kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?іл т?сті металдар металлургиясы, металлургия ж?не ?орша?ан орта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?леуметтік инфра??рылым салалары.

Ма?саттары: 

Білімділік.  ?леуметтік инфра??рылым кешені туралы т?сінік беріп, к?з?арастарын ?алыптастыру.  Оны? ма?сатымен танысу, оны? т?рмысты? ?ызмет к?рсету, халы?ты? демалысын ?йымдастыру салалары ж?не оларды? орналасу факторлары туралы біліп, ?аза?станда?ы ?леуметтік инфра??рылым ?ызметіні? даму де?гейін аны?тау. «Рекреация», «рекреациялы? ресурстар», «рекреациялы? шаруашылы?», ?рекреациялы? аудан? деген т?сініктерді? ма?ынасын аны?тау.

Дамытушылы?.  Кескін карта?а ?аза?станны? рекреациялы? аудандарын т?сіру ар?ылы ?аза?станны? инфра??рылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен ж?мыс істеу икемділіктері мен да?дыларын арттыру.

Т?рбиелік. ?з отаны туралы білімдерін тере?дете келе, отанс?йгіштік ?асиеттерін арттыру,  ?орша?ан ортаны ?ор?ау ?асиеттерін арттыру, географиялы? м?дениетке баулу.

Саба? т?рі: аралас саба?

Саба?ты ?йымдастыру формасы: фронтальді

Саба?ты ж?ргізу ?діс-т?сілдері: репродуктивті, проблемалы?

??рал-жабды?тар:  картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?іл т?сті металдар металлургиясы, металлургия ж?не ?орша?ан орта»

Сабақ № 24

Күні: 30.11.14

Сынып: 9 А

Тақырыбы: Жеңіл түсті металдар металлургиясы, металлургия және қоршаған орта


Мақсаттары:

Білімділік. Түсті металлургияның маңызын, құрамын, Қазақстанның түсті металл түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Жеңіл металдар металлургиясын бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның қара металлургия орталықтарын, өнеркәсіпті қорғасын-мырыш, алюминий, титан-магний кәсіпорындарын атап және картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әлеуметтік картасы, Павлодар облысының кешенді картасы, Атлас

Негізгі ұғымдар: ауыр, жеңіл, бағалы, қиын балқитын, сирек кездесетін металдар, дюраалюминий, полиметалл, кен-металлургиялық комбинаттар

Номенклатура: мыс – Орталық, Шығыс Қазақстан, қорғасын-мырыш – Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, полиметалл – Зырян, Риддер, Өскемен, титан – Сәтбаев, Обуов, Шоқаш, боксит – Павлодар, Қызыл Октябрь, Амангелді, алтын – Комаров, Ақбеит, Бозшакөл, Бестөбе, Бақыршық

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі

ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру

ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырмаларын тексереді. Кейін мәтін соңындағы ақпараттар бойынша сұрақтар қояды:

1) Қазақстанның темір кенінің құрамындағы металдың үлесі қанша?

2) Ақсу ферроқорытпа зауыты мен АҚШ ферроқорытпа зауыттарын салыстырыңдар.

3) Қарағанды металлургия комбинаты қай шетелдік компанияның басқаруына және қашан берілді?

Дәптерлерін көрсетіп, тексереді. Кейін сұрақтарға жауап береді:

1) 35-53%, концентраттағы мөлшері Қаржал КБК-да 56%, Соколов-Сарыбай КБК-да 66%

2) Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚШ ферроқорытпа зауыттарының бәрін қосқандағыдан 3 есе көп ферроқорытпа өндіреді.

3) 1995 жылы Лакшми Митталдың «Арселор Миттал» «болат империясының» құрамына енді.

ІІІ

Кіріспе сұрақтар:

1) машина жасау кешенін еске түсіреміз: автокөлік 200 мыңнан астам бөлшектен тұрады. Олар қандай салалармен тығыз байланыстылығын көрсетеді?

2) машина өндірісіндегі технологиялық кезеңдерде бөлшектерді дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

3) осы екі мысалда қандай саланың қажеттілігі көп байқалады?


Сұрақтарға жауаптары:

1) тоқыма-тігін саласы, химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия салалары.

2) болат, шойын, түсті металдар

3) қара және түсті металлургия, тетіктер қажет

ІV

Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:

  1. Түсті металлургия: кешен ішіндегі кешен.

  2. Ауыр металдар өндірісінің географиясы: шикізат көздеріне бағытталуы

  3. Жеңіл металдар металлургиясы: қуат көздеріне бағытталуы

  4. Бағалы жіне сирек кездесетін металдар


Оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін орындайтын тапсырмалары мен сұрақтары:

1. Түсті металдардың маңызы мен қолданылуын анықтайды:

Оқушылар мұғалімнің келесі тапсырмасы бойынша жұмыс істейді: жеңіл металдар өздерінің жеңілдігі мен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты шаруашылықта кеңінен қолданылады.


Біздің елімізде жеңіл металдарды алюминий және титан-маггний өнеркәсіптері өндіреді. Оқушыларға тапсырма: жеңіл металдардың ерекшеліктерін анықтау.

Алюминийді құрамында алюминий тотығы бар бокситтен алады. Алюминий алу 2 кезеңнен тұрады: 1) бокситтен алюминий оксидін алу, 2) алюминий оксидінен алюминий алу. Осы жерде оқушыларға сұрақ қойылады: Павлодар облысында қандай зауыттар бар? Олар қандай факторларға байланысты салынған?

Бағалы және сирек кездесетін металдардың ішінен елімізде алтын Батыстан басқа барлық аудандарда өндіріледі. Оқушыларға тапсырма: бағалы және сирек кздесетін металдар қайда өңделеді?

Осы барлық металдардың таралуы мен аудандардың мамандануына байланысты Қазақстанда 3 металлургиялық база қалыптасқын: Шғысы, Орталық, Солтүстік. Металлургиялық база – ортақ шикізат немесе отын қорарын пайдаланатын зауыттар тобы. Ең ежелгісі – Шығыс, ол «өндірістің жоғарғы қабаттарын» қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Орталық металлургиялық базаның мамандануы кеңейіп келеді. Солтүстік металлургиялық база ең жас болып табылады.

және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады.

Алюминийдің жеміірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы болып табылады.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Павлодар облысында Ақсу ферроқорытпа зауыты, Алюминий зауыты, Электролиз зауыты бар. Феррақорытпа зауыты металл сынықтарын қайта балқытып, прокаттар шығарады. Алюминий және Электролиз зауыты алюминийді алуға бағытталған. Олар шикізат және электр қуатының, яғни Ақсу МАЭС-нің арзан электр қуатына негізделіп салынған.

Тапсырманы орындаулары: алтын ауыр металдармен серіктес ретінде алынып, Өскемен, Балқашта шақпақталады. Күміс серіктес ретінде алынады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кен орны береді. Қазақстанныңбарлық зауыттарында сирек кездесетін металдар ілеспе түрінде алынады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты сияқты кәсіпорындар тантал мен берилий қорытпаларын «атом металы» ретінде шығарады.


Тақырыпты бекіту үшін 157-беттегі 1-5 тапсырмаларды береді. Кейін сұрақтар қояды: 1) Түсті металдардың қандай топтары бар? 2) Неліктен түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар салу тиімді? 3) Жеңіл түсті металл кендерінің қандай қасиеттері оларды орналастырудағы негізгі принциптерімен байланыстырады?

Тапсырмаларды орындаулары:

1-тапсырма: Жезқазған және Қоңырат. Жезқазғанда сирек металдар мен рафинадталған мыс шығарылады. Оның шикізат базалары: Жезқазған, Тасқора, Жыланды, Жомарт.

2- тапсырма: 1 т титан алу үшін 40000 кВт сағат электр қуаты жұмсалады. 3 адамнан тұратын отбасына ондай қуат мөлшері күніне 10 кВт сағаттан 4000 күнге пайдаланады, яғни 11 жылға (40000:365) жетеді екен.


Сабақты оқушылармен бірігіп қорытындылайды: Сонымен, түсті металлургияның маңызы мен Қазақстандағы даму жағдайы қандай екен?

Түсті металлургия – Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Өндірістің аяқталған циклі ауыр металдар металлургиясында қалыптасқан, ал жеңіл түсті металдар арзан энергия көздеріне таяу орналасады.


Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне байланысты бағалайды.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады.


Үй тапсырмасына §13 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Же?іл т?сті металдар металлургиясы, металлургия ж?не ?орша?ан орта

Автор: Камзин Куаныш Серикбаевич

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325990


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства