Сабақ тақырыбы: 2А бөлім. Гидросфера. Құрлық суларының практикалық маңыздылығы. Өзендердің гидрологиялық режимі. | Мектеп: Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
Уақыты: 08.12.2016ж | Мұғалім: Масатбаева С. С география пәні |
Сынып: 8 «Е» | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: |
Сабақтың мақсаты | Құрлық суларының негізгі түрлерінің (өзен, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары), практикалық маңыздылығын түсіндіру Өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) |
Жетістік критерийлері | Білу және түсіну Құрлық суларының негізгі түрлерінің (өзен, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары), практикалық маңыздылығын түсіну. Қолдану формула бойынша есептей алады. Құрлық суының (өзен, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары) пайда болуы мен жер бетіндегі ағысын имитациялық модельдеу (түрлі материалдардан немесе түрлі техникалардан жасау) арқылы ұсынады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: құрлық ішіндегі су түрлерін анықтау үшін топпен жұмыс істейді (айтылым, оқылым, жазылым дағдылары) экономикалық, гидрологиялық, туристік және экологиялық құндылықтарынын дамыту Пән бойынша сөздер мен терминдер: Өзен ұғымы,жер асты суы,канал,градиент,су ағыны,жылдық ағыс,өзен алабы,өзен режимі, өзен аңғары, алқап Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер: Бұл мәліметтер жаңылдыру мүмкін, себебі… Бұл мәліметтер …екендігін айғақтайды Өзгерістер кеңістікте де, уақыттада жүріп жатады, өйткені… …байланысты жалпы көрсеткіш аясында түрлі вариациялар бар (айтылым және жазылым дағдылары) |
Құндылықтарды дарыту | Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
Пәнаралық байланыстар | Математика, технология, географияның бастапқы курстары |
АКТ | Интерактивті тақта, презентация, www.bilimland.kz сайты |
Алдыңғы білім | Оқушылар «гидросфера», «су ресурстары», «дүниежүзілік мұхит», «ішкі су» түсініктерін білу қажет. |
Жоспар |
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекеттер | Деректер |
Сабақтың басы 0 – 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен амандасып бүгінгі сабаққа назарларын аудару. «Есіл ағады» өзенінің әуені қойылады. Тыңдап болған соң бұл әуенмен бүгінгі сабақтың қандай байланысы бар екені сұралады. Оқушылардан бұл әуенді тыңдай отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушылар жауап береді. қарастыра аламыз? Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылайды. |
«Есіл ағады» әуені http://shelmedia.ru/ multimedia/konvertery/page/2/ |
Топтық жұмыс: 12 минут Жұптық жұмыс: 13 минут Топтық жұмыс: 10 минут | Жаңа сабаққа кіру. Оқушылар алдын ала берілген қозғалыс парағы арқылы топқа топталады. Топтық жұмыс: Қалыптастырушы жұмыс Тапсырма: Оқушыларға құрлық сулары мен шаруашылық түрлерінің тізбегі беріледі. Бір құрлық суын шаруашылықта(бір шаруашылық түрін таңдаңыздар) қалай пайдаланылатынын «Оқиғалар тізбегі» кестесі арқылы түсіндіріп жазулары қажет. Бұл тапсырмада оқушылар құрлық суларының негізгі түрлерінің (өзен, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары), практикалық маңыздылығын түсінеді. Бағалау: Мұғалім ауызша оқушыларға жасалаған жұмысқа сай кері байланыс береді. Оқушылар алдын ала берілген қозғалыс парағы арқылы жұпқа отырады. Жұптық жұмыс: Қалыптастырушы жұмыс Картамен есептеу жұмысы: Оқушылар берілген өзеннің құламасы мен еңістігін формуланы пайдалана отырып, табады. Бұл жұмыста оқушылар математикалық білімдері мен картамен жұмыс жасау дағдыларын қолданады. Бағалау: Презентацияда көрсетілген жауаптар арқылы оқушылар өздерін тексеріп бағалайды. Оқушылар алдын ала берілген қозғалыс парағы арқылы топқа отырады. Топтық жұмыс: Қалыптастырушы жұмыс(постер жасап, қорғау)(видео материал көрсетіледі) Бұл тапсырма оқушылардың білу және түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған. І топ: Оқушылар топта өзеннің құрылысын құрастырады ІІ топ: Оқушылар топта өзен жүйесінің негізгі элементтерін құрастырады ІІІ топ: Оқушылар топта өзеннің ағу сипатына байланысты түрлерін анықтайды (жазық,тау) ІҮ топ: Өзенді шаруашылықта пайдалану Бағалау: Оқушылар видео материалы арқылы өздерін бағалайды. | «Оқиғалар тізбегі» кестесі Атлас карта Плакат , маркер http://bilimland.kz/kk/#lesson=14032 http://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=14029 |
2 минут 3 минут 20 минут 5 минут | Судың дыбыстары қойылып, судың түрі анықталады. Тапсырманы таныстырып өту. Шығармашылық жұмыс Оқушылар алдын ала берілген қозғалыс парағы арқылы топқа отырады. Оқушыларға презентация корсете отырып, құрлық суының имитациялық моделін жасау (түрлі материалдардан немесе түрлі техникалардан жасау) ұсынылады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, өзен бөліктерінің (жоғарғы ағыс, ортаңғы ағыс, төменгі ағыс) имитациялық моделін жасайды. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар бір біріне баға береді Қорытынды Өзен жүйесі қаңқасын толтыру | https://www.youtube.com/watch?v=vdZHviWRW1Q (су дыбыстары) https://www.youtube.com/watch?v=W8LU9p6tJco |
Сабақтың соңы 70-80 | Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс парағы беріледі, тыңдалады. Оқушылардан бүгінгі сабаққа кері байланыс алынады. Сабақты қалай атар едіңіз? Сабақта ең маңызды не болды? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды? Сабақтың мақсаты қандай? Сен үшін ең оңай (ең қиын) не болды? Өзіңнің жұмысыңа қанағаттанасың ба? Өзіңді немесе сыныптастарыңның бірін не үшін мақтар едің? | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ барысында алдыңғы білімдері ескеріліп, кіріспе тапсырма ұйымдастырылады. Бұл тапсырма барысында оқушылардың өткен білімдерін қолдана алулары байқалады. Оқушыларға алдын ала қозғалыс парағы таратылады. Жұптық және топтық тапсырмалар оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, дайындалды. | Оқушылардың білу және түсіну дағдыларын қалыптастыру үшін, «оқиғалар тізбегі» әдісі арқылы жұмыс жүргізіледі. Қолдану дағдыларын дамытуда өзеннің құламасы мен еңістігін есептеп математикалық білімдерін пайдаланады және де шығармашылық жұмыс арқылы тақырыпты түсінгенін көрсетеді. | |
Сабақ бойынша рефлексия | Оқушылар оқу мақсаттарын орындауда алдыңғы курстан алған білімдері негізінде, білім мен түсінік дағдысын қолдану дағдысымен жақсы ұштастыра білді. Оқушыларға http://bilimland.kz/ сайтындағы видеоматериалдар сабақты түсінуге мүмкіндік берді. Оқушыларға шығармашылық жұмыстың ұнағаны байқалды. Топтық байланысқа бейімділік дағдылары жақсы болды. Оқушылар жеңілден күрделіге қарай жұмыс жасағандарын түсінді. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |