?азіргі та?да ?ылымны? барлы? салаларыны? жедел дамуы, техникалы? прогресс, акселерация ы?палы о?ушыны? тере? теориялы? ойлануына ?абілеттілігін арттырып отыр. Ал ?стазды? міндеті о?ушыларды? даму м?мкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай а?ыл ойды дамытуды? жо?ары де?гейіне жету. Сондай игі ма?сатты к?здеген б?гінгі бізді? география п?нінен сыныптан тыс саба?ымыз болма?.
Топ?а б?лу.
І-топ: «Каспий» тобы
ІІ-топ: «Жайы?» тобы.
Интелектуалды? сайысты? кезе?дері:
?айырлы к?н,??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар.?р бір азаматты? е? басты міндеті ел болаша?ыны? дамуына ?з ?лесін ?осу.А.Байт?рсыновты? «Жер ?анша бай болсада,халы? білімсіз болса,байлы? бас?а халы?ты? ?олына к?шеді» деген жа?сы с?зі бар сол байлы?ты пайдаланып,ел игілігіне жарату-тек ?ана білімділерді? ?лесіндегі м?селе.
Білімді бала ешн?рседен ?оры?пайды.?р уа?ытта батыл.
А?ыл тон а?да?анда тозбайт??ын
Білім-кен ?анша болса тозбайт??ын
?атары? оза шауып бара жатса,
Ар?аны? ауруы не ?озбайт??ын,-деп Т?рма?анбет Ізтілеуов айт?андай білім саласына ?атысушы топтарды орта?а ша?ырайы?.
Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс шара "Интеллектуалды сайыс саба?ы"»
Интелектуалды сайыс сабақ.
Күні: 08.04.2016 жыл
Сынып: 10 «а»,10 «ә»,11 «а»
Сабақтың мақсаты:
Қазіргі таңда ғылымның барлық салаларының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы оқушының терең теориялық ойлануына қабілеттілігін арттырып отыр. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың даму мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай ақыл ойды дамытудың жоғары деңгейіне жету. Сондай игі мақсатты көздеген бүгінгі біздің география пәнінен сыныптан тыс сабағымыз болмақ.
Топқа бөлу.
І-топ: «Каспий» тобы
ІІ-топ: «Жайық» тобы.
Интелектуалдық сайыстың кезеңдері:
Қайырлы күн ,құрметті ұстаздар және оқушылар.Әр бір азаматтың ең басты міндеті ел болашағының дамуына өз үлесін қосу.А.Байтұрсыновтың «Жер қанша бай болсада,халық білімсіз болса ,байлық басқа халықтың қолына көшеді» деген жақсы сөзі бар сол байлықты пайдаланып ,ел игілігіне жарату-тек қана білімділердің үлесіндегі мәселе.
Білімді бала ешнәрседен қорықпайды.Әр уақытта батыл.
Ақыл тон аңдағанда тозбайтұғын
Білім-кен қанша болса тозбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім саласына қатысушы топтарды ортаға шақырайық.
Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай танымда, жат дауыста. Біреу озып шығады қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым,біреулер шалыс басып. Бұл ойында шығады тамаша ойлар, Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып –дей отырып ойынымыздың 1- шарты таныстыруды бастаймыз!
І-кезең. Таныстыру.
ІІ-кезең. «Иә-жоқ»
ІІІ-кезең. « Меннен сұрақ-
сізден нақты жауап»
ІV-кезең. « Интеллектуалды
жекпе- жек»
САЙЫС БАРЫСЫ:
І-кезең.Таныстыру кезеңі.
Әрбір топ өз топтарын таныстырады және ұрандарын айтады.
ІІ-кезең. «Иә-жоқ» кезеңі.
«Каспий» тобына сұрақ.
1.Италия мемлекеті Апинин түбегінде орналасқан
Иә
2.Аяз-атаның мекені Лапландия.
Иә
3.Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді.
Жоқ
4.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
Иә
5.Қазақстан 6 елмен шектеседі
Жоқ
6.Дүние жүзінде 250 астам ел бар
Иә
7.Африка Саваналарында мекендейтін ең бойшаң сымбатты адамдар Пигмейлер.
Жоқ
8.Қазақстанда бес экономикалық аудан бар.
Иә
9.Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымы құрамындағы елдер дейді.
Иә
10. Жауын-шашын көп түсетін аймақ Черапунджи.
Иә
“Жайық” тобына сұрақ
1.Еуропадағы ең ұзын ел Шведцария.
Жоқ
2. Германияның ең ірі өзені Висла.
Жоқ
3. Икарус автобусы Венгрия елінен шығады.
Иә
4. Данияның астанасы Осло.
Жоқ
5. Олимпиада ойындарының отаны Грекия.
Иә
6. Югославия- Югославия, Хорватия, Словения, Босня және Герцевания,
Македонияға бөлінеді.
Иә
7. Африка Саваналарында мекендейтін ең бойшаң сымбатты адамдар-
Тутси-химилер.
Иә
8. Отты жер аралы мен Оңтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз -Дрейк.
Жоқ
9.2010 жылғы Қысқы олимпиада Канада елінде болып жатыр.
Иә
10. Қазақстанда алты табиғат зонасы кездеседі.
Жоқ
ІІІ-кезең.“Менен сұрақ-сізден нақты жауап”
1- ұяшық .
Олардың көлемі 20 см, салмағы- 1, 5 кг- ға дейін.
Көмек сұрақтар:
Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді (400)
2.Әсіресе, бұл құбылыс ауыл шаруашылығына өте қауіпті (300)
3.Бұл жаңбыр кезінде болады және нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді (200)
4.Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болып келеді (100)
Жауабы: Бұршақ
2- ұяшық.
Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек
Көмек сұрақтар
1.Оның формасын оның шығу тегімен байланыстырады (400)
2.Ол тек жылуды сіңірмейді, сонымен қатар, оны ауаның салқы қабаттарына
да жібере алады (300)
3.Олар ащы және тұщы болады (200)
4.Оның қалыптасуына нақты жағдайлар қажет, суды сақтай алатын ойыс қажет (100)
Жауабы: Көл
3- ұяшық.
Кейде күн сәулелері бұлтты немесе жаңбырды жарқыратаныны соншалық,
олардың бедерінде, дәл киноэкрандағы сияқты ерекше бейнелер пайда болады
Көмек сұрақтар
1.Атмосферадағы жарқын оптикалық құбылыстардың бірі (400)
2.Бұл құбылыстың орталығы Күнге қарсы нүктеде, сондықтан бұл құбылыстың төменгі жағы көрінбейді- Жер кедергі келтіреді(300)
3.Бұл құбылыс жаңбыр тамшыларында шағылысу немесе сыну үрдістерімен қатар жүреді (200)
4.Жазықтықта бұл доға түрінде болады (100)
Жауабы:Кемпірқосақ
“4- ұяшық.
Бұл құбылыс литосфераның, атмосфераның және гидросфераның
пайда болуында маңызды рөл атқарған. (500)
Көмек сұрақтар
1.Мұхитта да құрлыққта да кездеседі (400)
2.Ыстық газдан, будан, күлден, тастан тұрады(300)
3.Сөнген және сөнбеген түрлері кездеседі(200)
4.Везуви,Ключи шоқысы,Эльбрус. (100)
Жауабы:Жанартау
ІV-кезең .«Интеллектуалды жекпе-жек.
1.Бейне сұрақ :
Арал,жанартаулар,жылы жайлар.
Солтүстік ендіктеге басқа мұхит.Бұл арал орта мұхиттық жотаның
көтерілуінен пайда болды. Бұл сөнген және әрекет етуші жанартаулар патшалығы.Ең ірісі- Гекла, ел астанасы- Рейкьявиктен шығысқа қарай
орналасқан.Өзінің шығу тегіне байланысты аралда гейзерлер өте көп.
Сан мыңдаған гейзерлердің ыстық сулары үйлерді, жылы жайларды жылытуға пайдаланылады.
Жауабы: Исландия
2.Географиялық есеп:қысым,тау,биіктік.
Қалыпты атмосфералық қысым 760мм сынап бағанасына сәйкес.
Әрбір 10,5 метр биіктікке көтерілген сайын, қысымның сынап бағанасы бойынша 1мм-ге кемитінін барометр көрсетеді.
Егер барометр тау етегінде 740 мм-ді, ал тау басында 440мм-ді көрсетсе, салыстырмалы биіктік қанша болады?
Жауабы:3150 м
740мм-440мм=
=300мм*10,5=3150м
3. Географиялық есеп:
Метр,биік,төмен.
Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша?
Жауабы:7127м 6995+132=7127м
4. Бейне сұрақ:
Маймыл, шай,рубин.
Бұл аралда не жоқ дейсіз: маймылдарда да, пілдер де, банан да және дүние жүзіндегі ең тамаша шай да осында. Ол пайдалы қазбаларға керемет бай,әсіресе, бағалы тастар: көк сапфир, қанды-қызыл рубин, аметист,
жұмбақ александритті ертеден- ақ өндірген. Картаға бұл арал тамшы түрінде үлкен жер атауына берілген. Бұл жұмбақ бұрыш қайда орналасқан ?
Жауабы:Шри-Ланка
5. Бейне сұрақ :
Виктория регия, электрлі су жыланы.
Бұл өзенде ұзындығы 4м,салмағы 200 кг болатын алып арапайма балығы, электрлі су жыланы, ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2м-ге жететін виктория регия кездеседі.
Жауабы: Амазонка
6.Ойлан тап:
Күн,бөлме, жылу.
Бөлме ішінде терезе алдында су толған құмыра тұр , күн сәлесі жарқырап бөлмеге түсуде. Судың қай жағындағы температурасы жоғары?
Жауабы: температура бірдей, себебі бір ыдыстың ішінде .
Қорытындылау.
Бүгінгі сайысымызды таразылап, бағасын беретін і әділқазылар алқасына сөз береміз. Болмасын ешбір сын – өкпе, Әсері қалды жүректе. Қазылар берген бағалар, Ұштассын айтар тілекке! Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді. Осымен «Интелектуалды сайыс саба5ы » аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!
Жанат жерде көрмеген таңдай қағып,
Жыр жанатын ұрпаққа жалған уақыт.
Жүрегіме ән құйған жасыл өлке,
Сенде туып, сенде өскен қандай бақыт.
(Ф. Оңғарсынова)
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.
Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады.
Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.»
Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі .
Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларымызға үлкен рахметімізді айтамыз. Бүгінгі сабағымызды АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ «Сен де бір кірпіш дүниеге ,кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдарымен аяқтаймыз.Өз білімдеріңіз арқылы еліміздің тіреу болар азаматтары болыңыздар.