Просмотр содержимого документа
««Тап?ырлар тартысы» сайысы »
«Тапқырлар тартысы» сайысы
Мақсаты:
1.ХХI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру.
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Сабақ барысы:
Жүргізуші:
- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
«9» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды-дей келе сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысыңыздар.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол еңбектену, жалықпау
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.
9 сынып оқушылары -
Сайыс
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың алғашқы шарты «Капитандар сайысы»
1-ші кезең«Капитандар сайысы».
Гималай тобына
1.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5елмен)
2.Қазақстан Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)
3.Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш.Уәлиханов)
4.Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
5.Қ.Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)
Тянь-Шань тобына
1.Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)
2.Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)
3.Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)
4.Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды?(қара топырақ)
5.Қ.Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш.Уәлихан,Ж.Мәлібек)
2-ші кезеңде «Дұрыс-бұрыс» білім минуты
Гималай тобына
-Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы Фернан Магеллан – дұрыс
-Шардара Сырдария өзеніндегі су қоймасы-дұрыс
-Ватикан мемлекеті Римде орналасқан - дұрыс
-Қазақстан солтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен шектеседі-бұрыс
-Латвия, Литва, Эстония Балтық теңізі маңы елдері-дұрыс
Тянь-Шань тобына
-“Тайота” автомобилін шығаратын ел Германия – бұрыс
-Мекке мен Медина Египетте орналасқан-бұрыс
-Қазақстанның ең төмен нүктесі Қарақия ойысы-дұрыс
-Қазақстан шығысында Түрікменстанмен шектеседі-бұрыс
-Қазақстанның ең биік нүктесі Ақсораң-бұрыс
3-ші кезеңде «ЕҢ,ең,ең...» ойыны
Гималай тобына
1.Дүние жүзіндегі ең үлкен материк -Еуразия
2.Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл- Сахара
3.Дүние жүзіндегі ең биік шың- Джомалунгма
4.Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек- Арабия
5.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама- Анхель
6.Дүние жүзіндегі ең үлкен арал -Гренландия
7.Дүние жүзіндегі ең ылғалды материк- Оңтүстік Америка
Тянь-Шань тобына
1.Дүние жүзіндегі ең ұзын тау-Анд
2.Дүние жүзіндегі ең кіші материк- Аустралия
3.Дүние жүзіндегі ең терең көл-Байкал
4.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл
5.Дүние жүзіндегі ең биік тау-Гималай
6.Дүние жүзіндегі ең халқы көп ел -Қытай
7.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма-Мариана
4-ші кезеңде «Ғажайып төрттік»
1.Бұл Азияның жетекші мемлекеттерінің бірі. Жер аумағы бойынша дүние
жүзінде 3 орын алатын ел. Экономикасының негізі – өнеркәсіп. Елде Аньшань, Бэньси металлургия кәсіпорындары бар.
Сұрақ: Қай мемлекет туралы айтылып отыр.
Жауабы:Қытай
2.Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300-500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды.Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар.
Сұрақ: Осы жерді ата?
Жауабы: (Көкшетау)
3.Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында, литафералық тақталардыңтүйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады.
Сұрақ: Бұл қай теңіз?
Жауабы: Қызыл теңіз.
4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізгі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқаралар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады.
Сұрақ: Бұл қандай өлке?
Жауабы: Сарыарқа.
6-ші кезеңде «Астаналар сайысы»
Гималай тобына Тянь-Шань тобына
1.Украина- Киев .Еуропа Беларусь-Минск.Еуропа
2.Молдова- Кишинев. Еуропа Норвегия-Осло.Еуропа
3.Чехия-Прага .Еуропа Дания-Копенгаген.Еуропа
4.Канада-Оттава .Солтүстік Америка Мексика-Мехико.Латын Амери.
5.Перу-Лима. Оңтүстік Америка Парагвай-Асунсьон.Оңтүс.А.
6.Эквадор- Кито.Оңтүстік Америка Уругвай-Монтеведио. Оңтүс.А
7.Өзбекстан-Ташкент .Азия Египет-Кипр.Африка
8.Әзербайжан-Баку.Азия Қырғызстан-Бішкек.Азия
7-ші кезең «Жас картограф» (географиялық нысандарды тап)
Қызыл түс
Гималай тобына - Жасыл түс-
Тянь- Шань тобына
1-АҚШ 1-Аустралия
2-Гренландия 2-Бразилия
3-Үндістан 3-Арабия
4-Ұлыбритания 4-Мадагаскар
5-Үнді мұхиты 5-Тынық мұхиты
8-ші кезеңде «Ойлы болсаң тауып көр»
(қызықты сұрақтар)
1.Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)
2.Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)
3.Италияның самсасы ол жейтұғын, Францияның курорты болды тамаша дейтұғын (пицца-Ницца)
4.Қандай өзен А-дан Я-ға дейін ағады (Амудария)
5.Ең ашулы қандай қала? (Грозный)
6.Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)
7.Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
8.Қандай өзеннің атынан музыкалық нотаны табуға болады? (Миссисипи)
9-шы кезең .Қорытындылау
Жүргізуші:
Болашақтың іргесін қалайтын ,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.
Жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.