Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Германияның экономикалық-географиялық жағдайы?
2. Германия аумағының құрамы?
3. Германияның табиғат ресурстары?
4. Германияның табиғатын қорғау?
5. Германияның халқы?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Германияның өнеркәсібін түсіндіру.
Қара металлургия
Кәсіпорындары Рур және Саар аудандарында шоғырланған.
Машина жасау
Автомобиль жасау-«Мерседес», «БМВ», «Фольксваген», электроника-«Сименс», ақпарат тарату техникасы-«Дойче телеком», элетр техникасын жасау-«Бош» компаниялары шағарады.
Химия өнеркәсібі
Алуан түрлі өнім шығаратын бұл салада «Байер», «Хехст» фирмалары көзге түседі.
3. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Германияның ауыл шаруашылығын түсіндіру.
Германияның ауыл шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
Басты дақылдар-бидай, қара бидай, арпа мен сұлы, қант қазалшасы. Бидайдың мол өнімі жиналады.Бавария аса ірі құлмақ өсіру ауданы. Жүзімдіктер Жоғары Рейн, Мозель, Неккар мен Майн аңғарында орналасқан.
Мал шаруашылығы
Өндірілетін жалпы өнімнің 4/5 бөлігі тиесілі. Ірі қара мен шошқа саны едәуір. Батыс бөлікте мал басы аз болатын шаруашылықтар басым.