Это материал конференции включает всебя материал использования АКТ на уроках Карта математикалык за?дылыкка кнегіздеел отврвтн лрала жасаалгето провеовиь лвпроаллао араоалла пшшр шол ооо оло лд лдл. шщ?, оало,тл,шллв орлл, ололь,оотлдл, орршра.шгоолдор,оголдьлд шгрршщ гргр, оррг,ти олл, иоттльл, шрршщшщ.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«xxi ?асырда?ы білім беру мен ?ылымда?ы АКТ »
XXIғасырдағы білім беру мен ғылымдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Мысамбаева Гулбаршин Нуралиевна
№ 7 орта мектеп мемлекеттік мекемесі Мұнайшы селосы
Қарақия ауданы Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасы
Аннотация
Статья посвящена вопросам использования новых информационно-коммуникационных технологий в сфере науки и образования. ХХI век является веком высоких технологий, здорового образа жизни, человечество нуждается в широком использовании в сфере образования и науки новых технологии,так как используются интернет, электронные почты, проведение телеконференции, видео-конференции, меняться информациями электронной связи – все это достигается при помощи телекоммуникационной систематизации.
Summary.
The article deals with questions of using new technology ICT in science and in education system. XXI century is a century of new technology, it provides peoples healthy life and professional development of culture and education. It needs wide using in education and in science of new technology e.t.c. It can be used internet, e-mail, spending teleconference, video-konference, chanding informations of which communicate with electronic, all that will be with help of telecomunicathion system.
«Білімдінің құнды нәрсе болғаны соншалық, оны
кез-келген бұлақтан жинап алу әурешілік емес.»
Әбу Әл-Фарадж Әл Исфахани
Елбасы атап өткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет».Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор .ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі,технологиялық мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілікке мұқият қарайтын дәуір.Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі .Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Кез келген оқытудағы ақпараттық технология ақпараттық білім жүйесінің негізінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына аппараттық және бағдарламалық қолдау көрсететін құралдар тек бір жеке компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қоймауы керек.Ақпараттық технологиялардың сапалы және қол жетерлік білім үшін мәні төмендегідей:ақпаратпен жұмыс жасау тұжырымдамасының қарапайымдығы бейнелермен, дыбыспен, мультимедиамен жұмыс жасауды жеңілдетеді.Микроэлектрондық база ең арзан және қол жетерлік энергия түрлерін қолданады.Жаңа технологиялар қарым-қатынас тәсілдерін өзгертеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтеді, ғылымға, білімге, мәдениетке, саясатқа бұрынғыдан да үлкен ықпал етеді.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан.оны ақпараттық революция деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:ақпаратты ұсынудың жаңа формасы.Қызықты немесе алдын-ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек мәтіннен емес, графикалық бейнелерден, анимациялардан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, ғаламтор желісі арқылы компакт дискілерге жазылады. Ғаламтор электрондық кітапханалар каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, үлкен ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді.Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық ашық жол бермейді.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізігі мақсаты «Е-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету.
Соңғы жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық байланыс, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті сабақта компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану жақсы нәтиже беруде.Интерактивтік оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады... Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Интерактивті тақта- топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор.Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады . ал егер де керекті материалдың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау- құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технология;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
1 ) Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
2) Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
3) Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
4) Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
б) білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
в) шығармашылық есептер шығару;
г) қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
ғ) қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
д) экономикалық тиімділігі;
е) іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
ж) қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
з) оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолдануға болады:
Оқушының дайындық деңгейін,ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттықтехнологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қалыптастыру.
Проблемалық зерттеу,аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Мен мынадай ұсыныс айтар едім: білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтаса, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілсе, білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық-технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастырылса.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындау – мұғалім міндеті..
Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағына да күрделі мәселе болып табылады.Қазақстанның әлемдегі мейлінше бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясына сәйкес білім беру жүйесін қайта құру, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту, жас ұрпаққа жаңа оқу-әдістемелік құралдарын дайындау қажеттілігі анықталды.Осыған орай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әрбір маман иесі жете меңгеруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.