kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?леуметтік инфра??рылым салалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?леуметтік инфра??рылым салалары.

Ма?саттары: 

Білімділік.  ?леуметтік инфра??рылым кешені туралы т?сінік беріп, к?з?арастарын ?алыптастыру.  Оны? ма?сатымен танысу, оны? т?рмысты? ?ызмет к?рсету, халы?ты? демалысын ?йымдастыру салалары ж?не оларды? орналасу факторлары туралы біліп, ?аза?станда?ы ?леуметтік инфра??рылым ?ызметіні? даму де?гейін аны?тау. «Рекреация», «рекреациялы? ресурстар», «рекреациялы? шаруашылы?», ?рекреациялы? аудан? деген т?сініктерді? ма?ынасын аны?тау.

Дамытушылы?.  Кескін карта?а ?аза?станны? рекреациялы? аудандарын т?сіру ар?ылы ?аза?станны? инфра??рылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен ж?мыс істеу икемділіктері мен да?дыларын арттыру.

Т?рбиелік. ?з отаны туралы білімдерін тере?дете келе, отанс?йгіштік ?асиеттерін арттыру,  ?орша?ан ортаны ?ор?ау ?асиеттерін арттыру, географиялы? м?дениетке баулу.

Саба? т?рі: аралас саба?

Саба?ты ?йымдастыру формасы: фронтальді

Саба?ты ж?ргізу ?діс-т?сілдері: репродуктивті, проблемалы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?леуметтік инфра??рылым салалары»


Сабақ № 41

Күні: 02.02.15

Сынып: 9 А

Тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.

Мақсаттары:

Білімділік. Әлеуметтік инфрақұрылым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар», «рекреациялық шаруашылық», әрекреациялық ауданә деген түсініктердің мағынасын анықтау.

Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бектіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: картасы

Негізгі ұғымдар: инфрақұрылым, рекреация, рекреациялық ресурстар, рекреациялық аудандар.

Номенклатура:

Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі

ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру

ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

ІІ

Ең алдымен дәптерлерінен тапсырмалардың орындалуын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1. Қазақстан халқы және шаруашылығы үшін көлік қандай қызмет атқарады?

2. Көлікткің негізгі түрлерін атаңдар.

3. Қазақстанда қандай көлік түрлері жетекші орын алады? Не себепті?

4. «Инфрақұрылым», «жолдардың өткізу қабілеті», «магистраль» түсініктерін еске түсіріңдер.

Дәптерлерін тексергеннен кейін сұрақтарға жауап береді:

1. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.

2. Құрлық көліг (темір жол, автомобиль жолдары, құбыр және электрондық көліктер), су көлігі (теңіз және өзен көлігі) және әуе көлігі

3. Қазақстанда құрлық көліктері жетекші орын алады. Темір жол еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдымдықтары едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны көп емес. Автомобиль жолы темір жол жүйесін байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Олар аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді.

4. Инфрақұрылым – халық тұтынатын коомуникациялық жүйелер мен қызмет көрсетулер жүйесінің жиынтығы. Жолдардың өткізу қабілеті – жолдардағы қозғалыс жылдамдығын анықтайтын көрсеткіш. Магистраль – елдің жол желісін құрайтын ірі жолдар.

ІІІ

Ең алдымен жаңа тақырыпқа көшу үшін кіріспе сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін тексереді:

1. Сендер жазғы демалысты қалай өткізесіңдер?

2. Не үшін сол жерлерге барасыңдар? Ол несімен қызықты?

3.

Оұушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Біз жазғы демалыста демалыс жерлеріне барамыз, басқа қалаларға барамыз. Мысалы, Алматы қаласына, Көкшетаудағы Бурабайға, өз өлкеміздегі Баянауыл тауларын тамашалауға, Түркістан, Астана қаласына барамыз.

2. Алматы қаласында көптеген көрікті жерлер, ойын-сауық, демалыс жерлер бар: Медеу мұз айдыны, Хантәңірі шыңы, т.б., Көкшетаудың табиғаты әсем, таулары қызық пішіндерге ие, бұлақтары, ормандары бар. Түркістан ежелгі қала, мұнда тарихи ескерткіштер бар.

ІV

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін келесі жоспарды құрады:

1. Әлеуметтік инфрақұрылымның мақсаты мен орналасу факторлары. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Оның құрамына 30-дай сала кіреді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы – халықтық, яғни тұтыну факторы. Одан басқа факторлары – табиғи-қор, ғылымды көп қажет ету, көліктік фактор.

2. Тұрмыстық қызмет. Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынады. Олар үлкен партиямен немесе бір-бірлеп сатылады. Сауданың негізгі бөлігі базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50-ден астам дүкендер бар. Ірі дүкендер – фирмалық супермаркеттер. Барлық тауардың 2/5-і Алматыда сатылады – еліміздің басты сауда «сөресі».

3. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Рекреацияның негізгі мақсаты – еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру. Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді. Емдік рекреациялық аудандар – минералдық бұлақтар: Сарыағаш, Алма-Арасан, Шучье; шомылу-жағажайлық аудандар: Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай; спорттық рекреациялық аудандар: Солтүстік және Батыс Т-Ш, Жоңғар Алатауы, Алтай;

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен карталарды, оқулықтағы суреттерді пайдаланады.

Меңгеру барысында жоспардың әрбір бөлімі бойынша негізгілеріне тоқталып кетеді.

Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, негізгілерін жазып отырады. Негізгілерін мұғаліммен бірге анықтайды.

1. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету. Оның құрамына 30-дай сала кіреді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы – халықтық, яғни тұтыну факторы. Одан басқа факторлары – табиғи-қор, ғылымды көп қажет ету, көліктік фактор.

2. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері – шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу – қалаларда шоғырланған.

Тұрмыстық қызмет көрсету


денсаулық сақтау білім беру

4,5 мың ауруханалар, 170-мыңнан 8000-ға жуық мектеп,

астам дәрігерлер (Алматы, Астана, 181 жоғары оқу орны бар

Қарағанды, Семей)

3. Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) «өркениетті» демалыс қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болу керек; 2) рекреациялық ресурс; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт.

Рекреациялық ресурстар


табиғи-рекреациялық мәдени-тарихи

сарқырамалар, түрлі бейнедегі ежелгі қалалар, кесенелер,

жартастар, үңгірлер, каньондар қамалдар, храмдар, тасқа

қашалған суреттер, сәулет

құрылыстары, мұражайлар

Рекреациялық аудандар – өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар: Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай.

V

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:221 беттегі 1-2 тапсырмалар, 222-беттегі 3-4 тапсырмалар, тестер.

Тапсырмалардың орындалуы:

1. 126-сурет – мәдени-тарихи ресурс, 127-сурет – табиғи-рекреациялық ресурстар.

2. Екі оқушы өзара орындйды.

3. Негізгі рекреациялық аудандар - Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай, Жоңғар Алатауы, Баянауыл.

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп ұажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы – халықтың орналасуы басқаларға қарағанда көбірек анықтайды.

VІІ

Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалап, күнделіктеріне қояды.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VІІІ

Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?леуметтік инфра??рылым салалары

Автор: Камзин Куаныш Серикбаевич

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325988


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства