Просмотр содержимого документа
««Мектептегі туристік-экологиялы? ба?ытты о?ытуда география ж?не биология п?ндерін кіріктіруді? тиімділігі» »
Тақырыбы: «Мектептегі туристік-экологиялық бағытты оқытуда география және биология пәндерін кіріктірудің тиімділігі»
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мұғалім: - Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! Халқымызыдың мақтанышы болып отырған ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат пен адам! Өзіңізіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен. Жалпы адам баласы табиғатқа шықпаса, дем алмаса, табиғаттың сан алуан қызықтарын көрмесе, адам бұларсыз өмір сүре алмайды деп ойлаймын. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыз табиғатта жүріп-тұру ережелері, яғни «Мектептегі туристік-экологиялық бағытты оқытуда география және биология пәндерін кіріктірудің тиімділігі» сабағымызды бастаймыз.
Қарсы алыңыздар 9 а сынып оқушыларының орындауында би.
Мұғалім:Ең алдымен орман арасында жүрген кезде жан жаққа шашырамай, жинақы бір жолмен ғана мұғалімнің артынан жүріп отыруымыз қажет, сап бойында алдын бастап және артын қостап жүретін мұғалім не болмаса үлкен адам жүруі тиіс. Бір жолмен жүру себебі, түрлі өсімдіктерді таптап басып кетпеу мақсатында.
Біз табиғатқа демалуға шыққанда өзімізбен бірге ең қажетті заттарды ғана алуға тырысамыз. Солардың ең біріншісі ол шатыр. Шатырдың да құрудың өз ережелері бар екен, олай болса тамашалаңыздар.
Оқушы: №1 шатыр. Жалпы шатыр құрғанда су жағасынан алыс жерде, және жағып жатқан алауымыздан да алыс болуы тиіс. Жел ұшырып кетпейтіндей жерді де қарастырып, таңдап алынған орнымызды тастардан, ағаштардан тазалап алып барып қана кірісеміз. Шатыр құрылып болғаннан кейін астына жұмсақ, өзімізге жайлы көрпешелерді саламыз. (Шатырды құрып көрсетеді)
Мұғалім: Шатырымызды құрып алғаннан кейін біз тамақтың қамына кірісеміз, ал табиғат аясына шыққанда қандай тағам түрлерін алуымыз қажет екендігін келесі оқушыларымыз айтып береді.
Оқушы: №2 Қолданылатын тағам түрлері. Рюкзактан алып көрсетіп тұрады. Олар: макарон, шай, сгущенка, бұқтырылған ет, геркулес, хлопья және су.
Мұғалім: демалысқа шыққанда түрлі қызықтарсыз өтпейді. Олай болса тамашалайық.
Оқушылар. Көрініс.
Мұғалім: Түрлі жарақаттардан да аулақ болуымыз қажет, өзімізбен бірге аптечка да ала жүруіміз міндетті.
Оқушылар шығып аптечканың ішіндегі заттармен таныстырады.
Мұғалім: табиғатты тамашалап жүргенде көптеген өсімдік түрлерін де кездестіруіміз ғажап емес, сондықтан да биология пәнімен байланысты, яғни біз саңырауқұлақтың түрлерін де білуіміз абзал.
Оқушы: саңырауқұлақтың түрлерімен таныстырады.
Мұғалім: Табиғи жағдайда адам жарақаттанып қалуы мүмкін, ол үшін бізге қажетті көмекші зат ол – зембіл. Ал зембілді мынадай түрде жасауға болады.
Оқушы: Зембілді біз қолдан жасау үшін жақын жерден адамды көтере алатындай таяқ тауып алып өзіміздің курткамызды пайдалануға болады. Ол үшін ең алдымен куртканын жеңін қайырып алып, сол жеңін жаңағы ағашқа кіргіземіз.
Мұғалім: Тамақтарды дайындап, және де жаурап қалмас үшін біз алау жағамыз
Оқушы: №1Қазір біз сіздерге алаудың түрлерін, қалай қойылатындығын және қалай жағу керектігін көрсетеміз
№2 Бұл алаудың түрі «Құдық», ол өте қатты жанатын алау, оған киім кептіру өте ыңғайлы.
№1 Келесі құрап жатқан алау ол «Нодия» деп аталады. Ол ас әзірлеуге өте қолайлы.
№2 «Шалаш» ең қарапайым түрі.
№1 «Жұлдыз» Ең жақсы жанатын алау.
Мұғалім: Барлығымыз табиғатты тамашалап, үйге қайтатын кезде біз заттарымызды жинастыра бастаймыз, ал олардың арасында лақтыратын заттар өте көп сондықтан да оларды албаты лақтырап тастап кетуге болмайды.
Оқушы: Біз қоқыстарды жинағанда олардың ішінде қағаз заттарды отқа жандырып, ал консервілерді жерге көміп кетуіміз қажет. Ал егерде пластмасса бутылкалар қалып қалса оларды біз өзімізбен бірге алып кетуіміз керек.
Мұғалім: Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.