Просмотр содержимого документа
«Т?ра?ты дамуды? ?леуметтік- экологиялы? м?селелері »
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты дамудың әлеуметтік- экологиялық мәселелері.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен
және адамның экологиялық мәселелерімен танысу. Әлеуметтік дағдарыс және тұрақты даму, халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі, экологиялық салдары, әскери-өндірістік кешен туралы білім беру.
Ә) дамытушылық : Әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдана отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін, зерттеу қабілеттерін дамыту.
8. Қара қолтырауын ұшып бара жатыр еді, оған қызыл қолтырауын қосылды, қайсысы тез ұшады?-
9. Саябақта екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр, саябақта неше адам жүр?10.Үндемей оқитын не нәрсе?
3.Үй тапсырмасын сұрау- 15 минут. «Өрмекші торы» әдісі.
Шарты: Оқушылар шеңбер тәріздес болып тұрып өткен тақырып бойынша мәлімет айтады, мәлімет айтқан адам келесі оқушыға бума жіпті ұзатады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің ұясына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады.
Ескерту: оқушы бірінің айтқан мәліметін қайталамау керек.
Мен өзімді танимын ба?....
Әке мен қызы әңгімелесіп отырғанда, қызы өмірінде көп қиналып жүргенін және қиыншылықты қалай жеңуді білмейтінін айтып, әкесіне мұңын шертеді. Әкесі тыңдап болып: «Жүр қызым, саған бір нәрсе көрсетейін», – деп асүйге апарады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Газ пешіне бірдей көлемде үш ыдыс қойып, үшеуіне де бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің де астына бірдей мөлшерде от жағады. Бірінші ыдысқа сәбіз, екінші ыдысқа жұмыртқа, үшіншісіне бір уыс кофе дәнін салады. Үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын сөндіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып, ыдысқа салады. Сосын әбден піскен жұмыртқаны екінші ыдысқа салады. Ең соңында суда еріп бабына келген кофені стақанға құяды.
Әкесі қызынан: «Не көріп тұрсың?» – деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмыртқа, кофе», – деп жауап береді. Қызының қолынан ұстап, үстелдің жанына жақынырақ апарады. Әке, мұны не үшін көрсетіп жатырсыз?» – деп сұрайды. Әкесі: «Бәрі бірдей көлемдегі ыдыста, бірдей температурада, бірдей уақытта қайнады. Бірақ әрқайсысы әртүрлі сипатқа ие болды.
Піскен сәбізге қарағанда шикі сәбіз қатты еді, суда қайнап, жұмсарды. Екі жұмыртқа сырттай ұқсас, піскен жұмыртқамен салыстырғанда, шикі жұмыртқа тез сынғыш, тисең жарылып кететін еді, бірақ қайнағаннан кейін қатайды. Ал кофе дәні бастапқыда қатты, бір-біріне ұқсайтын еді, қайнағаннан кейін еріп, суға араласып кетті. Бөлмеге хош иіс дәм таратып, суды дәмді кофеге айналдырды. Қызым сен осылардың қайсысысың?» – деп сұрады. «Қиыншылықтарға тап болған кезіңде қалай қарсы аласың, қалай жеңесің? Сен сәбізсің бе, жұмыртқасың ба әлде кофесің бе?»
Сен ше, қадірлі дос? Мықты болып, қиындыққа тап болғанда жұмсарып, әлсіреп қалатын сәбіз сияқтысың ба? Әлде жұмыртқа сияқты сынып кететін жұмсақ болып, қиындыққа тап болғанда күшейіп, бекем боласың ба? Әлде кофе сияқтысың ма? Кофе ыстық судың өзін өзгертіп, оны дәмді кофеге айналдырды. Кофе дәні сияқты болсаңдар, қандай қиыншылық болса да, оларды жақсы жағына айналдыра аласыңдар. Өздеріңді және айналаны жақсарту үшін әрекет жасайсыңдар. Осылардың қайсысы болғыларың келеді? Шешім қабылдаңдар! (www.http.balalaralemi.kz).
3. Жаңа сабақты түсіндіру 40 минут
Тұрақты дамудың әлеуметтік –экологиялық мәселелерілері бойынша негізгі түсініктері :
Әлеуметтік экологиялық мәселе, демографиялық жағдай, урбанизация, демографиялы жарылыс,
генофонд.
Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азялық елдер –Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.
Демографиялық өтпел бойынша халық санын кезеңдері
Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.
Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі:
1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %.
XX ғасыр басында-0,7 %.
1950 ж.-1 %.
60 ж. аяғында-2,1 %.
1970-1975 ж.-2,0 %.
1980-1985 ж.-1,7 %.
Соңғы 40-50 жылдарағы халық саны төмендеген елдер
Демографиялық жағдайға адамның қала экологиялық ортасында өмір сүруі де жатады. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жинақталады.
Планетадағы халықтың жартысы қалада шоғырланған. Бірақ урбанизация процесі тек қана қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан.
Қала халқының санының өсуімен қатар оның территориясының өсуі ұлғаймалы урбанизация деп аталады. Көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Үлкен қалалар –күрделі әлеуметтік-экономикалық ағзаиялық ортада демалғанды қалайды.
Дүниежүзілік азық-түлік мәселесін шешу жолдары
Азық-түлік қауіпсіздігі – кез-келген елдің өз халқын сапалы, бағасы сай азық-түлік қорымен қамтамасыз ету қабілетінің көрсеткіші; әрі билік легитимділігі мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігін де анықтай алады.
Кейбір деректер бойынша, елде соңғы уақытта азық-түлік өнімінің тек бір түрі – ұнның бағасы 80 пайызға дейін қымбаттаған. Ал орта деңгейлі тәжік отбасындағы күнделікті тұтынатын тағамдардың 60 пайызы – ұннан жасалатын өнімдер.
Қазір Тәжікстанның өзінде өндірілетін азық-түлік өнімдері халық
Тәжіктің ұлттық тағамы. 16 қараша 2010 жыл.
сұранысының тек 70 пайызын ғана өтей алады. Үкімет бидай бағасын 15 пайызға арзандату және нарықтағы бидай бағасы саясатының қалай қалыптасатынын зерттеу үшін стратегиялық қордағы бидайды пайдалануға көшті.
Елдің өзінде жоқ азық-түлік түрлерін импорттап, ауыл шаруашылығын дамыту үшін өңделмеген жерлерді (50 мың гектар бос жатқан жер бар) пайдалану саясатының тиімділігіне кейбір сарапшылар күмәнмен қарайды.
Энергетикалық дағдарыс
Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді.
Энергетикалық қатер
Энергетикалық қатер сипаты қазіргі күнде көмірсутегі шикізатының сарқылып бара жатқандығымен де сараланып отырған жоқ. Экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін көрсетті. Дүниені тұралатқан 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыстың астарында мұнай проблемасының тұрғанын ғалымдар ашық айтып отыр. Шикізат рыногындағы сыбайластық 2007 жылы 55 долларға бағаланған Brent маркалы мұнай бағасын бір жыл ішінде үш есе көтеріп, 2008 жылдың шілде айында 148 долларға жеткізді. Әлемдік экономика қаншама тұрақтануға тырысқанымен жең ұшынан жалғасқан сыбайластықпен көтерілген бұл баға 125 доллардан төмен түспей қойды.
Бастық орындық әдісі
Шарты: топтан бір студент шығып ортаға орындыққа отырады, отырғандар 1 сұрақтан дайындап, сұрақ қояды.
Сабақты бекіту: 15 минут
Бақылау сұрақтар:
1.Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелер қандай?
2.Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?
3.Адамның тіршілік ортасының компоненттері қандай?
4.Адам қажеттіліктері қандай?
5.Халық санының өсу мәселесін сипаттаңыз.
6.Қандай зат алмасу әлеуметтік деп аталады?
Білім қымбат, білу қиын (тақырып бойынша тапсырмалар, талдау жұмыстары)
«»
Орманның негізгі экологиялық атқаратын қызметі
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысал келтір?
Елімізде неше қорық бар?
Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге бай, қай жерде шоғырланған?
Дүние жүзінде жан – жануарлардың қанша түрі бар?
Елімізде барлық орман қоры?
Қазақстанның өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы қай жылы шықты?
Қазіргі кезде жер бетінде жануарларды қанша түрі тіршілік етеді?
Өсімдіктердің атқаратын қызметі?
Еліміздегі далалы аймағында өсімдіктердің қанша түрі өседі?
Сабақты қорытындылау- 5 минут
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, қорытындылап баға қою.