ІІ | Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1. Адамдар жерді не үшін пайдаланады? 2. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қандай мәдени өсімдік түрлері өсіріледі? Кейін жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді: 1) АӨК-нің құрамы мен құрылымы. Ауыл шаруашылық өнімдері бұзылып кетпеу үшін оларды уақытында өңдеп, халыққа жеткізу керек. Осының негізінде АӨК-ә құрылады. Бұл кешен аса ірі салааралық кешен – жұмыскерлер саны 2,4 млн адам. Жалпы ішкі өнімнің 1/10 береді. 2) АӨК-нің І буыны. Бұл АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдықтар жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. АӨК-і ескі техника пайдаланады. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. 3) Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы – АӨК-тің орталық тізбегі болып табылады, ел экономикасынң дәстүрлі саласы. Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр. Ауыл шаруашылығына қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы. 4) Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, бақша шаруашылығы, жүзім өсіруден тұрады. Егін шаруашылығына табиғи факторлар – жылу, жарық, ылғал қатты әсер етеді. Елімізде егіншіліктің басты саласы – дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай өсіру. тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен тақырыптық карталар пайдаланылады. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді: 1. Жер қойнауынан пайдалы қазбалар алады, сонымен қатар егін егу үшін, мал жаю үшін пайдаланады. 2. Қазақстанның солтүстігінде бидай өсіріледі, оңтүстігінде күріш өсіріледі, қарбыз, картоп өсіріледі. Оқушылар жаңа тақырып бойынша мұғалмнің әңгімесін тыңдап отырып, ең негізгілерін жазып отырады. 1. АӨК-і үш буыннан тұрады: І буын – АӨК-не қызмет көрсету саласы, іі буыны – ауыл шаруашылығы, ІІІ буыны – тамақ және жеңіл өнеркәсіп. 2. Бұл АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдықтар жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. 3. ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен айырмашылығы: 1) ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып табылады; 2) ауыл шаруашылығы – маусымдық сала; 3) АШ өндірісіне климат қатты әсер етеді. Қазақстанның барлық аумағы – 272 млн га, ауыл шаруашылық жер аумағы – 216 млн га: жайылымдар-182 млн га (84%), жыртылған жерлер-23 млн га (11%), шабындықтар-5 млн га (2%), тың жерлер-6 млн га (3%). Жерді жақсарту шараларының бір уақытта қатар жүргізілуі кешенді мелиорация деп аталады. Ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығы 4. Дәнді дақылдар – бидай, арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары, қарабидай. Техникалық дақылдар – мақта, қант, күнбағыс, картоп. |
ІІІ | Тақырыпты бекіту үшін 183 беттегі 1-тапсырма, 184 беттегі 2-5 тапсырмаларды және 185 беттегі тестерді береді. | Тапсырмаларды оындауы: 1-тапсырма. Орталық Қазақстанда (90%) ауыл шаруашылық жері Шығыс Қазақстанға (70-80%) қарағанда көп, өйткені Орталық Қазақстанның ауданы да үлкен әрі ШҚ-да биік таулы аймақтар бар. Оның ішінде ең көбі жайылымдар, бірақ Шығыс Қазақстанда ормандар мен бұталар үлесі Орталық Қазақстанға қарағанда көбірек. 2-тапсырма. Алып жатқан аумағына қарамастан Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық жері (90%) Батыс Қазақстанға қарағанда (80-90%) көбірек. БҚ жайылымдық жерлері СҚ қарағанда көбірек, ал СҚ жыртылған жерлері көбірек, мұның себебі – климат жағдайларында, яғни БҚ климаты көбінесе мал шаруашылығына жарамды, ал СҚ егістікке. |