Казталов ауданы, БҚО.
Күні: | Сыныбы:9 |
Тақырыбы: | Батыс Қазақстанның қалалары |
Мақсаты: | Оқушыларға Батыс Қазақстанның қалалары туралы білім бере отырып, өз бетімен білім алуына жағдай жасау. |
Күтілетін нәтиже: | Қалалар туралы өз беттерімен білім алады. Сыни ойлауға үйренеді. Ынтымақтастық, өзін бағалау қалыптасады. |
Ресурстары: | Интерактивті тақта, бейнетаспа, слайд,тірек сызбалар, дидактикалық материалдар, фото суреттер, карталар, кестелер |
Дифференциация: | 7 модульді өзара ықпалдастыру, патриотизмді қалыптастыру, өз бетімен жұмыс, ынтымақтастық атмосферасын құру, топтық сайыс, АКТ тиімді пайдалану, қосымша ақпараттарға талдау, т.б. |
Сабақ барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық: (2 минут) Топқа бөлу: (2 минут) Сабақтың ұраны: | Оқушылармен амандасу Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі н өткізеді. Топқа бөліну, топ ережесін еске түсіру. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма! | Оқушылар мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлері көтеріледі. «Мен сізге ризамын» тренингі Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі...» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір-бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек. Туған жер туралы мақалдардың жалғасын табу арқылы 4 топқа бөлінеді. топ: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2 топ: Туған жер — тұғырың, Туған ел — Қыдырың. 3 топ: Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. 4 топ: Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық. Әр оқушының алдына мақсат қою. |
Тұсаукесер | Мұғалім өткен сабақта берген тапсырмасы бойынша оқушыларды жаңа сабаққа бағыттайды. топ: Орал топ:Атырау топ: Ақтөбе топ Ақтау | Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша Батыс Қазақстанның қалалары туралы қосымша деректер, слайдтар, суреттер дайындап келеді. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды. |
Жаңа сабақ жоспары: 10 минут | Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Топтық жұмыс жүргізуге мұғалім уақыт береді. Қосымша ресурстар таратылады. Әрбір топ өздеріне берілген қалалар туралы зерттеу жүргізеді, ес картасын қорғайды, таныстырылым жасайды. . | Оқушылар оқулықтағы « Батыс Қазақстанның қалалары» тақырыбымен және қосымша ресурстармен (уикипедия мәліметтері) танысады, топта талқылайды, өзара пікірлеседі, ортақ пікірге келеді. Әрбір топ ес картасын дайындайды, қорғайды. |
Видеоролик: 3 минут | «Туған қалам-Орал» видеоролик көрсетіледі. | Оқушылар интерактивті тақтадан тамашалайды. |
Тапсырмалар 15 минут | Оқушыларға топтық орындауға тапсырмалар беріледі. 1. Кестені толтыру деңгейлеп берілген тапсырмаларды толтыру, әр облысқа сипаттама беру: р/с | Салыстыру жоспары | Батыс Қазақстан | Атырау | Ақтөбе | Маңғыстау | 1 деңгей | Географиялық орны, жер көлемі | | | | | 2 деңгей | 1.Табиғат жағдайы 2.Халық саны, табиғи өсуі, ұлттық құрамы, тығыздық, урбандалуы, діни құрамы 3.Шаруашы-лығы (өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы) | | | | | 3 деңгей | 1. Сыртқы байланыс (экспорт, импорт) | | | | | тапсырма: Батыс Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Полиэтилен | | Пластмасса | | Тіс пасталары | | Ферроқорытпалар | | Мұнай жабдықтары | | Суперфосфаттар | | Арматура | | Стабилизатор | | 3 тапсырма: Венн диаграммасы диаграмманы толтыру екі облыстың ортақ қасиеттерін табу, салыстыру топ: 2 топ: топ: 4 топ: 4 тапсырма: «Дұрыс оқы» ойыны АУТЫРА- ҚАТЕБӨ- ТАУҒЫСМАҢ САЙРПІКЕМ- РАЛО- ҚАЖЙЫ- |
Картамен жұмыс: 4 минут | Кескін картамен жұмыс жасауға тапысрма береді. «Картаны жина» ойыны. Мұғалім Қазақстанның экономикалық аудандарының бөлшектерін ортаға тастайды. Оқушылар тез арада Батыс Қазақстан экономикалық ауданын тауып, құрап шығуы керек. | Оқушылар кескін картаға Батыс Қазақстан экономикалық ауданының облыстарының шекараларын белгілейді, облыс орталықтарын түсіреді. |
Қорытындылау 5 минут | «Менің сүйікті қалам-Орал» тақырыбында эссе жазуды тапсырады. | Оқушылар эссе жазады. |
Бағалау 2 минут | Формативті бағалау түрлері: отшашу, мадақтау, бағдаршам, өзін-өзі бағалау парағы Оқушыларды сабақ барысында мадақтап, қолдау, басқа топтарға қол шапалақтау, өзін-өзі бағалау парағын қоыртындылау. Оқушы-ның аты-жөні | Тақырыпты оқып түсіндім | 1 тапсырма | 2 тапсырма | 3 тапсырма | 4 тапсырма | Кескін картамен жұмыс | Эссе жазу | Қоры-тынды баға | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
Үйге тапсырма 1 минут | §50, 338- бет, 1-2 тапсырмалар және қалалар туралы жаңа мәліметтер жинақтау, уикипедияға қосу. | Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
Кері байланыс 1 минут | Мұғалім оқушыларға стикерлер таратады. | Оқушылар «Не үйрендім, не үйренгім келеді» бойынша өз пікірлерін жазып қалдырады. Смайликтер бойынша көңіл-күйлерін білдіреді. Мұғаліммен қошатасады. |