kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конкурс Говорящие карты и глобусы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сөйлейтін карталар мен глобустар" байқауы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конкурс Говорящие карты и глобусы»

«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

география пәнінің мұғалімі

Бархыбаев Абылай Мейрамбекұлының

«Сөйлейтін карталар мен глобустар» атты байқауы.


Тоқсан соңында география пән мұғалімі С.К. Сатбекпен бірлесе байқау ұйымдастырдық. 22.10.2016 жылы «Білім. Ғылым. Инновация» айлығының аясында география пәнінен «сөйлейтін карталар мен глобус» байқауы ұйымдастырылды. Байқау мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, әлемде болып жатқан инновациялық-технологиялық үдерістерден хабардар ету, танымын кеңейту, дағдыларын арттыру, өз еліне, Отанына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Күтілетін нәтиже; оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, әлем елдері мен Қазақстанның саяси картасын географиялық обьектілерді табу арқылы білімдерін дамытады. Көрнекілігі; физикалық карта, глобус, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар. Байқауға 26 бала қатысты, оның ішінде пән мұғалімдері мен 7-11 сынып арасындағы оқушылар көрермен ретінде қатысты. Байқауға 7 «А» сынып оқушылары - Таубалдиева Адия, Жанатұлы Дияс, Маратбек Айбол, Иманғалиев Мақсат, Тұрлыбеков Жалғас, Сапарбек Зайтуна, 7 «Б» сынып оқушылары- Серікбай Айнұр, Балғабекова Аружан, Ғазиз Аружан, Ошақбаева Дилара, Залеш Камила, Жасұлан Ақмарал, сондай-ақ 7 «Ә» сынып оқушылары Батырбекқызы Раушан, Көкенай Дәулет,Есіркеп Әліби, 7 «В» сынып оқушылары Нығыжан Қазыбек, Пазылов Ілияс қатысты. Оқушылар 2 топқа бөлінді, 1-топ- «Карталар» тобы, 2-топ- «Глобус». Байқау 3 кезеңнен ұйымдастырылды.




















I-кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталды. Оқушылар топ болып, берілген сауалдар бойынша физикалық картамен жұмыс жасап, обьектілерді тапты.




Оқушылар топқа бөлініп, дайындалу үстінде.

II- кезең «Ойлан, тап». Бұл кезеңде сұрақтар географиялық обьектілері физикалық картадан тауып, дүние жүзінің физикалық картасынан аталған географиялық нысандарды көрсету болатын. Оқушылар белсенді қатысып, картадан обьектілерді тапты.

Әсіресе, 7 « А» сынып оқушысы Иманғалиев Мақсат пен 7 «Б» сынып оқушысы Балғабекова Аружан шапшаңдықпен картадан көрсетті.


III - кезең « Ментальді карта сөйлейді». Бұл кезеңде оқушылар дүние жүзінің физикалық картасынан климаттық белдеулер, табиғат зоналары, суық және жылы ағыстардың бағыты, сондай-ақ географиялық ұлы саяхатшылар, зерттеушілердің жүріп өткен жолдарын ментальді картадан жылдар арқылы бағыттап, көрсетіп шықты.


Байқау өз дәрежесінде өтіп, белсенді қатысқан оқушыларға дипломдар мен мадақтама қағаздары берілді. Оқушылар тарапынан аса шеберлілік, пәнге деген қызығушылықтары байқалып тұрды. Байқау қорытындыланып, 7 «А» сыныбы мен 7 «Б» сыныбына диплом, 7 «Ә, В» сынып оқушыларына марапаттар үлестірілді.

Жалпы алғанда, бұл тоқсан қорытындысы көңілден шығарлықтай. Алдағы уақытта сабақтың сапасын одан әрі жақсартып, әртүрлі стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға бар күш-жігерімді салып, жұмысымды осыған бағыттайтын боламын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конкурс Говорящие карты и глобусы

Автор: Бархыбаев Абылай Мейрамбекұлы

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354813


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства