Просмотр содержимого документа
«Мұхиттар мен материктер географиясы.Сыныптан тыс мерекелік сағат.»
Сыныптан тыс сабақ.
Тақырыбы: «Мәңгілік елге саяхат» Интеллектуалдық ойыны.
Күні:23.12.2016 жыл.
Сынып:7
Сабақтың мақсаты:
Қазақ елінің жері, тілі, тәуелсіздік жолындағы белестерінен, сыр шерте отырып ,географиялық ұғымдарға өту.Материктер мен мұхиттар пайдалы қазбалары,материктерде ұлттардың таралып орналасуы, бүгінгі Қазақстанның тынысынан сұрақтар беру арқылы оқушыларға географиялық білімді шыңдау. Болашаққа бағдар беру, мемлекетіміздің елдігін нығайту жас ұрпақтың еншісінде екендігін сезіндіру. Дамытушылық мақсаты: Мұхиттармен материктер географиясын меңгерту мақсатында 7 сыныптан топтар құру. Географиялық білімдерін жетілдіру, жан-жақты пән аралық байланысты дамыта отырып, жуйелі ой-өрісін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:Отанын, ұлтын, тілін сүюге үйрету,сахына мәдениетін сақтауға ,өз елінің, өзге елдің мәдениетін құрметтеуге шақыру.Өз мүмкіндіктерінше ұлттардың киімдерін кию,уй тапсырмасына беріледі.Егеменді еліміздің рухты, ұлтжанды ұрпағын тәрбиелеу.
Гюзаль:Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елге саяхат» атты тарихи географиялық сазды кешімізге хош келдіңіздер!
Айсулу:
Бүгінгі кешімізде өнер көрсететін7 сынып оқушыларын құрметпен ортаға шақырамыз!
Гюзаль:
1-топ Африка тобы мүшелері:Еңлік,Маржан,Ералы,Абылай.
2-топ Аустралия тобы мүшелері:Айда,Ерасыл,Асыл,Михриван
3-топ Мұхиттар тобы мүшелері:Арайлым,Баян,Ердәулет,Нұрай
Айсулу:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын,көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі—Ән ұраны.Ән ұранға құрмет көрсетейік!
Гюзаль: Бүгінгі кешіміздің әділқазылар алқасымен танысып қояйық.
Құрметті әділқазылар өнер көрсететін 7 сынып оқушылары Мұхиттармен материктер географиясын оқып жатқандықтан 6 материк 4 мұхитты меңгеруі шарт.Сондықтан дұрыс жауапқа материк,қате немесе толық емес жауапқа суреттер бересіздер.Топтың жеңіске жетуі 6 материкті жинауында,яғни 6 тапсырма болады.топ 1 орын 6 материкті жинаған топта болады.Әрі қарай материкті қаншалықты жинауына байланысты.Ендеше өте сақта әділ болайық.
Сәттілік!
Айсулу:
1 Саяхат.Таныстыру,киім үлгісі.
Үй тапсырмасы.Материктің Қазақстанмен байланысы,немесе мұхитқа сипаттама
Әділқазылар сайыстың 1кезеңіне бағасы.
Гюзаль:
2 Саяхат. Материктермен мұхиттарға саяхат.Құрастыру.түрлі жер-су атаулары үсынылды,сіздер материктегі немесе мұхиттағы орнын тауып орналастыру керек.3 мин уақыт.
Гюзаль: 4 саяхат. Материктермен мұхиттар бойынша білімдерін тексеру,жиыны 15 сұрақ.
1.Африка материгінің шеткі нүктелері көрсет.
2.Гибралтар бұғазын көрсет.
3.Қай зерттеуші есімімен Аустралия аралы аталады? көрсет.
4.Аустралия Одағы астанасы көрсет
5.Үнді мұхитының терең жерін көрсет
6.Атлант мұхитының терең жерін көрсет
7.Африка өзендерін көрсет
8.Сомали түбегін көрсет
9.Африканың ең биік нүктесі көрсет
10.Намиб шөлін көрсет
11.Аустралия шеткі нүктелері көрсет.
12.Солтүстік мұзды мұхитының терең жерін көрсет
13.Тынық мұхитының терең жерін көрсет
14.Аустралияның ең биік нүктесін көрсет.
15.Жер шарындағы ең ірі маржан түзінділері қайда?
Әділқазылар саяхаттың 4 кезеңіне бағасы.
Айсулу:
5 саяхат «Көрермендердің сұрағы бар»3 топқа кезек қойылады,2 сұрақтан.Ұтымды сұрақ қойған көрермен жеңімпаз .
Әділқазылар саяхаттың 5 кезеңіне бағасы.
Гюзаль:
6 саяхат «Қазақстанға тілек»(сөздер үлестіріледі, сөйлем құрау керек) 3 мин
Айсулу:
Бабадан қалып жеткен көрегенді,
Еркіндік қазағында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл!Құтты болсын егемендік!-деп озық топтарда белгілі болды,ендеше марапаттау рәсімін жасап топтарды тілек сөздерімен сахнаға шақырамыз!
Гюзаль: Иә,тарих толқынында толқып отырып,телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды Мереке құтты болсын! Айсұлудың әні
«Қазақстан-2050-Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол. Әрбір күніміз мерекелі,әрбір ісіміз берекелі болсын!Дамуымыз жедел,келешегіміз кемел болсын!Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!»-деген елбасымыздың қорытынды сезімен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!