kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас саяхатшылар » факультативі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сінік хат

О?у п?ніні? вариативті б?лігі орта білім беру де?гейіне с?йкес мемлекеттік жалпы?а міндетті стандартты? шегінен тыс білім беру мазм?нын ай?ындайтын білім беру ба?дарламасына с?йкес ??рыл?ан.  «Жас саяхатшылар » факультативі білім алушылрды? т?л?алы? сипатын ?алыптастыруды  ?амтамасыз етеді.  О?у ба?дарламасында География п?нінде ?аламшарды зерттеу,  географиялы? ашулар, саяхатшылар тарихы туралы  аз ?амтыл?ан. Сонды?тан б?л курс о?ушыларды? білімін толы?тыра т?седі.

Курс ?ш  б?лімді ?амтиды. бірінші б?лім- ?лы саяхатшылар, екінші  б?лім  Жер туралы ал?аш?ы т?сінік ж?не ?шінші – ?лкетану.

Білім алушылар?а саяхат туралы білім бере отырып, саяхатшыларды? ма?сат, міндеттерін ай?ындап, н?тижесі адамзат ?шін ма?ыздылы?ын ашу. Ата?ты жазушы  Н.Г.Чернышевский: «Саяхат-жартылай роман, жартылай анекдоттар жина?ы, жартылай тарих, саясат, таби?аттану» демекші о?ушылар  саяхатшыларды?  ?лемді танып білуге ??штарлы?ымен  таныстыра отырып, о?ушыларды т?зімділік, жігерлік, табандылы?, серіктестік,  ?ой?ан ма?саттарына жете алатын ?мірге ?ажетті ?асиеттер ?алыптастырады.

Жер туралы т?сініктері пен к?з?арастарын дамыту ?азіргі география ?ылымы, оны? жетістіктері мен адамзат алдында т?р?ан ма?ызды проблемаларды шешудегі р?лі туралы т?сінік ?алыптастыру;

Б?л курс?а берілген са?ат саны 34,аптасына 1рет ?теді.Саба?ты т?рлендіре отырып,д?ріс,ойын, жарыс, топты?,саяхат, интерактивті о?ыту  ?дістерін ?олданамын. К?рнекіліктерден; кестелер, сызбан?с?алар, ?лестірмелер, с?зж?мба?тар, интернет желісін,интерактивті та?та, б?ктемелер, видео роликтер,кеппеш?птер, ?л?айт?ыш ??рал, фотоаппарат  ?олданамын.О?ушылар шы?армашылы? ж?мыстар жасай отырып, ?з беттерінше  таби?атты ба?ылап,?ылыми жоба жасап,жарыстар?а  ,рефераттар жазады, апталы??а ?атысып,о?у жетістіктерін ба?алаймын.Т?рбиелеуді? барлы? саласымен байланыстыра отырып,ал?ан білімдерін ?мірде ?олдана білуге баулиды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас саяхатшылар » факультативі»




Түсінік хат

Оқу пәнінің вариативті бөлігі орта білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың шегінен тыс білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру бағдарламасына сәйкес құрылған. «Жас саяхатшылар » факультативі білім алушылрдың тұлғалық сипатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасында География пәнінде ғаламшарды зерттеу, географиялық ашулар, саяхатшылар тарихы туралы аз қамтылған. Сондықтан бұл курс оқушылардың білімін толықтыра түседі.

Курс үш бөлімді қамтиды. бірінші бөлім- Ұлы саяхатшылар, екінші бөлім Жер туралы алғашқы түсінік және үшінші – өлкетану .

Білім алушыларға саяхат туралы білім бере отырып, саяхатшылардың мақсат, міндеттерін айқындап, нәтижесі адамзат үшін маңыздылығын ашу. Атақты жазушы Н.Г.Чернышевский: «Саяхат-жартылай роман, жартылай анекдоттар жинағы, жартылай тарих, саясат, табиғаттану» демекші оқушылар саяхатшылардың әлемді танып білуге құштарлығымен таныстыра отырып, оқушыларды төзімділік, жігерлік, табандылық, серіктестік, қойған мақсаттарына жете алатын өмірге қажетті қасиеттер қалыптастырады.

Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту қазіргі география ғылымы, оның жетістіктері мен адамзат алдында тұрған маңызды проблемаларды шешудегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

Бұл курсқа берілген сағат саны 34,аптасына 1рет өтеді.Сабақты түрлендіре отырып,дәріс,ойын, жарыс, топтық,саяхат, интерактивті оқыту әдістерін қолданамын. Көрнекіліктерден; кестелер, сызбанұсқалар , үлестірмелер, сөзжұмбақтар, интернет желісін ,интерактивті тақта, бүктемелер , видео роликтер ,кеппешөптер, ұлғайтқыш құрал, фотоаппарат қолданамын.Оқушылар шығармашылық жұмыстар жасай отырып, өз беттерінше табиғатты бақылап,ғылыми жоба жасап ,жарыстарға ,рефераттар жазады, апталыққа қатысып,оқу жетістіктерін бағалаймын .Тәрбиелеудің барлық саласымен байланыстыра отырып,алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулиды

Күтілетін нәтиже:

Осы курсты меңгере отырып оқушылар географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әртүрлі қолданбалы іс-әрекеттерді орындай отырып, түрлі зерттеу жұмыстарын қорытындылап, нақты дәлелдер келтіреді және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

Мұнда:

  • Оқушылар алған білімдерін шыңдау барысында әлем саяхатшылармен, ұлы географиялық ашулармен, Қазақстандық саяхатшылармен танысады.

  • Картамен саяхатшылардың жүрген жерлеріне саяхат жасау арқылы танысады

  • Жер шарындағы табиғаттың қайталанбас әсем көріністері мен табиғат байлықтарын қорғауға ат салысады.

  • Табиғатты қорғаудың түрлі жолдарын ұсынады.

  • Газет, журнал басылымдарына мақалалар жазады.


Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.


Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.


Пәнаралық байланыс:

География ,тарих, өнер, экономика, экология, сызу, биология, физика.


Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, туризм,картография экология мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.

  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:

    • табиғатты тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алу;

    • талдау-салыстыру;

    • сипаттау;

    • пікір-талас;

    • картамен жұмыс

    • толықтыру әдістерін меңгереді.

  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.

  • Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу),

  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.

  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.


Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:

  • Вариатив курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • табиғи байлықтарды жіктеп, тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алуы;

  • табиғат кешендеріндегі топырақ, сулар мен ауаның экологоиялық жағын ашып айта алуы;

Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • құжаттар, әдебиеттер және түрлі ақпарат көздерінен табиғат кешендері жөнінде материалдар жинақтап, жұмыс істей алуы;

  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;

  • ғылыми жобалар жазу;


















































Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе.

1


2

Адамдардың Жерді танып білуі

1


3

Табиғатты оқып үйрену

1


4

Туризм дегеніміз не?

1


5

Табиғатта жүріп -тұру ережелері

1


6

Тентек өзеніне саяхат

1


7

Саяхатшылар мен зерттеушілер

1


8

Әлем саяхатшылары

1


9

Жер және Ғарыштық кеңістік

1


10

Ғарышты зерттеу

1


11

Гидрология - су туралы ілім

1


12

Әлем сулары

1


13

Суды қорғау

1


14

Табиғат құбылыстары

1


15

Ғаламшардағы тіршілік

1


16

Өсімдіктердің түрлері мен маңызы

1


17

Жануарлардың түрлері мен маңызы

1


18

Табиғи бірлестік

1


19

Жасанда бірлестк

1


20

Адам және табиғат

1


21

Қазақстан аумағының зерттелу тарихы

1


22

Әбу Насыр әл-Фараби

1


23

Махмуд Қашқари

1


24

Ш.Ш. Уәлиханов

1


25

Қ.И. Сәтбаев

1


26

Қазақстанның таңғажайып табиғаты

1


27

Қорғалатын табиғи аумақтар

1


28

Қазақстанның қорықтары

1


29

Ұлттық саябақтар және табиғат ескерткіштері

1


30

Қызыл кітап

1


31

Алакөл жерін зерттеу

1


32

Ернар Ауезов - тұңғыш қазақ орнитологы. Реликті шағала

1


33

Алакөл қорығына саяхат.

1


34

Қорытынды

1




Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр әл-Фараби (870 - 950)

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға Әбунасыр әл-Фараби (870 - 950) өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беру.

Ә) Дамытушылық: Ой-орісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық мәдени мұраларды оқып, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою. «Ой қозғау» стратегиясы.

  1. Ежелгі дәуір әдебиетіне қандай шығармалар жатады?

  2. Ислам дәуірі әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.



Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алеппода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған.

Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алеппо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдама ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны "Үлкен музыка кітабы" атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды.

Бұл ойын "Ғылым жігі жөніндегі сөз" атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды біріктіргісі келді. Ұлы баба ұстанған мұраттың бір парасы мынадай: ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген болуы керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болу керек. Бұзақылық, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болу керек. Заңды тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүнне мен шариғат ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек.

Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық кемелділік, нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған "Мемлекет қайраткерінің афоризмдері", "Азаматтық саясат", "Бақыттың жетістіктері" атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт - абсолюттік игілік. Адам кейбір заттарды (ақша, даңқ, қажеттілік және т. б.) өмірдің негізі деп ойлайды. Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық жағын әбден жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады.

Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады. Ойшыл "Әлеуметтік-этикалық трактатында": "Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады" - деп есептейді. "Музыка туралы үлкен трактатында" музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектейді.

Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар "ең биік игілікке", яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін "келісімге көшуіне тура келеді". Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің "Әлеуметтік-этикалық трактатында" ғалым: "Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады", - деп жазды.

Фараби "Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап" деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді.

Сайып келгенде, Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "Өлең сөз және шешендік туралы", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика", т. б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

ІV. Оқулықпен жұмыс.VІІ.Сабақты қорытындылау. Бекіту. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма:

\











































Үшарал қаласы № 2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі





«Бекітемін» Келісемін Педкеңесте қаралды

Мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі Хаттама №

________А.С.Ибраимов ____________ ______________









«Жас саяхатшы» факультатив курсы бойынша

5- сыныпқа арналған

күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау






Мұғалім: Мамырбекова Р.Н
















2015-2016 оқу жылы











Саяхат туралы әңгімелер - әдебиеттің ең көне формасы. Ол адамның көзі көретін көкжиегін кеңейту, тәжірибе жинақтау, адамзаттың қысқа өмірінде көре алатын барлық нәрселерін білуге деген құштарлығын қанағаттандырады.

Жол-сапар очерктерінде кәбінде алыстағы елдерді, олардың тұрғындарын, сол жердің табиғатының әсемдігін, саяхаттың ерекшелігі мен кездейсоқтықтар және тағы басқа саяхатшының көрген-білгенін, қандай да болмасын қаламмен суреттеу барлык жастағы оқырман үшін қызықтылығын жоймайды. Оқырмандардьщ әрбір буыны ұлы саяхатшылардың қолжазбаларын - Марко Поло, Магеллан, Ч.Дарвин, Аф.Никитин т.б. жазғандарын оқумен әуестенген. Кәсіби жазушылардың саяхат туралы жазбаларын да оқырмандар қызығушылықпен оқи отырып, әлемдегі адам аяғы баспаған жерлер жайлы энциклопедиялар мен арнайы басылымдардан мәлімет табылмайтын әлемнің бірде-бір бұрышы қалмағанын ұмытпау керек. Саяхат - қызығушылықтың әр түрлілігімен, әдеби талғамның әр түрлі дәрежеде екендігіне қарамастан барлық оқырмандарды біріктіретін әдебиет түрі. Н.Г.Чернышевский: «Саяхат-жартылай роман, жартылай анекдоттар жинагы, жартылай тарих, саясат, табиғаттану болғандығын, оқырман кітаптан тапқысы келетін барлық мәліметті ала алады»,- деп бағалайды.

Бірақ мұнда біз оқырмандар арасында танымал географиялық әдебиет жайлы емес, тек оның ерекше бір бөлігі-замандастарымыздың жол-сапар очерктері жайында әңгіме қозғамақпыз. Тақырыбына, танымдық материалдардың көлеміне байланысты жол-сапар очерктері географиялық әдебиеттерге жатуы мүмкін. Бірақ мұнда көркем очерк, ең алдымен, әзінің көркемдік міндетін орындайды. Саяхатты баяндауда автордың тірі тұлғасы көрінетіндігі - заңды құбылыс. Жол-сапар очеркі - жазушының тұлғасын, оның дүниетанымын, өз дәуірінің қоғамдық мәселесіне көзқарасын көрсететін қасиеттер тән әдебиет формасы.

Әдеби процесс жоспарга бағынбайтын және бір калыпты, жүйелі түрде жүреді. Қазақ әдебиетіндегі жол-сапар очерктері XIX ғасырда пайда болғандығын ескерсек, XX ғасырдың 60-70 жылдары ол туралы үздік кітаптар жарық керіп, газеттер мен журналдарда жол-сапар очерктерін өндіріп басып, оқырмандар қызығушылығын тудырған жанрлар сапында тұрған. Ал, жол-сапар очеркіндегі лирикалық леп қазіргі әдебиеттегі гуманизация тенденциясымен тікелей байланысты, бұл туралы академик Д.Лихачев пен жазушы Н.Атар иланатын пікірлер айтқан.







Туризмнің пайда болуы

Сауда жасау, жерді жаулап алу мен игеру, ресурстар мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсатында дүниені тану мен жаңа ашуларды жасау деген адамның бүкіл көпғасырлық тарихындағы мызғымас қасиеті. Өркениетіміздің шынымен көзге көрінерлік уақыт аралығы онша ұзақ емес, бес мың жыл қашықтықты қамтиды. Алайда, саяхаттардың сенімді түрде жасалған сүреттемелерінің жасы одан да кем, тек жақында өткен дәуірлерге жатады. Жаңа құрлықтар мен аймақтарды, халықтар мен табиғи құбылыстарды ашқан, географиялық және басқа білімдердің негізін қалыптастырған ұлы саяхатшылардың аттары адамзат тарихында мәңгі сақталып келе жатыр.

Жер мен ресурстарға ие болу және сауда жасау құмарлығы адамзатты ғасырлар бойы басқа жерлерге, аумақтарға, елдерге, тіпті құрлықтарға итермелеген. Белгілі грек тарихшысы Геродот б.з.д V ғасырдың өзінде барлық өзіне мәлім саяхаттар мен ашылуларды суреттеп берген. Массаланың (қазіргі Марсель, Франция) тұрғыны, географ және зерттеуші Пифий б.з.д. 320 жылы Еуропаны айналып өз дәуірі үшін ғажайып саяхат жасады, Британия жағалауынан асып тіпті Норвегияға жеткен; Исландияға жетті деген жорамал бар. Саяхаты жөнінде көптеген географиялық ашулары жөнінде суреттеме берілген «Мұхит туралы» деген еңбегін жариялаған. Ежелгі Рим дәурінде бай ақсүйектер императордың рұқсатымен демалу мақсатында Мысырға, басқа елдерге сапар жасағандығы тарихта белгілі болған.

Америка континентінің бірнеше мәрте ашылуы мен игерілуін, Исландия мен Гренландия жеріне 900-1100 жылдары адамдардың қоныстануы жайында айтып кетсек артық болмайды. Колумб дәуіріне дейін жүрек жұтқан викингтер Гренландияға, одан кейін Америка құрлығына шейін (Ньюфаундленд) жетіп онда колония орнықтырған. Олардың тұрған қоныстарының қабырғалары табылған, тіпті колонистердің есімдері құжат түрінде анықталған. Бұл Исландия тұрғындарынан жинақталған экспедицияны 982 жылы ирландық Эрик Рыжий (Сарыбас Эрик) басқарыпты. Сауда мақсатында ашылып пайдаланған өте ұзақ сауда жолдарын, олардың ішінде «варягтардан гректерге» («из варяг в греки»), Ұлы Жібек жолын және т.б. атауға болады.

Саяхаттар жаңа сауда жолдарын ашу, дүниені тану, жаңа елдер мен жерлерді ашу мақсатында жасалған.

Ұлы араб саяхатшысы мен ғалымы ибн Баттута (Абу Абдаллах Мухаммед ибн Абдуллах аль Лавати ат-Танжи) (1304-1368/69) 21 жасында сапарға аттанып Шығыс елдерінің барлығын жаяу аралап шыққан (70 мың шақырымнан астам) деп айтуға болады. Соның ішінде, Солтүстік Африка, Үндістан мен Қытай елдерінде болған. Көптеген елдер мен сауда жолдарының, халықтардың салт-дәстүрлерінің географиялық суреттемелері баға жеткізгісіз «Рихле» деген кітабына кірген. Ибн Баттутаның кітабы біраз еуропалық тілдерге аударылған. Бұл кітапта өте ауқымды тарихи, географиялық және этнографиялық материал жинақталған; бүгінге дейін Орта ғасырлар тарихын зерттеуінде маңызы айтарлық.

Итальян саудагері Марко Поло (1254-1324) 1271-1295 жылдары Қытайға ғажайып сапар жасаған. Онда 17 жыл тұрып, осы ел туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, оларды өзінің «Әлем ғажайыптары туралы кітап» деген еңбегінде жариялаған. Венециялық Марко Поло Орта ғасырлардағы ең белгілі саяхатшы болып есептеледі¹.

Жаңа жерлерді ашу мақсатында ежелгі уақыттан бастап өте ауыр саяхаттар жасалған. Бүгінгі таңда Американың Колумбқа дейін әлдеқайда бұрын ашылғаны, ал Гренландияда («жасыл жер» деп аударылады, қазіргі кезде бұл мұзбен бүркелген құрлық) атам заманынан бері Еуропадан қоныс аударған адамдар өмір сүргені мәлім. Мұздықтың таралуының дамуына қарасақ, бұл жерлердегі алғашқы тұрғындарды 600-800 жылдарға жатқызуға тура келеді. Тур Хейердал Тынық мұхитын бальс бөренелерден жасалған салмен кесіп өткенге дейін, Оңтүстік Америкадан Полинезияға көп кісі сыятын сал қолданып бірнеше айлық ұзақ саяхаттарды жасау мүмкін емес болып есептелетін.

Ұлы саяхатшылар, ғалымдар және теңізшілер – Фернан Магеллан (1480-1521), Васко да Гама (1469-1524), Атлант мұхитынан өтіп Америка құрлығын ашқан Христофор Колумб (1451-1506) есімдері бүкіл әлемге әйгілі.

  Ресей елі де өз саяхатшыларымен мақтана алады. Нақты мәліметтермен расталған ертедегі саяхат жасағандардың бірі – Афон мен Қасиетті Жерге 1065 жылы сапар шегіп, жолда көрген-білген өңірлер мен халықтар туралы мағлұматтарды қалдырған игумен Даниил болды. Парсы мен Үнді елдеріне 1471-1474 жж. саяхат жасап, «Хождение за три моря» («Үш теңіздің ар жағына сапар») шығармасын қалдырған Афанасий Никитинді де ұмытпаған жөн. Осылардан кейінгі белгілі саяхатшылардың саны өте көп: В.И.Беринг (1681-1741), Н.М.Пржевальский (1839-1888), Н.Н.Миклухо-Маклай (1846-1888) және тағы басқалар.

  Жер шарын айналған саяхаттардың нәтижесінде ғылыми бағыттар мен білім жүйелерінің негізін салған баға жеткісіз ғылыми мағлұматтар жарық көрді. Сақталып қалған әлемнің карталарында құрлықтардың нобайлары өте дәл көрсетілген, осы карталарды жасау үшін қажетті ақпарат пен әдістемелерді ежелгі адамдар қалай тапқандығын түсіну қиындық тудырады.

  Саяхат пен туризм – адамның өмір әрекетінің белгілі бір салтын суреттейтін бір-біріне байланысты ұғымдар. Мұнда әдеттегі тұрғын орнынан тыс жердегі аумаққа, елге, құрлыққа адамның уақытша сапар шегуі – саяхатты іс-әрекеттің басқа аяларынан ерекшелейтін әрекет анықтамасын атау қажет.

Туризм саяхаттардың ерекше түрі болып табылады, бірақ жалпы саяхаттар ұғымынан ерекшеленетін шектеулерге, сипаттамаларға ие. Туризмнің көптеген мағыналық анықтамалары бар. Туристік саяхатқа, туристік сапарға, жорыққа қатысатын адам жалпы түрде турист деп аталады.

  Саяхатпен салыстырсақ, туризм дегеніміз экономика мен саясаттың күшті ықпалындағы категория, сонымен қатар, осы құбылыстың ішкі табиғатының дуализмі (екі қырлылығы) байқалады, себебі, туризм дегеніміз –

а) туристер анық туристік мақсатта жасайтын саяхаттардың бұқаралық ерекше түрі, яғни бұл туристтің өзінің іс-әрекеті (туристік іс-әрекетінің субъектісі);

б) осындай саяхаттарды ұйымдастыру мен іске асыру іс-әрекеті, яғни туристік іс-әрекет. Бұл іс-әрекет туризм индустриясының әртүрлі кәсіпорындарымен (туристік іс-әрекет объектісі) іске асырылады.

Туризмді ең алдымен саяхат деп есептесек, туризмнің тамыры өте ежелгі уақытта жатыр. Адамзаттың жазбаша тарихы пайда болуынан бұрын саяхаттардың көне түрлері дүниеге келген. Ежелгі Грекия мен Римде өркениеттің жоғары дамуына, қолы бос, «еріккен», мәдениеті жоғары бай класстың бар болуына байланысты туризмнің қазіргі мағынасына жақын саяхаттардың рекреациялық және танымдық түрлері орын ала бастаған.

Грек пен рим саяхатшылары ең жиі баратын жері Мысыр болған. Олар барған жерлерінде өз аттарын тасқа қашап қалдырған. Ғылымда осындай жазбалар «граффити» деп аталады (граффити итальяндық graffiti – қашалған, тырнап жасалған деген сөзден шыққан). Граффити ғасырлар бойы таса жерлерде сақталып, қазіргі уақытта гректер мен римдіктердің Мысырға барғандығын растайтын «құжат» болып тұр. Ніл алабында табылған ең ежелгі граффитилер б.з.д. VI ғасырға жатады. Грек жалдамашылары Нілдің жоғары сағасына көтерілген кезде Әбу-Симбел ғибадатханасының алдында тұрған алып мүсіннің аяғына өз аттарын сызбалап жазған. Антикалық авторлар Ніл алабына Афины заңнамашысы Солон, математик Пифагор, сәл кейінірек грек логограф-тарихшысы Милеттің Гекатейі сапар шегіпті деп жорамалдайды.

Гректер мен римдіктер сапарлары жөнінде тек граффити ғана емес, ауқымды жазбалы дерекнамалар да хабарлайды. Геродот Фивы қаласына және Ніл табалдырығының жанында орналасқан аралға жасаған алғашқы сапарлары жөнінде дерек қалдырған.

Саяхатшылар барлық дәуірлерде көп болған: жиһангездер, кезбелер, жолаушылар, мінәжат етушілер мен жай ғана серуендеушілер. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Дегенмен, туризм сферасындағы нағыз қопарылыс туралы біз тек қана ерте жаңа дәуірден бастап әңгіме қозғай аламыз.

  Туристік саяхаттардың ұйымдастырылуын шынымен растайтын ақиқат – алғашқы туристік жолнамалардың пайда болуы. Олар VIII ғасырда француз королі Ұлы Карл (742-814) мен «Мың бір түнде» талай әңгімеленген халиф Гарун әл Рашид арасында достастық қатынастар орнатылған кезде шығарылды. Осыдан бері француз шонжарлары Палестина мен Кіші Азия елдеріне жиі-жиі экскурсияларға бара бастаған. Оларға сапарға аттанудың алдында баратын жері туралы, қалалар арасындағы жол қашықтығы жөнінде қысқаша мәліметтер жазылған арнайы жолнамалар берілген. Жылдар өте келе жолнамаларда түнеу орындары, бағалар туралы, климаты жөнінде, назар аударарлық орындар, ескерткіштер туралы және т.б. мәліметтер жарияланатын болды. Шетелдік туризмнің алғашқы ұйымдастырушылары – Генуя, Пиза, Аугсбург, Нюрнберг саудагерлері болған.

Бірте-бірте саяхатқа саудагерлер мен жер жаулаушылардан басқалары да аттана бастады. Жұрт айналадағы дүниені тануға тырысады. Географиялық ашылулар қызығушыларды сапарға ынталандырды. Осындай сапарлардың арқасында басқа елдер туралы мәліметтер мен картографиялық материал саны көбейді.

Төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарының (б.з.д. 776 ж. – б.з. 394 ж.) жөні басқаша болған. Мұнда көптеген грек полистарынан (қалаларынан) келген спортшылар, кейінірек римдіктер де, қатысқан. Ойындар басталмай тұрып көрермендердің алдында ақындар, философтар, ділмарлар өз өнерлерін көрсететін болған. Осының барлығы ежелгі грек қаласы Олимпияға көп жұртшылықты қызықтырып тартқан, оларды орналастыру үшін арнайы үлкен үйлер салынған. Бүгінгі көзқарас бойынша, Олимпиада ойындарын спорттық туризмнің ерекше бір түріне жатқызуға болады. Олимпиада ойындары 1896 жылы қайта жүргізіле бастап олардың дамуы қазір де жалғасуда.

  Ежелгі Грекияда, әсіресе ежелгі Римде негоцианттар (саудагерлер) өте жиі сапар жасаған. Осы айтылғанның бәріне сүйенсек, Антикалық әлем рекреациялық та, спорттық та, бизнес-туризмнің де бастауы болған.

  Көпшілік жұрттың орнын ауыстыру үрдісі оларға баспана жасауды қажет еткен, сондықтан саяхатшылар үшін қонақ үй шаруашылығын дамыту қажеттілігі өзекті мәселе болған. Б.з.д. Рим империясында бір-бірінен аттың бір күндік жолындай қашықтықта орналасқан жолаушылар қонатын мемлекеттік қонақжайлар (постоялый двор) пайда болды. Жолаушылар қонатын жайлар римдік шабармандар мен мемлекеттік қызметшілер өтетін қалалар мен даңғыл жолдарда орналасатын. Провинциялар мен Римнің өзінде баспаналардың екі түрі болған: біреулері патрицийлер (ақсүйектер) үшін, басқалары – плебейлерге арналған. Сапар кезінде римдіктер арнайы жолнама-карталарды пайдаланған.

Антикалық әлемнің ыдырауы нәтижесінде жұрттың жүріп-тұруы күрт азайды, әсіресе феодализм дәуірінде, бытыраңқылық заманында. Алайда, христиан, мұсылман діндерінің дамуымен бірге, мінажат етушілердің саны әлдеқайда көбейді: христиандар Иерусалимге мінажат ету үшін, мұсылмандар Меккеге қажылық жасау үшін сапар жасайды. Мұндай саяхаттардың жолы ұзақ болған. Сонымен бірге, мінажат етушілер жақын орналасқан монастырлер мен басқа қасиетті жерлерге де аттанған. Қарақшылардан қорғану үшін қажылыққа аттанған адамдар топтасып жүрген – бұл құбылысты қазіргі топтық діни туризмімен салыстыруға болады.

  Феодалдық бытыраңқылық пен экономикалық қатынастардың үзілуіне қарамастан, жұрттың жол жүру әрекеті мүлдем тоқтап қалған жоқ. Сапарға мінажат етушілермен қатар саудагерлер де (оларды қонақ деп атаған) аттанған. Антикалық дәуірдегідей, бай адамдар шипа суларға емдік-сауықтыру мақсатында баруын тоқтатпаған (келешекте бұл рекреациялық-бальнеологиялық туризмге айналды). Жол жүрген адамдар қонақ жайларында, қонақ үйлерінде, оның ішінде монастырлық қонақ үйлерінде пана тапқан. Кейде қонақ үйлердің, әсіресе кішігірім қонақ үйлердің (кейбір жағдайларда құры жай пәтер немесе меншікті үйлердегі бөлмелер) иелері өз клиенттердің істерінде делдал ретінде қатысатын. Шығыс елдерінде қонақ үйлер керуен сарай деп аталған. Жалпы айтқанда, қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасы өте төмен деңгейде болған. Ал тамақтану қамын қонақтардың өздері ойластыруға мәжбүр болатын.

  Аймақаралық, еларалық, тіпті континентаралық байланыстардың жаңа кеңею кезеңі Қайта өркендеу, Ұлы географиялық ашулар дәуірінен басталады. Дегенмен, бұл кездегі саяхатшылар көптеген ауыртпалықтарға ұшырайтын. Сондықтан осы дәуірдегі туризмнің дамуы туралы әңгіме түртуге, әрине,  болмайды. Біздің қазіргі түсінігіміздегі туристер жоқ болған десек қателеспейміз.

  Қорыта айтса, туризм аясындағы нағыз қопарылыс тек Орта ғасырлар соңы мен ерте жаңа дәуірде басталды деуге болады.

  Туризм тарихын дәуірлерге бөлу мақсаты – оның дамуындағы біркелкі кезеңдерін анықтау. Туризм дамуы төрт кезеңге бөлінеді: ХІХ ғасырға дейін – бастапқы кезең; ХІХ ғасырдың басы – ХХ ғасырдың басы – дегдарлар (элиталық) туризмі, туристік арнайы қызмет көрсету кәсіпорындарының қалыптасуы; ХХ ғасырдың басы – Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін – әлеуметтік туризмнің қалыптасуы; Екінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі күнге дейін – бұқаралық туризм, туристік индустрияның туризмге арналған тауарлар мен қызметтерді өндіретін салааралық кешен ретінде қалыптасуы².

  Бастапқы кезең туризм дамуының ХІХ ғасырға дейінгі уақытын қамтиды. Бұған туризм дамуының мынадай сатылары кіреді: антикалық туризм, саяхат жасау түрткілері – білім алу, мінажат ету, емделу, спорттық жарыстар; Орта ғасырлар туризмі, саяхат түрткілері – діни туризм, білім алу, ақсүйектік қатынастар; жаңа дәуір туризмі, бұл кезде демалыс сипаттары өнеркәсіп революциясына байланысты болған: жұмыс уақыты өскеніне орай жұмысшылар мен қызметкерлердің рекреациялық қажеттігі мәселесін шешу керек болды.

  География ғылымдары туристік проблемаларды уақыт аспектісімен бірге кеңістікте орналасу қырынан да қарастыруға мүдделі. Ең алдымен бұл ХІХ ғасырдың басынан басталған кезеңіне қатынасы бар: осыдан бері туристік миграциялар курорттық аудандар мен демалыс орындарының дамуына, туристік қасиеттері бар аумақтардың ландшафтарына зор ықпал жасап келуде.

_________

1. 1298 жылы Марко Поло саяхаттары туралы пизалық Рустичаноға әңгімелеген (Жюль Верн. История великих путешествий – М.: Альфа-книга, 2008. – 772 с.).

2. Зорин И.В., Квартальнов В.А. Энциклопедия туризма – М., 2000








. География ғылымының «атасы» - .....

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель

2. Жер бетінің қандай бөлігін «Ойкумена» деп атайды ?

А. Адам игермеген аудандар 
Б. Адам қоныстанған аудандар 
В. Адам зерттемеген аудандар 
Д. Адам аяқ баспаған жер 
Г. Адамға белгісіз аудандар

3. Географияның ғылыми негізін қалаған оқымыстылар...

А. Римнен В. ГерманияданД. Үндістаннан 
Б. ГрекияданГ. Қытайдан

4. Каспийдың шығысындағы сақтар туралы мәлімет қалдырған- ....

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель

5. «Жер – шар тәріздес» деген математик

А. МеркаторВ. Аль-ФарабиД. Геродот 
Б. АристотельГ. Пифагор

6. Ай мен күн тұтылу себебін дәлелдеген - ....

А. МеркаторВ. Аль-ФарабиД. Геродот 
Б. АристотельГ. Пифагор

7. Ендікті – бойлықты өлшеп, карта жасаған ғалым - .....

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель

8. «География» ұғымын ғылымға енгізген

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель

9. «География» атты 17 кітап жазған ғалым - ....

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель

10. Үнді мұхиты арқылы, Зонд аралдарына жүзіп барған халық - ...

А. ИспандықтарВ. ГректерД. Финикиилықтар 
Б. Португалдықтар Г. Арабтар

11. ІХ – ХІ ғ-да Гренландия, Исландия аралдарына, Солт. Америкаға жеткен халық - ....

А. Викингтер В. Испандар Д. Итальяндықтар 
Б. КельттарГ. Немістер

12. Үндістанға, Қытайға саяхат жасаған италиян (венециялық) - ....

А. КолумбВ. Марко Поло Д. Тасман 
Б. Васко да Гама Г. Карпини

13. Орта Азияға саяхат жасаған еуропалықтар - ....

А. Колумб пен Васко да ГамаВ. Тасман мен Марко Поло 
Б. Марко Поло мен КарпиниГ. Карпини мен Рубрук 
Д. Колумб пен Рубрук

14. «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбектің авторы.... 

А. Пржевальский Б. Марко Поло 
В. А. НикитинГ.Карпини 
Д. Семёнов Тянь- Шаньский

15. Үндістанға барған орыс саяхатшы - ....

А. Пржевальский Б. Марко Поло 
В. А. НикитинГ. Карпини 
Д. Семёнов Тянь- Шаньский

16. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі

А. X-XVВ. XV-XVIII Д. XIX-XX 
Б. V-X Г.XX-XXI

17. Халықаралықгеофизикалық жыл - ....

А. 1957-1958 В. 1950-1957 Д. 1989-2000 
Б. 1960-1965Г. 1990-1995

18. Колумб Американы ашқан жыл - ....

А. 1556 В. 1660Д. 1480 
Б. 1492 Г. 1530

19.Вест Индия аралдары - ....

А. Цейлон мен Андаманде Б. Куба мен ЯваВ. Зонд аралдарыГ. Багам мен Кіші Антиль 
Д. Мадагаскар мен Сейшель

20. Африканы айналып, Үндістанға жол салған саяхатшы

А.Васко да ГамаБ. Марко Поло 
В. А. Никитин Г. Карпини 
Д. Семёнов Тянь- Шаньский

21. Үндістанға жол салған халық - ....

А. Викингтер Б. Португалдықтар 
В. ИспандарГ. Немістер 
Д. Италияндықтар

22. Американы жаңа дүние деп дәлелдеген саяхатшы - ....

А. Пржевальский Б. Марко Поло 
В. А. ВеспуччиГ. Карпини 
Д. Семёнов Тянь- Шаньский

23. Американы бірінші болып картаға түсірген картограф 
А. КолумбВ. МагелланД. Бехайм 
Б. Веспуччи Г. Меркатор

24. Тынық мұхитын ашқан саяхатшы - .... 
А. КолумбВ. МагелланД. Бехайм 
Б. Веспуччи Г. Меркатор

25. Ф. Магелан дәлелдеді......

А. Мұхиттардың байланыстығын, жер пішінін 
Б. Су айналымын 
В. Литосфераның қозғалуын 
Г. Климаттық белдеулердің өзгеруін 
Д. Желдердің бағытын

26. 1648 ж. Солтүстік Мұзды Мұхиты мен Тынық Мұхиты арасындағы бұғаздарды ашқан

А. Пржевальский Б. Беринг 
В. А. НикитинГ. Чириков 
Д. Семёнов Тянь- Шаньский

27. Голландықтар Австралияны қай ғасырда ашты? 
А.XVВ.XVII Д. V 
Б.X Г. XVIII

28. Австралияның оңтүстігіндегі аралын ашқан саяхатшы

А.ТасманВ. МагелланД. Бехайм 
Б. Веспуччи Г. Меркатор

29. Жаңа Зеландия аралы мен Австралияның шығыс жағалауын ашқан саяхатшы - ...

А. БеллинсгаузенВ. Крузенштерн Д. Скотт 
Б. Б. ЛазаревГ. Кук

30. Американың солт. - батысын ашқан орыс саяхатшысы

А. Дежнёв В. А. Никитин Д. Амудсен 
Б. ЧириковГ. Пржевальский

31. Дүние жүзін айналған орыс саяхатшы

А. БеллинсгаузенВ. Крузенштерн Д. Скотт 
Б. Б. ЛазаревГ. Кук

32. Антарктиданы ашқан саяхатшы

А. Ливингстон В. СтэнлиД. Беллинсгаузен 
Б. Юнкер Г. Рубрук

33. Антарктиданы ашқан жыл

А. 1927В. 1821Д. 1890 
Б. 1825 Г. 1820

34. Солтүсік полюске жеткен саяхатшы

А. АмундсенВ. Пири Д. Нансен 
Б. Скотт Г. Дежн

35. Орталық Азиядағы Тибетті зерттеген орыс ғалымы

А. ПржевальскийВ. НикитинД. Б. Лазарев 
Б. Марко Поло Г. Семёнов Тянь- Шаньский

36. Оңтүсік Америка мен Азияның табиғатын зерттеген

А. Юнкер В. СеверцовД. Левшин 
Б. Мушкетов Г. Гумбольдт

37. Африканың табиғатын зерттеген - ....

А. Ливнигстон В. Миклухо-Маклай Д. Пржевальский 
Б. ЛевшинГ. Потанин

38. Жаңа Гвинея халқын зерттеген ғалым - ... 

А. Ливнигстон В. Миклухо-МаклайД. Пржевальский 
Б. Левшин Г. Потанин

39. Ұлы саяхатшының атымен аталған бұғаз

А. Гибралтар В. ПанамаД. Магеллан 
Б. Малакка Г. Каттегатт

40. Қай мемлекеттің жағалауынан ұлы саяхатшылар шыққан?

А. Норвегия, ШвецияВ. Үндістан, Қытай Д. Ресей 
Б. Испания, ПортугалияГ. Греция, Турция

41.ЕуропалықтарданТынық мұхитына бірінші жол салған саяхатшы - .....

А. КолумбВ. МагелланД. Бехайм 
Б. Веспуччи Г. Меркатор

42. Магеллан дүние жүзін айналу саяхатында қай мұхитта үш ай бойы жүзді? 

А. Үнді мұхитындаБ. Тынық мұхитында 
В. Атлант мұхитындаГ. Жерорта теңізінде 
Д. Араб теңізінде

43. Қай жыл ішінде адамы бар батискаф Мариан науасының түбіне дейін түсіп, оның тереңдігін анықтады?

А. 1910 В.1987 Д. 1891 
Б. 1960Г. 1965

44. Құрлық дрейфінің ғылыми болжамын жасаған авторды көрсетіңіз

А. М. Ломоносов Б. Ч. Дрейк 
В. И. Ньютон Г.Архимед Д. А. Вегенер

45. Тынық мұхитты үш рет жүзіп өткен ағылшын теңіз жүзушісі кім

А. Васко да ГамаБ. Джеймс Кук 
В. Тур Хейердал Г. Бартоломеу Диаш 
Е. Абел Янсзон Тасман

46. Географиялық зоналылық ілімінің негізін салған ғалым

А. Л. С. Берг Б. Г. Д Рихтер 
В. Н Н. Пржевальский Г.В. В. Докучаев 
Д.Б. Б. Полынов

47. Жаңа Зеландия аралын кімдер ашы?

А.Д. Кук пенА .ТасманБ. Атласов пен Скотт 
В.Р. Скотт пенД. Кук Г. Н. Н. Миклухо-Маклай 
Д.С. Макаров пен Ф. П. Литке

48.Мұхиттық аралдарда қандай елді «үш рет ашылған ел»деп атайды?

А. АвстралияБ. Жаңа Зеландия 
В. Жаңа ГвинеяГ. Полинези Д. Филиппн

49. Антарктиданы тұңғыш ашқан саяхатшылар

А. Белинсгаузен мен Лазарев Б. Амундсен мен Скотт 
В. Кук пен ТасманГ. Скотт пен Кук 
Д. Макаров пен Литке

50. Х. Колумбтың саяхаты нәтижесінде Американың бөліктері қай елдің отарына айналды?

А. ИспанияныңБ. Португалияның 
В. ФранцияныңВ. ГолландяныңД. Ағылшындардың

51. Австралияның ашылуы қай ғасырдан басталды?

А. XV-XVI Б. XVI-XVII 
В. XVII-XVIIIГ. XVIII-XIXД. XIX-XX

52. Австралиядағы қандай географиялық обьект голландиялық теңіз жүзушісі Абель Тасманның құрметіне аталды?

А. ҚұрлықБ. Өзен 
В. ТауларГ. Көл Д. Арал

53. Австралияның жеке материк екендігі қай теңіз жүзушінің зерттеуінен кейін дәлелденді?

А. Тасман Б. Торрес 
В. Кук Г. Крузенштерн Д. Беллинсгаузен

54. Солт. Американың солт.-шығыс жағалауын кім бірінші болып ашты?

А. КолумбБ. Амундсен 
В. Беринг Г. ЧириковД. Кабот

55. Еуропалық теңіз жүзушілерден кім бірінші болып Оңт. Американы айналып жүзіп өтті?

А. Магеллан Б. Колумб 
В. Кук Г. Васко да Гама Д. Гумбольдт

56. ХІХ ғ-да Оңт. және Орт. Африканы алғашқылардың бірі болып зерттеген Еуропалық ғалым

А. Гумбольдт Б. Ливингстон 
В. Юнкер Г. Докучаев Д. Вавилов

57. Оңтүстік полюске кім бірінші болып жетті?

А. Амундсен Б. Беллинсгаузен 
В. СкоттГ. НансенД. Кусто

58. «Каспий теңізінен шығысқа қарай шексіз жазық даласы орналасқан» деп кім айтты?

А. Геродот В. Эратосфен Д. Страбон 
Б. Птолемей Г. Аристотель 
59. Қазақстанның шөл, шөлейтін сипаттаған саяхатшылар

А. Карпини мен МагелланБ. Колумб пен Кук 
В. Васко да Гама, Гумбольдт Г. Карпини мен Рубрук 
Д. Рубрук пен Колумб

60. Алакөл мен Балхаш көлдері туралы алғаш мәліметтерді алып келген саяхатшылар

А. Карпини мен Рубрук Б. Рубрук пен Колумб 
В. Гумбольдт пен КарпиниГ. Гумбольдт пен Юнкер 
Д. Магеллан мен Юнкер

61. Орта Азияға саяхат жасағап, көшпенділердің тұрақтарын белгілеген ағылшындық

А. РубрукБ. Колумб 
В. Дженкинсон Г. Карпини 
Д. Гумбольдт

62. «Сборник летописей» кітабын жазған кім?

А. Қ. ДжалаириБ. М. Қашғари Д. Ш. Уалиханов 
В. Аль-ФарабиГ. Қ. Сәтпаев

63. ХVІІ ғ-да шыққан «Чертежная книга Сибири» кітабының авторы

А. ЛевшинБ. Ремезов Д. Ш Уалиханов 
В. Рычков Г. Джалаири

64. Қазақстан географиясы туралы алғашқы еңбек «Топография Оренбургская» кітабының авторы 
А. ЛевшинБ. Ремезов Д. Ш Уалиханов 
В. Рычков Г. Джалаири

65. 1832 жылы қазақ жеріне алғаш рет толық географиялық сипаттама берілген « Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» кітабының авторы

А. ЛевшинБ. Ремезов Д. Ш Уалиханов 
В. Рычков Г. Джалаири

66. Тянь-Шаньді алғаш зерттеген еуропалық ғалымбардың бірі

А. П. П. Семенов 
Б.

67. Неміс ғалымдарының Тянь-Шань таулары жанартаулардан қрылғандығы туралы тұжырымын жоққа шығарып, бұл тау құрылысына толық ғылыми сипаттама берген ғалым

А. П. П. Семенов 
Б.

68. Тянь-Шань ауларына тән белдеу

А. Биік Б. Төмен 
В. Орташа Г.

69. Географияда экологиялық бағытты ашқан ғалым

А. Северцев Б. Семенов-Тянь-Шанский 
В. Колумб Г. МагелланД. Рубрук

70. Тянь-Шань және Жоңғар Алатауының геологиялық құрылымын зерттеген ғалым

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов

71. Тянь-Шань тауының алғаш геологиялық картасын жасаған ғалым

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов 

72. 1887 жылы Верныйда (Алматыда) өткен қатты жерсілкінісінің себептері туралы бағалы деректер жинаған ғалым

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов

73. Жетісу табиғатына ғылыми сипаттама беріп, Балхаш және Алакөлдің құрылу заңдылықтарын ұсынған ғалым

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов

74. Сирек кездесетін қызыл қасқырға сипаттама берген

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов

75.Арал теңізін толық зерттеп, 1908 жылы «Аральское море» кітабын жазған ғалым

А. БергВ. Левшин Д. Джалаири 
Б. МушкетовГ. Рычков 
76. Қазақстан территориясын ландшафттық зоналар мен облыстарға бөлген ғалым

А. НеуструевВ. Берг Д. Джалаири 
Б. МушкетовГ. Краснов

77. Қазақстанның жер бедерін зерттеген ғалым

А. НеуструевВ. Берг Д. Рычков 
Б.Краснов Г. Борщов

78. Флораны зерттеп, табиғи жағдайларды зоналарға бөлген ғалым

А. НеуструевВ. Берг Д. Борщов 
Б.Краснов Г. Рычков

79. Өсімдіктердің көбеюіне заманауи географиялық жағдайлардың әсеріне ғылым түсініктеме берген ғалым

А. НеуструевВ. Берг Д. Рычков 
Б.Краснов Г. Борщов

80. Қазақстандық алғашқы гидрометеоролдық басарма құрылған жыл

А. 1933 Б. 1988Д. 1990 
В. 1956 Г. 1992

81. Орталық Қазақстанды зерттеп, Жезқазғандағы кен рудасын ашуға мүмкіндік берген ғалым

А. Борщов В.СәтпаевД. Рычков 
Б.Краснов Г. Уалиханов

82. Қазақстанның жер бедерін зерттеген ғалым

А. Северцев Б. УалихановД. Сәтпаев 
В. МушкетовГ. Герасимов

83. 1939 ылы құрылған арнайы географиялық сектордың басқарушысы

А. БаранскийБ. Уалиханов Д. Сәтпаев 
В. Берг Г. Борщов

84. Қазақстанның Ғылым Академиясының құрылған жылы

А. 1945 Б. 1950Д. 1951 
В. 1946 Г. 1949

85. «Қазақстан» монографиясы құрылған жыл

А. 1945 Б. 1950Д. 1951 
В. 1946 Г. 1949




































Сыныбы: 5 сынып 
Сабақтың тақырыбы: әлем саяхатшылары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Дүние жүзін шарлаған, география ғылымын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Сұрақ-жауап.
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Экономикалық география нені зерттейді?
4. География ғылымының адам тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. 
1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.
2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.
Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.
Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.
Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.
Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.
1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.
1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.
ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.
ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.
1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.
1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.
1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжайды. 

































Сынып:10 а 15.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы
Сабақтың әдісі: Глоссаий. Блиц- сұраныс. Талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр.

Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
қабылданды.
Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.
Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

№1 Глоссарий «Тәртіп орнат»
1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

№ 2 Байқау
«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2. Құқықтың қандай түрлері бар?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? - Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

№ 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;

№ 4. Талқылау
«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

№ 5. Конституцияңды білесің бе?
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? - Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні

№ 6. Жұмбақ
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)

Қорытынды
- «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?
- Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?

"Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уалиханов.

Тақырыбы / Тема

Қазақтың ғұлама ғалымы Ш.Ш.Уалиханов. Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі

Мақсаты / Цель

Мақсаттары: 

Білімділік. Қ.И.Сатпаевтың, Ш.Уалихановтың Қазақ жерін зерттеуге қосқан үлесі туралы білім беру.

Дамытушылық.  Өз  туған өлкемізді зерттеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері мен зерттеу жұмыстарын қарастыра отырып, Қазақстанның зерттелу тарихы туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Құралдар / оборудование

Қазақстанның физикалық картасы, атлас карта, кескін карта, интернет материалдары, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың түрі / тип урока

Аралас сабақ

 

Сабақтың кезендері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту формалары

Оқыту әдістері

Ұйымдастыру

5

Жоқ оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына назар аудару.

Тренинг  ұйымдастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу

Оқу құралдарын түгелдеп, тренинг «Суреттер» арқылы топқа бөліну.

Топтық

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Оқушылар сыни ойлана отырып, сұраққа жауап береді.

Жеке

Диалог арқылы оқыту

Түсіну

Жаңа сабақты түсіндіру

15

 Бүгін сабағымызда Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы тақырыбын оқуды жалғастырамыз. Сіздерге бейнеролик көруге ұсынамын.

Ой қозғау

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін, ассоциация  әдісін пайдалану. Уәлиханов дегенде сендерде қандай ойлар туындайды.

 

1 топ. Ш.Уәлихановтың саяхаты. Карта сызу

2 топ. Ш.Уәлиханов –географ. Дәлелдеу.

3 топ. Қазақстанның табиғатын  зерттеуге үлес қосқан ғалымдар.  Кеске сызу.Картадан көрсету.

4 топ. Қ.Сәтпаевтың Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі.  

Бақылаудағы А оқушы Иманбек- Шоқанның, Сатпаевтың еңбектерің тізіп жаз.

Осы оқушыға арналған табыс критерийлері

Тапсырманы, орындайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың 30% орындайды.

Бақылаудағы В оқушы Бақыт – кескін карта толтыру. Тапсырма: Семенов-Тянь-шанский, Северцов,Мушкетов, Краснов,Берг зерттеген Қазақстан  аумақтарын  кескін картаға түсір.80% орындауы мұмкін.

Бақылаудағы С оқушы

Ұлан –спикер. Талап 100%.

 

Топта бағалау










































































Оқушылар топ бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, флипчартқа тұсіреді, қорғайды

Топтық

 

Бекіту

12

Ойын.

Қазақстан ғылым академиясын тұңғыш президенті.

Қ.Сәтпаев

К.Сәтпаев ашқан кен орындары.

Қарсақпай,Жезді, Қияқты.

Академик К.Сәтпаевтың зерттеген Қазақстан аумағы.

Орталық Қазақстан

Іле Алатауы мен Жоңғар

Алатауын зерттеген ғалым.

білуге ғана емес, олардың әлеуметтік әдет-ғұрпына, салтына, тіліне қөне аныздарына да қызыға зер салды.

Шоқанның еңбектері.

Жоңғария очерктері

Алтыншар туралы

Қай жылы Шоқан орыс географиялық қоғамнын толық мүшесі болып саналды.

1857 жылы.

Қай жылы Сәтпаев Қазақ ҚССР Ғылым Академиясының алғаш президенті болған.

1946

Уәлиханов зерттеген аумақтарды атаңдар.

Жетісу, Ыстыққөл,

Тянь-Шань, Жоңғар, Кашғар, Шығыс Түркістан.

Сәтпаев зерттеген аумақтарын атаңдар жіне картадан көрсетіп қойындар.

Сарыарқа, Кенді Алтай, Жезқазған-Ұлытау

Сұрақтарға жауап береді

Топтық

Сыни тұрғыдан ойлау

Бағалау

5

Оқушылардың бағаларын журналға қою.

Иманбек «4»

Бақыт «3»

Ұлан «5»

 

 Оқушылардың өзін-өзі бағалау

 

 

Оқыту үшін бағаланады

Кері байланыс

2

Кері байланыс парағы

«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,

*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік,

*Рахаттану.

 

 

 

Үйге тапсырма беру

2

параграф 8,9 кескін карта толтыру

 

 

 

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жас саяхатшылар » факультативі

Автор: Кощегулова Надира Артемовна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства