Саба?ты? та?ырыбы: Астана – ?аза?стан Республикасыны? елордасы
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: О?ушылар?а ?аза?стан Республикасыны? елордасы, ?аланы? ерекшелігі, ?алыптасуы туралы толы??анды білім беру.
Дамытушылы?: О?ушыларда?ы Солт?стік ?аза?станны? шаруашылы?ы, ?нерк?сібі, хал?ы, таби?ат ресурстары, ?алалары туралы бар білімді дамытып, саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«Астана-КР елордасы»
Класс: 9
Пәні: география
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстан Республикасының елордасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының елордасы, қаланың ерекшелігі, қалыптасуы туралы толыққанды білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардағы Солтүстік Қазақстанның шаруашылығы, өнеркәсібі, халқы, табиғат ресурстары, қалалары туралы бар білімді дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін құрметтеуге, еліміздің астанасына деген құрметтерін арттырып, патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, географиялық есеп, толықтыру тесті, топтық жұмыс, картамен жұмыс.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының әкімшілік картасы, глобус, кітаптар, слайд-шоу, плакаттар, суреттер, кеспелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А)сәлемдесу
Б)топқа бөлу (1-топ – Солтүстік Қазақстан, 2-топ – Орталық Қазақстан)
Екі топ бірін-бірі тексереді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Білім еліне саяхат». Екі топқа сұрақтар қойылады.
«Солтүстік Қазақстан» тобына:
Қазақстан қанша экономикалық ауданға бөлінеді? 5
Қарағанды облысының орталығы? Қарағанды
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының аумағы? 283,2 мың км.кв.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың орташа тығыздығы? 1 км.кв. 2,9 адам
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған саласы? (мұнай, газ)
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның маманданған саласы? Ауыл шаруашылығы
Солтүстік Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамыған саласы? Тау-кен
«Орталық Қазақстан» тобына:
Қазақстан неше облысқа бөлінеді? 14
Батыс Қазақстан облысының орталығы? Орал
Қарағанды облысының аумағы? 428,0 мың км.кв.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың орташа тығыздығы? 1 км.кв.5 адам
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған саласы? Түсті металлургия
Орталық Қазақстан экономикалық ауданның маманданған саласы? Қара металлургия
Қай экономикалық ауданда құрғақшылыққа төзімді тары өсіріліп, республика егістігінің 40%-н құрайды? Солт.Қазақстан
2.Толықтыру тесті:
1.Солт.Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан жерінің ...... %-ын алып жатыр. (22)
2.Солт.Қазақстан аумағының көп бөлігінде жылына ............. мм жауын-шашын түседі. (350-400)
3.............................. – ауданның өте маңызды табиғат байлығы.(жер ресурсы)
4.Қазақтар аудан халқының ............... %-ын құрайды. (25-30)
5.Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан ауыл шаруашылығының екінші саласы - ..................................... (мал шаруашылығы).
Қала маңынан «Родина» ЖШС салынып, канадалық гольштин сиырлары әкелінді
+
8
«Агромашхолдинг»АҚ бар
+
9
Автомобиль бөлшектері зауыты, протез-ортопедия, жол техникасы зауыты бар.
+
10
«Васильков кен байыту комбинаты» АҚ бар
+
Географиялық есеп.
«Солт.Қазақстан» тобына:Карта бойынша масштабты ескере отырып Ақтөбе-Ақтау қалаларының ара қашықтығын есептеңдер.
«Орталық Қазақстан» тобына:Карта бойынша масштабты ескере отырып Көкшетау-Өскемен қалаларының ара қашықтығын есептеңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.
Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші Астана.
Алғашқы астана – Орынбор қаласы, екінші – Қызылорда, үшінші - Алматы қаласы болса, төртінші – Астана қаласы болып отыр.
Сабағымызға оқушылар өздері ізденіп, Астана қаласының презентациясын әзірледі.
1998 жылғы 6 мамыр басты жаңалық – Елбасының «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығы болды. Қала қарыштап өсіп, жаңа алып құрылыстар, сәулетті ғимараттар бой көтерді. Бірінен-бірі өтеді. Мысалы, Президент резиденциясы, Президенттік мәдениет орталығы, «Интер-континенталь» қонақүйі, Отан қорғаушылар монументі, Сенаттың жаңа ғимараты, Конгресс-холл, т. б. сәулет орындары мен спорт сарайлары қалалықтар мен астана қонақтарының мерейін тасытып, көзқуанышына айналды. 2000 жылы гольф-клуб, «Алатау» спорт сарайы, басқа да мәдени орталықтар салынды. Елбасы Ақордаға нық орнықты. Бұдан басқа Есілдің сол жағалауындағы балаларға арналып салынған «Думан» ойын-сауық» кешені, «Қазақстан картасы» этнопаркі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, т.б. қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Сонымен қатар бүгінде Есілдің сол жағалауындағы әкімшілік ғимараттары – Үкімет үйі, Парламент үйі, Министрліктер үйі, т.б. осы заманғы сәулеткерлік талапқа сай тұрғызылған түрлі нысандар, тұрғын үйлер, кім-кімді де баурап алады.
«Хан шатыры» ойын-сауық орталығы Астанадағы ғажайып орындардың бірі болмақ. Жаңа қаланың осінің солтүстік жағын ала бере, көздің жауын алатындай, екі жүз метрлік сұлу ғимарат бой көтермек. Атауының өзі айтып тұрғандай, қала тұрғындары мен қонақтарының алдынан көшпенді алыптың қолымен тұрғызылған хан шатырлары есіктерін айқара ашып, көпшілікті таңқалдырмақ. Жаңа елорданың ең биік ғимараты, Орта Азиядағы ең үлкен ойын-сауық орталығы «Хан шатыры» Астананың кез-келген нүктесінен мен мұндалап тұрары анық.
«Астана» стадионы елорданың ерекше сәулет құрылыстарының бірі болмақ. Оның құрылысы үшін Астана мен елорда әуежайының ортасынан үлкен тікбұрышты алаң бөлінген. Оған спорттық нысандар, әсіресе стадиондар салудағы ең озық технологиялар пайдаланылады.
ҚР Президенттік мәдени орталығының мұражайы. Мұражай қорында 143232 бірлік жәдігерлер бар. Бұл археологиялық, этнографиялық, тарихи, мәдени және өнер жәдігерлері. Олар үш түрлі: негізгі, ғылыми-көмекші және уақытша сақтау қорларында орналасқан.
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығының кітапханасы. . Кітапханада Қазақстанның көшпелі кезеңнен бүгінге дейінгі тарихына қатысты негізгі кітап байлығы қалыптастырылған. Сонымен бірге мұнда 700 мыңнан аса түрлі электронды немесе жазба құралдары арқылы сақталған бірліктері бар қоғамдық, ғылыми қорлар жұмыс істейді.
ІV. Сабақты бекіту. Дәптерлеріңе Астана туралы сандық мәліметтерді түсіріңдер:
-
-
-
-
V. Қортынды. Оқушылар Қазақстанның кескін картасына Астана, еліміз туралы тілектерін жазып іледі.
VІ. Үйге: §49
VІІ. Бағалау
Тоқмансай негізгі мектебі
Астана – Қазақстан Республикасының Елордасы
Класс: 9
Пән мұғалімі: Жарбусинова М.М.
2014 жыл
«Білім еліне саяхат». Екі топқа сұрақтар қойылады.
«Солтүстік Қазақстан» тобына:
Қазақстан қанша экономикалық ауданға бөлінеді? 5
Қарағанды облысының орталығы? Қарағанды
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының аумағы? 283,2 мың км.кв.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың орташа тығыздығы? 1 км.кв. 2,9 адам
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған саласы? (мұнай, газ)
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның маманданған саласы? Ауыл шаруашылығы
Солтүстік Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамыған саласы? Тау-кен
«Орталық Қазақстан» тобына:
Қазақстан неше облысқа бөлінеді? 14
Батыс Қазақстан облысының орталығы? Орал
Қарағанды облысының аумағы? 428,0 мың км.кв.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың орташа тығыздығы? 1 км.кв.5 адам
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған саласы? Түсті металлургия
Орталық Қазақстан экономикалық ауданның маманданған саласы? Қара металлургия
Қай экономикалық ауданда құрғақшылыққа төзімді тары өсіріліп, республика егістігінің 40%-н құрайды? Солт.Қазақстан