетіне түсетін сәулелі қуат.
Белгілі бір уақытта
1 см 2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2 – мен есептеледі .
. Күн радиациясының түрлері.
Тура күн радиациясы - жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера кері шағылыстырып,қалған бөлігінің жер бетіне жетуі.
Шашыранды радиация – күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары ,мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өзіне сіңіріп және шашыратып таратуы.
Жиынтық радиация – жер бетіне келетін тура және шашыранды радиациясының қосындысы.
Жұтылған радиация – жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынуы.
Шағылысқан радиация – жұтылған радиацияның кері шағылысуы.
Сергіту сәті
Деңгейлік тапсырмалар .
7 сынып
1 деңгейлік тапсырма.
-Табиғат зона дегеніміз не?
2 деңгейлік тапсырма.
-Еуразияның кез-келген климаттық белдеуіне жартылай сипаттама бер?
8 сынып
1 деңгейлік тапсырма.
1.Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
2 деңгейлік тапсырма.
1.Күн радиациясының түрлері қандай?
3 деңгейлік тапсырма.
1.Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.
4 деңгейлік тапсырма.
1. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
Сөзжұмбақ шешу.
7 сынып
Көлденеңінен.
4. Шөлде өсетін қатты ағаш.
5. Ірі жыртқыш аң.
6. Сүйек қабығы бар жануар.
Тігінен.
1. Ағашта жүретін мысық тектес жыртқыш аң.
2. Шөлге шыдамды жануар.
3. Бауырымен жорғалаушы.
7. Қара дақтары бар, мысық т ұ қымдасқа жататын жыртқыш аң.
8. Есек пен жылқының туысы, тағы аң
Жұмбақтар шешу. 8 сынып
1.Жасыл,бірақ жуа емес,
Өзі ақ,бірақ қара емес.
Бұйра-бұйра,бірақ шаш емес.(.....)
2.Отырса жасыл,
Ұшса сарғаяды,
Жерге түсіп қараяды.(.........)
3.Жер бетінің кескінін,
Түрлі-түспен көрсеткен.
Болсада өзі құрметті,
Тиіпті орын ең шеттен. (.........)
4.Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі.(....)
Үйге тапсырма.
7 сынып. § 22 оқу. жұмыс дәптер 27-29 беттердегі тапсырмалар.
8 сынып. §20оқу жұмыс дәптер 18,19 беттердегі тапсырмалар.