kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему". Италия. Экономикалы? – географиялы? жа?дайы. Таби?ат жа?дайлары мен ресурстары. Хал?ы. Сырт?ы байланыстары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен география п?ні м??алімімін. 8 жыл ж?мыс ?тілім. ІІ  санатты. 6-11 сыныптарда география  п?нінен саба? беремін. Бос уа?ытымда есесптер шы?арамын. О?ушылармен ?осымша саба?тар ?ткіземін.Дидактикалы? материалдар дайындаймын.А?паратты? м?ліметтер дайындаймын. Практикалы? ж?мыстарды дайындаймын.Мені? сайтыма кіріп ?здері?ізге керекті материалдар алыныздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему". Италия. Экономикалы? – географиялы? жа?дайы. Таби?ат жа?дайлары мен ресурстары. Хал?ы. Сырт?ы байланыстары"»

Сынып: 11
Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.

Сабақ мақсаты: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Италия, Экономикалық – географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен ресурстары, Халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы толық мағлұмат беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,
Барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақты шолу
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ұлыбританияның табиғат жағдайларының басты белгілерін атаңдар.
2. 2-суретті және оқулық мәтінін пайдаланып, Ұлыбритания халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап, оның себептерін түсіндіріңдер.
3. Ұлыбритания халқының урбандалу дәрежесіне, үлкен қала агломерацияларының пайда болуына не әсер етті?
4. Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, Ұлыбритания қалалары туралы хабарлама дайындаңдар.
5. Ұлыбритания қандай экономикалық даму кезеңдерінен өткендігін естеріңе түсіріңдер.
6. Ұлыбритания экономикасының дәстүрлі және жаңа салаларының дамуына қандай факторлар әсер етеді?
7. Қазақстанда қандай британдық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді? Францияның шаруашылық дамуына қандай факторлар әсер етеді?
8. Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымында қандай айырмашылықтар бар? Олардың себебін түсіндіріңдер.
9. Франция ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына не себепші болды?
10. Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын қандай бағытта дамытуға болады деп ойлайсыңдар? Жауаптарыңды нақтылаңдар.
11. Оқулық мәтіні мен карталарды, анықтамалық кестелерді пайдаланып, Францияның шаруашылық құрылымын Ұлыбританиямен және Германиямен салыстырыңдар.

1-кесте. Екі мемлекеттің ЭГЖ салыстыру.
Сұрақтары Франция Ұлыбритания
1. Ауданы
2. Көрші мемлекеттер
3. Халқы
4. Табиғат ресурстарына бай ма? Қандай түріне бай?
5. Экономикалық даму деңгейі қандай?
6. Қандай ұйымдарға мүше?
7. ЖІІ мөлшері қанша?
8. Жан басына шаққанда қанша?
9. Қандай шаруашылық түрі өте жоғары дамыған?
10. Ғылымды көп қажет ететін дамыған шаруашылық салалары
11. Әлемге әйгілі .... бар?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Италия
Жерінің ауданы – 301,3 мың шаршы км.
Халқы - 58 млн адам.
Астанасы – Рим .
Мемлекеттік құрылымы - парламенттік республика.
Мемлекеттік басшысы - президент.
Үкімет басшысы - премьер-министр.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - итальян тілі.
Ақша бірлігі – еуро.

ІҮ. Бекіту.
4.1.Пікірталас бұрышы. Тарих пәнінен алған және қосымша басқа да ақпарат көздерінен алған білімдеріңді пайдалана отырып, Италия мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін атаңдар.
4.2.Сұрақтар мен тапсырмалар:
§10- бойынша кесте толтыру. 1-кесте. (Оқулықты және атлас-картаны пайдалана отырып, кестені өз бетімен толтыру )

4.3. Италияның картасын кескін картаға түсіру:
1. Италияның шекарасы
2. Шектесетін мемлекеттері
3. Астанасы мен ірі қалалары
4. Әкімшілік бөліктері мен олардың орталықтары
5. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
4.4. Италия экономикалық картасын кескін картаға түсіру.
Ү. Қорытындылау. «Жедел сұрақ - жедел жауап»
1. Италия аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға беру. Жауаптарды мысалдармен толықтыру.
2. Италия жеріне қандай табиғат зоналары тән? Олардың басты ерекшеліктері қандай?
3. Италия. халқының қоныстану сипатын анықтама беру. Басты қала агломерацияларын табу.
ҮІ. Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
(оқу, мазмұндау, конспектілеу).




































Сабақтың тақырыбы: Италия , мемлекеттік құрылымы.

Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Италияның халқы, экономикалық-географиялық жағдайы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.


Болжамдап отырған нәтиже: Италиямен танысқан тұлға.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ұлыбритания мен Францияның өнеркәсібі?

2. Ұлыбритания мен Францияның ауыл шаруашылығы?

3. Ұлыбритания мен Францияның көлік жүйесі?

4. Ұлыбритания мен Францияның халқы?

5. Ұлыбритания мен Францияның экономикалық-географиялық жағдайы?

Қорытындылау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Италияның өнеркәсібін түсіндіру.



Электр энергиясы

ЖЭС-інің лесі артуда, СЭС-рі Альпіде салынған.

Машина жасау

Автомобиль саласында ең қуатты жекеменшік фирма болып есептелетін «Фиат» концерні жетекші орын алады.

Қара металлургия

Кәсіпорындары ірі порттар мен тұтыну көзіне жақын шоғырланған.

Түсті металлургия

Жергілікті шикізатқа негізделген салалары жақсы дамыған.

Химия өнеркәсібі

Сырттан әкелінетін және жергілікті шикізатқа негізделген.

Тоқыма өнерәсібі

Негізіне, мақта, жүн, жібек, зығыр, кендір, химиялық талшықтардан мата және жіп, тоқыма бұйымдары өндіріледі.


3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Италияның ауыл шаруашылығын түсіндіру.


Италияның ауыл шаруашылығы




Мал шаруашылығы

Сеңгір таулар маңында қой өсіріледі. Калгари қаласы мал шаруашылығы ауданының орталығы. Мүйізді ірі қара мен құс өсіру Ұлы көлдер маңында дамыған.

Өсімдік шаруашылығы

Басты дақылы-бидай. Одан басқа сұлы, арпа, зығыр, темекі өсіріледі. Принц Эдуард аралында жергілікті фермерлер алма, шабдалы, өрік, таңқурай, құлпынай, картоп өсіріледі.










4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Италияның көлігін түсіндіру.



Көлігі

Теміржол

Автомобиль

Теңіз көлігі

Әуе көлігі

Құбыр көлігі

Қоғам көлігі








Қорытындылау.



IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Италия .







Тақырыбы: «Білімділер» сайысы

(сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың тарих сабағынан игерген білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу

Тәрбиелік: оқушылардың тарихқа қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, слайд-презентация

Барысы:

Музыкалық номер:

Адамзат баласы пайда болғаннан қазіргі күнге дейін небір қызықты оқиғалар мен үлкенді кішілі соғыстарды басынан кешірді.Тарих - ең алдымен жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Олар әр түрлі қиындықтарға қарамастан алға жылжыды.

«Тарих » сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих»- сөзі зерттеу, оқиғалар жайлы әңгіме деген мағынаны білдіреді.

Атақты ғұлама ғалым, шығыстың екінші ұстаз атанған бабамыз Әл-Фараби «Тарихты білмей бүгінгіні, ертенгіні болжау қиын» демекші тарихымызды құрметтеп, Отанымыздың болашағына сеніммен қарайық деген сөздермен бүгінгі сайысымызды еліміздің тарихына арнап отырмыз.

Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Білімділер » сайысына қатысып отырған оқушыларымызға ел тарихының кейбір мәселелерін есте сақтап қалсын деген ниетпен , сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Ол:

1. « » тобы (9 а)

2. « » тобы (9ә)

Баға берер топтарға,

Қара қылды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1._________________________________

2._________________________________

3._________________________________

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)

2. Суреттер сөйлейді

3. Сандарды сөйлет

4. Топ жетекшілерінің сайысы

5. Картамен жұмыс

6. Теңге алу

1 кезең: «Таныстыру» (2 ұпай)

Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

2 кезең: «Суреттер сөйлейді» (1 деңгей-2 ұпай, 2 деңгей – 1 ұпай)

Тақтада берілген суреттер арқылы топтар сұрақтарға жауап береді

1. Қашқарияға барып, оны Еуропаға алғаш таныстырған ғалым?

2. Оңтүстік полюске жеткен алғаш жеткен саяхатшы?

3. Шәйдің Отаны.

4. Суретте қай қала бейнеленген? Қаланың тарихы туралы не білесіңдер?

5. Жер бетінде климаттық белдеулердің жалпы саны?

6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім?

7. Боксит өндіруден дүние жүзінде жетекші ел?

8. Қазақстанда алғаш құрылған қорық?

9. Кофені ең көп өндіретін ел?

10. Жүгері дақылының отаны?

3 кезең: «Сандарды сөйлет»

Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру.Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі

10 ұпай:

1945 Жеңіс күні

1941 Ұлы Отан соғысының басталуы

1939- І дүниежүзілік соғыстың басталуы

20 ұпай:

1466-қазақ хандығының құрылуы

1954-тың игеру жылдары

1961 – адам баласының ғарышқа ұшуы

30 ұпай:

1916-ұлт азаттық көтеріліс

1822-Сібір қырғыздарының жарғысы

98-конституциядағы бап саны

4 кезең: «Капитандар сайысы»

Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

1 топ басшысына арналған тапсырмалар

1. КүнгеЖердің ең жақын келетін уақыты ?.

2. Ең биік шың Джомолунгманың ағылшынша атауы қандай?

3. Экватордың ұзындығы ?

4. Каспий теңізінің дүниежүзілік мұхиттан биіктігі?

5. Ең үлкен арал?

6. Мұнай үстінде « қалқып тұрған ел»


2 топ басшысына арналған тапсырмалар жауабы

1. Жердің ең құнарлы топырағы?

2. Архипелаг дегеніміз не?

3. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма?

4.Атмосфераның «Ауа райы фабрикасы» аталатын бөлігі?

5. Қазақстандағы ашық әдіспен өндірілетін көмір кеніші.

6. Қазақстанға әсер ететін ауа массаларының түрлері?

5 кезең

Картамен жұмыс

1.Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан тау .

2.Іле Алатауындағы Қазақстандағы ең биік шың.

3.Қазақстандағы бұл таудан Жем өзені басталады.

4.Оңтүстік Америкадағы бұл тау атауы үндістер тілінен аударғанда, « Мыс тау » деген мағынаны білдіреді.

5.Бұл тау Шығыс Африка таулы үстіртінде, экватор бойында жатса да, шыңын ақ қар жауып шыңындағы кратерден дүркін дүркін магма атқан сөнбеген вулкан саналады? Бұл қай шың?

Оқушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр

нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін топ

басшылары жауап береді.

1. ҚР тәуелсіздік күні?(1991 ж 16 желтоқсан)

2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы(16, 5 мың км )

3. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым (геральдика)

4. ҚР қанша облыстан тұрады?(14 облыс)

5. ҚР қай елдермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б.)

6. Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?(Түркістан)

7. Қазақстанда қанша көл бар?(48 мыңнан аса)

8. Қазақстанның конституциясы қашан қабылданды?(1995 ж 30 тамызда)

9. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады? (Бәйтерек)

10. Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

Осымен сайысымыздың алты шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,

Музыкалық номер:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.

Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

 

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Момбиева Бибигул Шынарбековна

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства