kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану-математика циклы п?ндерінен о?ушыларды? ?ылыми-зерттеу ж?мыстарын ?йымдастыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.?ылыми ж?мысты ?йымдастыруда белгілі бір та?ырып бойынша к?мек

к?рсету, ?осымша ма?л?маттар беру.

2. ?ылыми ба?ыт бойынша зерттеу материалдарыны? тізбесін жасау ж?не

с?рыптау.

3. Ж?мысты? ?мірше?дігіне м?н беріп, ортамен байланысына к??іл б?лу.              4. Зерттеу кезе?дері бойынша ?олданатын ?діс-т?сілдерді аны?тау.

5. О?ушыны? ж?мыс барысында?ы жеке ?олта?басы, жа?алы? ?ыры,

шы?армаларын талдай білуі ескеріледі.

6. Ж?мысты? со?ында ?орытындылар мен пайдаланыл?ан ?дебиеттерді?

тізіміне к??іл б?лінеді. 

Работа с одаренными детьми. Организация научно-иссследовательской работы учеников по естественно-математическим циклам. При организации работы с учениками надо учесть возрастные категории, возможность,усвоение учеником материала.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану-математика циклы п?ндерінен о?ушыларды? ?ылыми-зерттеу ж?мыстарын ?йымдастыру.»

Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі

М.Әуезов атындағы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Жаратылыстану-математика циклы пәндерінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.







Директордың ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары: Байқожаева Гүлжанат Джолтаевна






















Қаратау қаласы 2015 ж

Жаратылыстану-математика циклы пәндерінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.


Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның жеке түйінді құзыреттілігіне негізделген оқушының дарындылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қабілеттерін анықтай отырып тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі бала – қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз. Оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру - ол ізденіс. Оқушының құштарлығы мен қызығушылығы, сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі, еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі, бар ғылымның бастауы – мектептен басталады. «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»-деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту-оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушының бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек. Оқушыны зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Қазіргі мұғалімнің басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын, бала одан әрі жақсы оқи түседі» - Питер Клайн және «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады» - деген Ж.Аймауытов.
Жалпы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамыған, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым оқушылармен жұмыс жасаған дұрыс. 
Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқталған жөн. 
- әрбір оқушының жеке - дара ерекшеліктерін ескеру; 
- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру; 
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бала-табиғатынан зерттеуші. Зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруымен бірге, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді және қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ең бастысы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшеліктерін, өзектілігін, маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы проблеманы анықтап, шешу жолын табады, ойын ашық жеткізеді, белсенділігі артып, талдауға үйренеді, түсініп, топпен бағалайды және өз бетімен жұмыс жасау құзыреттілігі дамиды. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады және жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:

1.Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек

көрсету, қосымша мағлұматтар беру.

2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және

сұрыптау.

3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу. 4. Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау.

5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры,

шығармаларын талдай білуі ескеріледі.

6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің

тізіміне көңіл бөлінеді.

Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

- Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау;

- Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;

- Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе

алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;

- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

- Жұмыстың көркем безендірілуі. 

- Ғылыми жобаны қорғайтын оқушыларға қойылатын талапты жетекшісі де, қазылар алқасы да назарда ұстап, бағалауды әділ жүргізу;

- Ғылыми жұмыспен айналысатын балаларға қолдау көрсетіп, тауының шағылмауына жағымды жағдай қалыптастыру мәселесін ескеру;

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Оқушыны зерттеу жұмысына баулу барысында мұғалімнің бағыт-бағдарына, біліміне, іскерлігіне қойылатын талаптар:

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

өзінің пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

-оқушыны жақсы көруі, қарым-қатынаста болуы;

-жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс – тәсілін білуі;

-дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс – тәсілін білуі;

- оқыту-тәрбиелеу үдерісінде үлгеріміне ғана көңіл бөлмей оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

- дарынды оқушының ғылыми ізденіс жұмыстарына жетекшілік етуі;

- ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

- оқушылардың ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық айтуға үйрету; оқушыларды өзінде бар түсініктерді қарама–қайшы құбылыстармен ұштастыру, алдын ала болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге үйрету. Оқушыларға зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс, үйірме жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. 
Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оқушылармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, ақпараттық технологиялар және оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану өте тиімді. Жалпы оқушылардың тәрбиелік және ғылыми–зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын құру өзектілігі мынаған саяды: 
- біріншіден, оқушылардың үрдісін демократияландыру және ізгілендіру. 
Бұл оқушының тұлғалық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай туғызады; 
- екіншіден, оқушының оқу және тәрбиелік деңгейін анықтайтын педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері; 
- үшіншіден, оқушының білімін арттырудағы мектепішілік жүйесінің қажеттілігі. Оқушылардың мүмкіндіктерін айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек. Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау, қазіргі заманғы әдебиеттерді оқып-үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау, оқушылардың даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Абайдың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», -деген ой-тұжырымы растайды. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені, бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.

Мектепте бастауыш сынып оқушылары тамшыдай болса да ғылымға өз үлестерін қосып жүр. Ауданда өткен «Мен зерттеуге үйренемін» атты балғын зерттеушілер байқауында 4-сынып оушылары Б.Марат, Д.Өмірәлі «Бақбақтың емдік қасиеттері» 3-орын, Нарина Мұсаева және Али Мұсаев «Домбыраның сыры мен қажеттілігі» І орын, 3-сынып оушысы Д.Жорабек «Грек жаңғағының емдік қасиеттері» және «Құмырсқаның емдік қасиеті мен құдіреті» тақырыбында М.Ахмедованың зерттеу жұмыстары жүлделі ІІ-ІІІ орынға ие болды.
Мектебімізде әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибелерді жетік игеру, оқу процесін технологияландыру бағытында шығармашылық топтар жұмыс істейді: олар дамыта оқыту, 
интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту технологиясы және оқытудың жаңа әдістерін меңгерген жаңа тұрпатты, сертификатталған ұстаздар. Шығармашылық топтардың басты мақсаты оқу процесінде оқушылардың оқуға ынтасын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту, оқушының мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын шебер, тиімді ұйымдастыруға бағыт-бағдар беріп көмектесу.
Мектепте дарынды, қабілетті оқушыларды ғылыми- ізденіске баулу жұмысы 2004-2005 оқу жылынан басталу алған. Ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында 2008 жылы «Ғылым көкжиегі» атты оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылып, нәтижелі жұмыс атқаруда. Ғылыми қоғамның мүшелері әртүрлі халықаралық, республикалық интеллектуалдық қашықтық олимпиадаларға және аудандық, облыстық пәндік олимпиада, білім сайыстарына қатысып, жақсы жетістіктерімен мектеп мерейін асыруда. Әр оқушының білім сайыстарындағы жетістіктері мектептің педагогикалық ұжымы үшін үлкен мақтаныш.

ОҒҚ мүшелерінен жыл өткен сайын 8-11 сынып оқушыларының жалпы пәндер бойынша ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылар саны артып келеді.

2006-2015 жылдар аралығында 16 оқушының ғылыми жоба жұмысы ауданға ұсынылып жүлделі орындарды иеленді. 9 оқушы облыстық кезеңде жүлделі І-ІІІ орындарға ие болса, 1 жұмыс республикалық ғылыми жоба жарысында жалпы білім беретін пәндер бойынша көрсеткен ерекше жетістіктері үшін «Дарын» төсбелгісі және «Дарын» грамотасымен марапатталды. Осы жетістіктерімізді - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады. 2006 жылы облыстық ғылыми жоба жарысына 9-сынып оқушысы Ж.Сапарбеков биология пәнінен «Қаратау өңіріндегі өсімдіктер әлемін зерттеу» тақырыбында жүлделі ІІІ орынға ие болса, 2007 жылы облыстық сырттай ғылыми жоба байқауына ұсынылып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

2011 жылы Қазақстан тарихы пәнінен 9-сынып оқушысы Л.Қарабек «Ортағасырлық Тамды қаласын зерттеу» тақырыбында қорғап, жүлделі І орын алды.

2012 жылы этномәдениеттану секциясында «Күрд ұлтының қол өнері» тақырыбына 9-сынып оқушысы Г.Иманалиева жүлделі ІІІ орын, өлкетану секциясында «Бүгіл өзені бойындағы петроглифтер» тақырыбына 10-сынып оқушысы Л.Қарабек өзжұмысын сәтті қорғап, жүлделі І орынға ие болды. 2013 жылы республикалық кезеңінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында көрсеткен ерекше жетістіктері үшін «Дарын» төсбелгісі және грамотасымен марапатталды. Жоба жетекшісі тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі С.Қарабеков.

2013 жылы биология пәнінен «Тиімді өнім беретін мал тұқымдарын өсіру» тақырыбында 9-сынып оқушысы Қ.Мұрат өз жұмысын ойдағыдай қорғап, облыстық ғылыми жобалар жарысында биология секциясы бойынша терең білімімен ерекшеленгені үшін арнайы грамотамен марапатталды, жоба жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Ш.Тойшыбек. Ал 11 сынып оқушысы Л.Қарабек «Ортағасырлық Тамды қаласы аймағындағы қарауылтөбе, обалар» атты жобасын тарих пәнінен қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі С.Қарабеков.

2014 жылы облыстық ғылыми жобалар жарысына 3 оқушы қатысып, оның 2-еуі жүлделі орынға ие болды. Олар:11-сынып оқушысы Г.Иманалиева өлкетану секциясы бойынша «Ұлы Жібек жолының Қаратаудың терістік беткейіндегі тармақтары» тақырыбында жұмысын сәтті қорғап, жүлделі ІІ орын, ал 10-сынып оқушысы Қ.Мұрат технология пәнінен «Электрлі күбі» тақырыбында этномәдениеттану секциясында жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі С.Жайшибеков–технология пәнінің мұғалімі.

2015-2016 оқу жылында облыстық ғылыми жобалар жарысына 2 жұмысты «Қаратау қаласының ауа құрамы» география пәнінен және гуманитарлық пәндерден Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» тақырыбында этномәдениеттану секциясына ұсынылды.

Оқушыларды ғылыми жоба жарысына дайындаудағы жетістіктерімізді әріптестеріміз бөлісу мақсатында 2013-2014 оқу жылы «Бүгінгі дарын –ертеңгі ғалым» атты ғылыми- практикалық конференция өткізілсе, 2014-2015 оқу жылында оқушыларының аудандық ғылыми жоба жарысы мектебімізде өтті.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектеп оқушыларын ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Осы мақсатта мектеп ұжымы «Халықаралық ғылыми зерттеу орталығы», М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПИ және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ЖОБПҚБАИ ғалымдарымен тығыз байланыста.

Қорыта келгенде О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету-өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ізденушілік қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

Әрине, атқарылар істер аз емес. Атап айтқанда, олар - білім сапасын арттыру, оқушылар біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.б. Жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі және ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы керек. Өйткені ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармаған жөн. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қоса берейік дегім келеді.


Пайдаланған әдебиеттер: 
1. «Білім беру сапасы – Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты материалдар жинағы 2009 жыл 
2. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. стр. 13, 19, 21 
3. «Педогогикалық кеңес» журналы № 2,3 2011жыл 

4. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектеп директоры» журналы № 3 2014 жыл.

5. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы № 5, 2014 жыл.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Байхожаева Гульжанат Джолтаевна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290994


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства