Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:презентация, шарлар
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім.
Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.
Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
