kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?ыс ?аза?стан. ЭГЖ ерекшеліктері, таби?ат жа?дайы мен ресурстары ж?не хал?ы. Шы?ыс ?аза?станны? шаруашылы? географиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Шы?ыс ?аза?стан. ЭГЖ ерекшеліктері, таби?ат жа?дайы мен ресурстары ж?не хал?ы. Шы?ыс ?аза?станны? шаруашылы? географиясы

Білімділік ма?саты – Шы?ыс ?аза?станны? экономикалы?-географиялы? жа?дайына то?талу, ?кімшілік-аума?ты? ?йымдастыруы туралы білім беру мен ауданны? таби?ат жа?дайына, ресурстарына, хал?ына ж?не е?бек ресурстарына шаруашылы?ты? ба?а беру. Халы?ты? урбандалу де?гейін аны?тау. Шы?ыс ?аза?станны? ауыл шаруашылы?ы мен ?нерк?сіп салаларын, халы??а ?ызмет ететін ж?не ?нерк?сіпті? к?мекші салаларын аны?тау, ауданны? ?алаларына сипаттама беру. Ішкі ж?не сырт?ы экономикалы? байланыстар, экологиялы? проблемалар ж?не оларды шешу жолдарына то?талу.

Дамытушылы? ма?саты – О?ушыларды? географиялы? ой-?рісін дамыту. Жалпы о?у іскерліктерін ?йрену, жалпы таби?ат туралы о?ушыларды? к?з?арастарын дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту, географиялы? ойлауын ?алыптастыру.

Т?рбиелік ма?саты – о?ушыларды е?бек?орлы??а т?рбиелеу, ?з ойларын жеткізе білуіне, ?арым-?атынас жасауды ?йрету. Балаларды ?йымшылды??а т?рбиелеу, адамгершілік ?асиеті мен географиялы? м?дениетін ?алыптастыру.

О?у ??ралдары: О?улы?, 9 сынып Атлас, ?аза?станны? ?кімшілік-айма?ты? картасы, ?аза?станны? физикалы? картасы, кескін карталар

Саба? т?рі: Аралас саба?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?ыс ?аза?стан. ЭГЖ ерекшеліктері, таби?ат жа?дайы мен ресурстары ж?не хал?ы. Шы?ыс ?аза?станны? шаруашылы? географиясы»

Сабақ: №43-44

Сыныптар: 9 А

Күні: 23.02.16 – 29.02.16

Тақырыбы: Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

Білімділік мақсаты – Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына тоқталу, әкімшілік-аумақтық ұйымдастыруы туралы білім беру мен ауданның табиғат жағдайына, ресурстарына, халқына және еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру. Халықтың урбандалу деңгейін анықтау. Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын, халыққа қызмет ететін және өнеркәсіптің көмекші салаларын анықтау, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың Тесттер тапсырмасын тексереді. Сосын оқушылардың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды тыңдайды.

Оқушылар өздерінің тесттер тапсырмасын көрсетіп, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды оқып талдайды.

ІІІ

Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады.

Шығыс Қазақстанның экономикасын Кенді Алтайдың полиметалы, қалайы-вольфрам, ванадий, алтын, көмір, сирек кездесетін металдары құрайды.

Республика шаруашылығында Шығыс Қазақстанның алатын орнын анықтай отырып, бүгінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бірден-бір аудан екендігіне мысалдар келтіреді. Мұндағы кейбір кен орындары 18ғ өзінде дами бастаған. Түсті металлургияның жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті тетік жасауда алатын орны зор. Түсті металлургия мұнда толық циклмен жұмыс істейді. Бұл экономикалық ауданда минералды ресурстардың мол қоры шоғырланған. Шығыс Қазақстанда отын ресурстары аз болғанымен, су қоры Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі СЭС-і (қуаттылығы 1350 мың кВт) және Ертіс тармақтарында орналасқан СЭС-ң тораптары жұмыс істейді. Ең ірісі – Бұқтырма су қоймасы, көлемі 550 шаршы шақырым, тереңдігі 11 м. Алтайда жер асты сулары көп. Түсті металлургия (қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек металдар) өнеркәсіптің негізгі ортасы. Олар негізінен Өскемен, Лениногор және Зырян сияқты ірі қалаларда шоғырланған. Мұнда машина жасау өнеркәсібі дамыған, олар тау қопарғыш құралдар, кондесаторлар және электр станцияларына арналған құралдар жасайды. Электр энергиясын таудан басталатын ағысы қатты өзендерден алады. Химия өнеркәсібінен күкірт қышқылын өндірсе, ауданда ағаш өңдеу (Зырян, Шемониха) ісі де қолға алынған.

Бұрынғы Семей облысы алтын өндірудің ең көне және ірі ауданы болғанына көңіл аударады.

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы республика аумағының 10,4% алып жатыр, өнеркәсіп өнімінің 10%, ауыл шаруашылығының 13% өндіреді. Халық тұтынатын тауарлармен аудан көлемін қамтамасыз етеді.

Кенді Алтай өнеркәсіп орталығынан басқа, Семей өнеркәсіп торабы – жеңіл және тамақ өнерксібі, тон және тері өнімдері, аяқ киім фабрикалары қалыптасты.

Одан кейін мұғалім балаларға ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.

Қалалардың ең ірілері – Семей, Өскемен, Риддер.

Ең алдымен балалар экономикалық ауданның құрамы деген мәліметтерді көшіріп алады. Сосын Шығыс Қазақстан ЭГЖ мен табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады. Экономикалық ауданның халқын өткен кезде халқына жоспар бойынша сипаттама береді.

1. Халық саны мен үлесі

2. Тығыздығы мен тығыз қоныстанған аймақтар

3. Урбандалу деңгейі

4. ЭБХ мен олардың құрамы

Шығыс Қазақстанның экономикасын өткенде, олар 144-суретке қара, Шығыс Қазақстан өнеркәсіп салаларының байланыс сызбасын сызады. Одан кейін өндірістегі маңызды өнім түрлерін шығарудағы Шығыс Қазақстанның үлесі деген сызбаны сызып, білімдерін бекітеді. Сонда мамандану коэффициентін анықтау формуласы арқылы Шығыс Қазақстан мырыш, қорғасын, алтын, күкірт қышқылын, цемент өндіру жөнінен маманданған және республикада бірінші орынды алып жатыр деген қорытындыға келеді. Екіңші орында – мыс жіне орман материалдар өндіріс, ал үшінші орында ет өндіру алады.

Балалар ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып, ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы (68%), оның ішінде етті-сүтті мал шаруашылығы, етті-жүнді қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, марал өсіру және омарта шаруашылығы алған қойылған. Өсімдік шаруашылығынан май шығаратын күнбағыс дақылдары, бидай, қарақұмық және көкөніс дақылдары өсіріледі.

Оқушылар Семей, Өскемен, Риддер қалалары туралы оқып, қысқаша баяндаманы дайындап, мазмұнын айтады.

ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында келесі сұрақтарды қояды:

1. Шығыс Қазақстанның ЭГЖ. Экономикасын дамытудағы басты қолайлы жағы неге негізделген?

2. Табиғат жағдайы мен ресурсына шаруашылық тұрғысынан баға беріңдер.

3. Аудандағы халықтың біркелкі орналаспау себебі неде?

4. Орталық пен Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына салыстырмалы сипаттама беріңдер. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?

Сосын келесі тапсырмаларды береді:

1. Кестені толтырыңдар.

Маманданған салалар

Қосымша салалар

Қызмет көрсету салалары





Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.

1. Шығыс Қазақстанның ЭГЖ. Экономикасын дамытудағы басты қолайлы жағын анықтайды.

2. Табиғат жағдайы мен ресурсына шаруашылық тұрғысынан баға береді.

3. Аудандағы халықтың біркелкі орналаспау себебін анықтауды.

4. Орталық пен Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына салыстырмалы сипаттама береді. Олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтайды.

Сосын келесі тапсырмаларды береді:

1. Кестені толтырады.

Маманданған салалар

Қосымша салалар

Қызмет көрсету салалары

Түсті металлургия

Электр қуаты

Химия өнеркәсібі

Орман ағаш өңдеу

Құрылыс

Машина жасау

Жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі



V

Үй жұмысы:

1. §22,23 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға Шығыс Қазақстанның шекарасын, ірі қалалар мен өнеркәсіп тораптарын түсіру.

3. «Риддер қаласының өткені мен бүгіні» немесе «Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемасы» атты баяндаманы дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Камзин Куаныш Серикбаевич

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства