kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Таби?атты аялайы? "

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?лем,  балалар!  Мен – жал?ыз, эрі  к??ілсіз  жер  планетасымын.  Мен  м?нан  миллиардта?ан  жыл  б?рын  пайда  бол?анмын. Б?рын  адамдар  ма?ан  ба?ынатын  еді,  ал  ?азір  олар  мені?  бар  екенімді  де ?мытты.Олар  мені?  байлы?тарымды  тонауда,  ??ыпсыз  пайдалануда.  Осыны?  н?тижесінде  ?здерін  де  т?йы??а тіреп  апат?а  ?шыратып  отыр.Егер  енді  мені  ты?дап,с?зіме  ??ла?  аспаса - мен  оларды?  ?здерін  таби?и  апаттар?а  ?шыратып, н?серіммен,  дауылыммен,  тас?ын,  жер  сілкіну,  жанартау  ат?ылау  ар?ылы    жо?  ?ылып  жіберемін.»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Таби?атты аялайы? "»





Экогиялык ертенгiлiк: «Табиғатты аяла!» ( 5 – 6-сыныптар ушiн)

ЖАБДЫҒЫ: КІТАП КӨРМЕСІ, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ,СЛАЙДТАР.

МАҚСАТЫ: а)БІЛІМДІК:-ОҚУШЫЛАРҒА ТАБИҒАТ СҰЛУЛЫҒЫ,БАЙЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГҒМЕЛЕСУ АРҚЫЛЫ ОЙ ҚОЗҒАУ, ОЙ САЛУ.

Ә)ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ОҚУШЫЛАРҒА ТАБИҒАТ АЛДЫНДАҒЫ ӨЗ МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРУ. б)ТӘРБИЕЛІК: ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ, ҚОРҒАУҒА, ОНЫҢ БАЙЛЫҚТАРЫН МОЛАЙТУҒА ТӘРБИЕЛЕУ.

ЖОСПАРЫ:

1.«Табиғат – шексіз байлығымыз»

2.«Адамзат және табиғат»

3.Викториналық бөлім:« Мыйға шабуыл», «Білім ағашы»

4. Монолог- «Жердің шері»

5.Қорытынды.

Оқушылар - «Табиғат», «Адам», «Қорғаушы» болып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа А-3 парағы беріледі, топпен келісіп оқушылар тірі табиғатқа қатысты суреттер салады.Мысалы:1-топ-АҒАШ, 2-топ- ГҮЛ, 3-топ – БАЛЫҚ суреттерін салады.Әр топтан 1оқушы шығып, салған суреттерін қорғайды, мысалы: «Табиғат, бұл – гүл, бақтар, орман-тоғайлар, бидай алқаптары мен жасыл шалғындар». Біздің топ –« АҒАШ суретін салдық,себебі: жасыл жапырақтар тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығарады. Ағаштарда адам денсаулығына қажетті дәрумендерге бай жеміс-жидектер өседі.Ағаштан –тақта, бөрене сияқты құрылыс материалдары алынады.»

(Құс дауысы тыңдалады) Жүргізуші:«Қымбатты оқушылар! Сендер құстың сайрағанын, жапырақтың сыбдырын, судың сылдырын тыңдағансыңдар ма?. .Табиғаттың сұлулығын, оның ғажайып бояуларын, шексіз байлықтарын көріп қуанасыңдар. Ал, енді ойланайық: Егер осылардың бәрі жоқ болып кетсе, б1зді – адамзатты не күтіп тұрғанын білеміз бе?..»Кесте көрсетіледі:

НЕ БІЛЕМІЗ?

НЕ БІЛДІК?

БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ











«Мыйға шабуыл»:

1.Аю не жейді? (БАЛ)

2.Барыстың баласы қалай аталады? (АЛАН)

3.Қыста ұйықтайтын аң? ( АЮ)

4.Қызыл телпекті жеген аң? (ҚАСҚЫР)

5.Тұмсығы ұзын жануар? (ПІЛ)

6.Мойны ұзын жануар? ( ЖИРАФ)

7.Қасқырдың баласы? (БӨЛТІРІК)

8.Құмырсқаның іні қалай аталады? (ИЛЕУ)

9. Араның ұясы? ( КӘРЕЗ)

10.Ұша алмайтын көбелек? ( ТҰТ ЖІБЕК КӨБЕЛЕГІ)

«Білім ағашы»:

(Ағаш макетіне ілінген « жемістерді » алып, артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау.)

Жүргізуші: Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды.

Озып шыққың келсе егер-

Ортаға сал барыңды,-деп сұрақ – жауабымызды бастаймыз:

1)Шөлде құмды белуардан кешіп бір, 2)Қақпақ, қақапақтың асты- аппақ,

Бұғы мүйіз бір өсімдік өсіп тұр. Аппақтан – аппақ бөз, шешуін тапшы тез?

3) Күн күледі - жер түледі. 4)Атандай сауыры- мұхиттың алыбы.

(Жауаптары: 1-сексеуіл.2-Мақта. 3- Көктем. 4- Кит )

5)Экология деген не?

6) Адам табиғаттың бір бөлігіме?

7)Табиғат байлығы мен ресурстары шексіз бе?

8) Табиғатқа ұқыпсыз қарау қандай нәтижеге алып келеді?

9) Адамның табиғатқа қарым-қатынасы қандай болуы керек?

10)Неліктен табиғатты әлем болып қорғау керек?





Жүргізуші: Табиғат және экологиялық проблемалар туралы не білесіңдер?( Жауаптар кестеге жазылады.)

«ЖЕРДІҢ ШЕРІ»- МОНОЛОГ:

-«Сәлем, балалар! Мен – жалғыз, эрі көңілсіз жер планетасымын. Мен мұнан миллиардтаған жыл бұрын пайда болғанмын. Бұрын адамдар маған бағынатын еді, ал қазір олар менің бар екенімді де ұмытты.Олар менің байлықтарымды тонауда, ұқыпсыз пайдалануда. Осының нәтижесінде өздерін де тұйыққа тіреп апатқа ұшыратып отыр.Егер енді мені тыңдап,сөзіме құлақ аспаса - мен олардың өздерін табиғи апаттарға ұшыратып, нөсеріммен, дауылыммен, тасқын, жер сілкіну, жанартау атқылау арқылы жоқ қылып жіберемін...»

Жүргізуші: Енді сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырамыз. 1-топ – сот, 2-топ –қорғаушы, 3-топ-тергеуші; 2, 3- топ:«адам не бүлдірді, не істеуі керек,» сол туралы айтады. 1-топ-сот шешім қабылдап, хабарлайды.

Қорытынды: Қазақстан Республикасы Конститутциясының 38- бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жэне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi» - делінген. 1978-жылы «Қызыл кітап»ұйымдастырылды. Елімізде табиғат корғау қоғамы жұмыс істейді. Сондықтан да табиғатқа ұқыпты қарайық.







Рудный каласы № 19-мектептің

география пәні мұғалімі: Қалжанова. Сара. С.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Таби?атты аялайы? "

Автор: Калжанова Сара Срайловна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300586


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства