kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақстанның жасыл энергетикасы» курсының бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қазақстанның жасыл энергетикасы» курсының  бағдарламасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақстанның жасыл энергетикасы» курсының бағдарламасы»


Түсінік  хат


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты негізінде әзірленді.

          Мектептің  жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – 

жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, қызығушылығына, таңдауына қарай саралап оқыта отырып,орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру.

Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру мектептің педагогикалық ұжымының алдына үлкен міндет жүктейді.

Аталған бағдарлама жаратылыстану –математика бағытындағы 8 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама барлығы 68 сағатқа жоспарланған.

Бүгіні таңда энергия түрлерін пайдаланбайтын бірде-бір шаруашылық саласы жоқ. Энергия түрлерін игеруде ХҮІІІ ғасырдың аяғында ірі жетістіктерге қол жетті. Бұл кезеңде дүние жүзінде тұңғыш рет өндірістік жолмен электр тогы алынып, оны тұрмыста пайдаланудың мүмкіндігі туды.

Ал соңғы бес жылдың деңгейінде барлық елдерде энергия түрлерін өндіру бұрын –оңды болмаған қарқынмен дамуда,оның өзі келешек энергия проблемасын шешуді бүгіннен бастап ойластыруды талап етеді. Біздің елімізде энергияны дамытудың маңызды міндеттеріне- еліміздегі отын-энергетикалық комплексін тиімді дамыту. Отын мен энергияның алуан түрлері жөніндегі елдің өскелең қажетін тұрақты қанағаттандырып отыру отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсартуды, атом энергетикасын жедел өрге басуды, энергияның жаңартылып отыратын көздерін кеңінен пайдалануды, халық шаруашылығының барлық салаларында отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу жөнінде белсенді де мақсатты жұмысты дәйектілікпен жүргізуді талап етеді.

Келешекте энергиямен қамтамасыз ету негізінен жаңа энергия көздерін игеру арқылы шешілмек, себебі қазіргі кезде табиғи энергетикалық ресурстардың планетамыздағы анықталған қоры біршама азайған. Қысқаша дәрістер жинағанда оқушылардың назарына негізгі энергетикалық ресурстардың түрлері мен олардың сипаттамасы, болашақ энергия өндіруші ресурстар көздері туралы деректер беріледі. Жаңа физикалық құралдармен жабдықталған энергетика салаларын жан-жақты зерттеу. Бұл курстың басты мақсаты: практикалық энергетиканың іргетасын қалап, оның дәл ғылымдармен байланысын нығайта түсу.

Бұл курс физика пәнімен ұштастырылған пәнаралық курс,оның мақсаты географияның физикамен ұштасқан тақырыптарын тереңірек тоқталып, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін арттырып дамыту.

Аталған курс оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып қана қоймай олардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетініне сеніміміз мол. Қазақстанның әр түрлі энергетика салаларымен танысу және тағы да басқа ашылмай жатқан энергетика салаларына болашақта өз үлесін қосу.

Курстың мақсаты:

Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдаланудың физикалық негіздерін ұғындыру. Оқушыларды техникалық бағытқа бейімдеуде энергетиканың негізгі салалары: жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, атом электр станцияларының негізгі құндылықтарынан мәліметтер беру.

  • Мемлекеттік білім стандарттарындағы жаратылыстану-математика бағыты үшін негізгі бағдарламалық материалды жоғары дәрежеде меңгерту;

  • Оқушының география пәніне ынтасын,қызығушылығының мүмкіндіктерін арттыру;

  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, өз бетімен еңбектенуіне дағдыландыру;

  • Оқушының бейімділігін ескере отырып,оны дамыта түсудің нәтижелі жолдарын қарастыру;

  • Ізденуге,шығармашылық әрекетке ұмтылдыру;

  • Оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар беру;

  • Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу, техникаға деген қызығушылығын ояту


Курстың міндеттері:

  • Географияны оқытуда техника мен оған жақын ғылымдарды оны қолдану,халықшаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау, оқытуға политтехникалық бағыт беру;

  • Іргелес пәндер физика, химия,сызу, технология сабақтары курсымен байланыс орнату;

  • Білім алуды жалғастыруға қажетті нақты физикаалық білімдерді меңгерту;

  • Бүгінгі оқушы –ертеңгі жаңа зама талабына сай,қоғам қажеттілігін өтейтін маман екендігін түсіну

  • Оқушыларды энергетика саласын бейімдеу

  • Оқушылардың теориялық, практикалық білімін кеңейту

  • Техникалық ұғымдарды жетік меңгерту.

Қолданбалы  курстың  мазмұны:

  • Энергетика саласын оқытудың теориялық тұжырымдамасы

  • Электр энергиясының түрлері

  • Су мен отын электр энергетикасы

  • Атом энергетикасы

  • Күн және жел энергетикасы

  • Геотермальды энергетика

Курсты  ұйымдастыру  формасы:

  • Лекция

  • Электронды оқулықпен жұмыс

  • Тәжірибе

  • Баяндама     

 

Курсты  оқытуды /тоқсан сайын/  аяқтау  әдістері:

-    Рефераттар

-    Жоба қорғау

-    Шығармашылық жұмыстар


Күтілетін нәтиже:

- Оқушыдан жасыл энергетиканы зерттеу арқылы әлі де ғаламдар зерттеп біле алмаған жаңалықтарды ашуына мүмкіндік бар;

- Алған теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

 








«Қазақстанның жасыл энергетикасы» курсының бағдарламасы

Барлығы 68 сағат; Аптасына 2 сағат


Реті

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

а

б

в

1

Жасыл энергетика туралы түсінік

1




2

Бүкіләлемдік энергоресурстары

1




3

Ұлғаймалы және ұлғаймайтын энергия көздері

1




4-5

Қазақстан энергетикасының тарихы

2




6

Қазақстанның энергетика жүйесі

1




7

Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы

1




8

Табиғи энергетикалық ресурстар

1




9-10

Оқушының жобалау жұмысы

2




11

Республикамыздың энергетикалық ресурстарының территориялық орналасуы

1





12

Номенклатура

1




13-14

Отын энергетикасының түрлері

2




15-16

Қазақстанның жылу энергетикасы

2




17

Жылу электр станциялары

1




18

Жылу энергетикасы және қоршаған орта

1




19

№1 сарамандық жұмыс

1




20

Номенклатура

1




21-22

Атом энергиясы

2




23

АЭС-ғы энергетиканы дамытудағы басты мәселелер

1




24

АЭС-ына қолданылатын қондырғылар

1




25

Атом энергетикасы және экология

1




26-27

Оқушының жобалау жұмысы «Қазақстандағы атом энергиясының дамуы»

2




28-29

Оқушының жобалау жұмысы «Уран өндірудің экономикалық проблемалары»

2




30

Су энергетикалық қорлар және оларды пайдалану

1




31-32

Қазақстан су энергетикасы

2




33

Қазақстанның су электр станциялары тізбегі

1




34-35

Су энергетикасының қоршаған ортаға әсері

2




36

№2 сарамандық жұмыс

1




37

Номенклатура

1




38-39

Оқушының жобалау жұмысы «Адамзаттың ғаламдық проблемаларының бірі-энергетикалық проблеманы шешу жолдары

2




40

Мемлекеттік аудан аралық электр станциялары

1




41-42

Баламалы энергия көздері

2




43-44

Күн энергетикасы

2




45

Қазақстанның күн энергетикасы

1




46-47

Оқушының жобалау жұмысы «Қазақстанның біріңғай энергетикалық жүйесі»

2




48

Күн сәулесі энергиясын электр энергиясына айналдыратын қарапайым күн қондырғылары

1




49-50

Жел энергиясы

2




51

Қазақстанның жел электр станциялары

1




52

Мұхиттық энергия (термальдық, құйылыс, толқындық)

1





53-54

Геотермальдық энергия

2




55-56

Энергия алудың дәстүрлі емес жолдары

2




57

№3 сарамандық жұмыс

1




58-59

Оқушының жобалау жұмысы «Еліміздегі баламалы энергия көздерін пайдалану мәселелері»

2





60

Номенклатура

1




61-62

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі

2




63-64

Энергия үнемдеу: негізгі жолдары мен мәселелері

2




65

Конференция сабақ «ЭС-ң әр түрінің артықшылығы мен кемшілігі»

1





66-67

Оқушылардың жобалау жұмыстарының презентациясы

2




68

Қорытындылау

1






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Қазақстанның жасыл энергетикасы» курсының бағдарламасы

Автор: Бекберлінов Назыбек Талғатбекұлы

Дата: 20.01.2018

Номер свидетельства: 451187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства