Просмотр содержимого документа
«"?аза?станны? климаты"»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаты. (8-сынып қайталау сабағы)
Жунусов Еламан Кабдушевич,
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев
атындағы №3 Явленка орта мектебінің
география пәні мұғалімі.
Менің 8-сыныпта өткізілген «Қазақстанның климаты» атты қайталау сабағымды әріптестеріме ұсынып отырмын.Оқыту технологияларының бірі-СТО жобасының стратегияларын тиімді қолдана отырып, сабақта оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақ барысында оқушылар алынған теориялық мағлұматтарды талдап, негізгі ұғымдарды меңгерді.Топта бірлесіп жұмыс істеу арқылы, өз ойларын ортаға салу арқылы қортынды шығарады. Сабақтың мақсаты:
1.Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін,жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен жауын-шашынның таралуы арасындағы байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып қайталау.
2.Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқушыға топ ішінде жұп болып, жеке жұмыс істеуге баулу, өз ойын ортаға салып ойын жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Қазақстанның климатына арналған тақырыптық карталар, кескін карта, диаграммалар, интерактивті тақта, электрондық оқулық.
Күн радиациясы Атмосфера циркуляциясы Жердің төсеніш беті
Оқушыларды топтарға бөліп, тапсырмалар беру.
Оқушыларды 1,2,3-ке санау арқылы үш топқа бөлемін. Алдын ала дайындаған қобдишаға салынған нөмірлер арқылы топ басшылары сайланады.
І топ. Қазақстан аумағындағы күн радиациясының түрлерін анықтау.(тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан)
- циклон
- антициклон (мағынасын түсіндіру)
ІІ топ. Қазақстан климатына қандай ауа массаларының типтері әсер етеді?
климат
- ауа массалары (анықтамасын айту)
ІІІтоп. Қазақстан аумағында ауа температурасы мен жауын-шашынның таралуын анықтау.
- ылғалдану коэфициентін анықтау К=Ж:Б
- шілде және қаңтар айының орташа температурасын көрсететін карта бойынша әрбір ауданға тән температураларды анықтап, картаны толтырыңдар. (оқушылар электрондық оқулық бойынша жұмыс істейді).
І топ. Интерактивті тақтада көрсетілген «Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы» картасына сипаттама беріп, күн радиациясының түрлеріне тоқтала кетеді.
ІІ топ. Ауа массасына анықтама беріп, республика аумағындағы негізгі типтеріне сипаттама береді.
ІІІтоп. Қазақстан аумағында ауа температурасы мен жауын-шашынның таралуын анықтап, Венн диаграммасы бойынша Петропавл қаласы мен Қызылорда қаласының климат диаграммасына салыстырмалы сипаттама береді.
Айырмашылығы
ІІІ.Ой толғаныс.
1.Климатқа байланысты бес жолды өлең құрастыру.
- зат есім
- екі сын есім
- үш етістік
- сөйлем (4, 5 сөзден)
- зат есімге синоним
Мысалы:
Ауа райы
Суық, боранды
Тоңдырады, үсітеді, қатырады
Қыстың тамаша бір күндері
Климат.
2.Үйге тапсырма. Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне әсері. (хабарлама дайындау)