ІІ | Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді. 1. Ауданның ЭГЖ 2. Әкімшілік-аумақтық құрамы 3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру 4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы 5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау 6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау 7. Аумақтық-өндірістік кешендері 8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар 9. Ірі қалалары 10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары 11. Аудан экономикасының даму болашағы Батыс Қазақстанды өтерде қалған аудандардың әрқайсысы 4 облыстан тұратынын айта кетеді. Батыс – еліміздегі ең үлкен (барлық аумағының 27%-ы) және Касий бойында орналасқан жалғыз аудан. Географиялық орнына байланысты, ол Еуропаға, Америкаға, Үнді мұхиты алабының елдерінің барлығымен жақын орналасқан. бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді. | Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өздігінен сипаттама береді. Мұнда ЭГЖ-ның басты артықшылығы – Қазақстанның (Солтүстік, Орталық, Оңтүстік) және шектесетін елдердің (Орал, Паволжье, Солтүстік Кавказ) экономикалық жағынан дамыған аудандармен көрші орналасуы, Жайық-Балтық су жолын пайдалану мүмкіндігі; ал кемшілігі – темір жолдарының тиімсіз конфигурациясы және Қарағанды-Теміртау АӨК-мен тікелей темір жол байланысының болмауы екенін анықтайды. Оның құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді. Табиғи қорлардан мұнайдың, табиғи газдың, хромның аса мол қоры мен Каспийдің байлығын атап өтеді. Шалғынды жерлер мен жайылымдықтардың молдығы, қыстың қысқалығы және қадың жұқа түсуі жайылымдық мал шаруашылығының дамуына әсерін тигізеді. Басты мәселе – жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Мұнда бұл мәселені шешу жодарын қарастыру керек. Батыс – Қазақстандағы халқы ең аз қоныстанған (орташа тығыздық – 2,3 адам/км2) аудан. Қала халқының үлесі 58%, мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты Атырау, Ақтау, Орал қалаларының халқы көбейді. Қалалардың көбі Ақтөбе қаласында шоғырланған (8 қала). Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қалалар аз. Бірақ урбандалу деңгейі жоғары: Атырауда 57%, Маңғыстауда 69%, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында – 44%. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың үлесі 71%, өнеркәсіптегі адам саны ауыл шаруашылығы салаларына қарағанда көп. |
ІІІ | Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді: оқулықтың 267-бетіндегі 3, 4, 5 тапсырмаларын береді. | Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды. 267 бет. 3) Кескін картаға БҚ-ның пайдалы қазбаларын түсіреді; 4) Орал-Ембі: Қарашығанақ мұнай-газ кен орны, Таңатар, Мақат, Доссор, Құлсары, Маңғыстау: Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас, Қаражамбас. Маңғыстау алабына қарағанда Орал-Ембі алабының шикізаты кең қолданылады. |
ІV | Үй жұмысы: 1. §24 оқып, мазмұнын айту. 2. 268 бет – Тесттер орындау. 3. 266 бет – 1, 2 тапсырмаларын тапсырманы орындау. | Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды. |