|   ІІ   |    Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:    1. Адамдар жерді не үшін пайдаланады?  2. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қандай мәдени өсімдік түрлері өсіріледі?  Кейін жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:  1) Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің орталық тізбегі болып табылады, ел экономикасынң дәстүрлі саласы. Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Ауыл шаруашылығына қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы.    2) Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, бақша шаруашылығы, жүзім өсіруден тұрады. Егін шаруашылығына табиғи факторлар – жылу, жарық, ылғал қатты әсер етеді. Елімізде егіншіліктің басты саласы – дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай өсіру.  тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен тақырыптық карталар пайдаланылады.     |    Оқушылар сұрақтарға жауап береді:  1. ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен айырмашылығы: 1) ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып табылады; 2) ауыл шаруашылығы – маусымдық сала; 3) АШ өндірісіне климат қатты әсер етеді.  Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га, ауыл шаруашылық жер аумағы – 216 млн га: жайылымдар-182 млн га (84%), жыртылған жерлер-23 млн га (11%), шабындықтар-5 млн га (2%), тың жерлер-6 млн га (3%).    Жерді жақсарту шараларының бір уақытта қатар жүргізілуі кешенді мелиорация деп аталады.    Ауыл шаруашылығы  өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығы  2. Дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай. Техникалық дақылдар – мақта, қант, күнбағыс, картоп.     |  
  |   ІІІ   |    Тақырыпты бекіту үшін 183 беттегі 1-тапсырма, 184 беттегі 2-5 тапсырмаларды және 185 беттегі тестерді береді.   |    Тапсырмаларды оындауы:  1-тапсырма. Орталық Қазақстанда (90%) ауыл шаруашылық жері Шығыс Қазақстанға (70-80%) қарағанда көп, өйткені Орталық Қазақстанның ауданы да үлкен әрі ШҚ-да биік таулы аймақтар бар. Оның ішінде ең көбі жайылымдар, бірақ Шығыс Қазақстанда ормандар мен бұталар үлесі Орталық Қазақстанға қарағанда көбірек.    2-тапсырма. Алып жатқан аумағына қарамастан Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық жері (90%) Батыс Қазақстанға қарағанда (80-90%) көбірек. БҚ жайылымдық жерлері СҚ қарағанда көбірек, ал СҚ жыртылған жерлері көбірек, мұның себебі – климат жағдайларында, яғни БҚ климаты көбінесе мал шаруашылығына жарамды, ал СҚ егістікке.     |