«Сакралды география» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
«Сакралды география» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
Туризм және өлкетану саласындағы «Сакралды география» авторлық бағдарламасын жазудағы басты мақсат 9 сынып оқушыларының тарихи танымдарын өлке тарихындағы Қазақстанның әйгілі аймақтары туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт бағдар беру арқылы қоғамның саяси әлеуметтік, мәдени рухани ахуалын жеке аймақтар арқылы толықтыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Сакралды география» қолданбалы курсының жұмыс жоспары»
Д.Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейі
.
Уалханов Нұрсултан Бейсенбекұлы
География пәні мұғалімі
Сакралды география
(қолданбалы курс жоспары)
2020-2021 оқу жылы
«Сакралды география» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
Түсінік хат.
Туризм және өлкетану саласындағы «Сакралды география» авторлық бағдарламасын жазудағы басты мақсат 9 сынып оқушыларының тарихи танымдарын өлке тарихындағы Қазақстанның әйгілі аймақтары туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт бағдар беру арқылы қоғамның саяси әлеуметтік, мәдени рухани ахуалын жеке аймақтар арқылы толықтыру.
«Қазақстанның сакралдық белдеуі» объектілерін зерделеу және дәріптеу, олардың туристік қызмет объектілері ретінде тартымдылығын арттыру және зиярат ету, мәдени-танымдық және этнографиялық сияқты басымдық бағыттарды қоса отырып ішкі туризмді дамыту.
«Қазақстанның сакралдық белдеуі» объектілері мен туристік маршруттарды ілгерілету үшін мультмедиалық өнімдер (фильмдер, роликтер, жолнұсқалар, постерлер) көру және шығару, жетекші республикалық және өңірлік БАҚ-та, интернет-платформаларда материал іздестіру.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы заманауи биікке көтеруге септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар бес топқа жіктеледі:
Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері.
Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар.
Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар.
Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар.
Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар.
Осы бағытта «Сакралды география» қолданбалы курсы жасалды.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасына енетін Қазақстанның сакралдық объектілерін жеке сипаттама беру. Төл тарихымыз қайта жазылып, қасиетті Қазақ елінің тарихы өз халқының талабына сай қызмет ете бастады. Елімідің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа үрдістер адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған құндыылықтары мен игіліктерін қайта зерделеп, жаңаша көзқарастар мен тұжырымдарды қалыптастыруда.
Бағдарлы оқытуда оқушылардың бағдарлы пәндер бойынша білімдерін кеңейту мен тереңдету жүзеге асыру мақсатында қолданбалы курстар ерекше болып табылады.
Мақсаты: Жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, Қазақстандағы сакралдық аймақтармен, жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері: 1. Оқушылар бойына патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.
2. Туған еліне деген құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.
3. Ұлттық рухты дамыту.
4. Маңызды істерді шешуге қабілетті, іскер,жауапкершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Курс елтану, аймақтану, саясаттану, тарих сияқты мамандықты қалаған жеткіншектерге бағыт-бағдар көмек береді. Курс оқушылардың талап-тілектерін қанағаттандырып, мамандыққа баулумен қатар, олардың жалпы білім көлемін, мәдени деңгейін көтеріп, гуманитарлық даярлығын жақсартады.
Курс бағдарламасы 34 сағатқа лайықталып жасалған. Аптасына 1 рет өткізіледі.
9 сынып
«Сакралды география» қолданбалы курсының жұмыс жоспары
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Қазақстандағы тарихи-археологиялық ескерткіштер
1
Қазақ хандығының орталығы-Түркістан
1
2
Отырар(Фараб) қаласы
1
3
Алтынтөбе және Байтөбе
1
4
Арыстан баб кесенесі
1
5
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
1
6
Үкәш ата кесенесіне
1
7
Қасиетті Қазығұрт
1
8
Ғайып Ерен Қырық Шілтендер
1
9
Ақбура әулие кесенесі
1
10
Домалақ ана кесенесі, Ақмешіт үңгірі
1
11
Қарахан кесенесі
1
12
Айша бибі кесенесі
1
13
Алаша хан кесенесі
1
14
Ұлытау, Әулиетау (Ақмешіт) шыңы, Едіге шыңы, Алтын шоқы
1
15
Картамен жұмыс
1
16
Саяхат ойыны
1
17
Тест
1
Қазақстандағы туризмді дамытуға арналған аймақтар
18-19
Қорықтар
2
20-21
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
2
22
Ақсу-Жабағылы,
1
23
Қаратау қорықтары,
1
24
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
1
25
Төле би және Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты
1
26
Пікірталас сабақ: Қасқасу – Шымбұлаққа, Сарыағаш Бурабайға бәсекелес бола ала ма?
1
27
Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тауы
1
28
Шарын шатқалы
1
29
Зайсан, Марқакөл
1
30
Қазақстан тауларындағы туризм
1
31
«Туризм Оңтүстікке ту тігеді» интеллектуалды ойын
32
Картамен жұмыс
1
33
Тест
1
34
Қорытындылау
1
Барлығы
34
Пайдаланылған әдебиеттер
Садықов Т.С., Төлеубаев А.Т. Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сыныпқа арналған оқулық А., 2011;
Нысанбаев Ә., Көмекбаев Б. Ежелгі Қазақстан : Қазақстан балалар энциклопедиясы А., «Аруна» 2004;
Балаларға арналған энциклопедия Менің елім
Бейсенова Ә., Карпеков Қ., Қазақстанның физикалық географиясы, 8-сынып
Жұмаханов Т., Шаңбай Т., Жұматаев Б., Тетенко Л.И., Ежелгі Қазақстан