"Қызықты география" атты интеллектуалдық сайыс /5-7 сыныптар/
"Қызықты география" атты интеллектуалдық сайыс /5-7 сыныптар/
Сайыстың тақырыбы: «Қызықты география»
Сайыстың мақсаты: 5-7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: парақшалар,суреттер, презентация.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Үйірменің үйретері көп» апталығы, соның ішінде: Географиялық ашылулар тарихы, Жер ғаламшары, Өлкетану үйірмелері аясында өткелі отырған «Қызықты география» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ең алдымен сайысқа қатысушыларды атап өтсем 5-сынып оқушыларынан құралған «Табиғат» тобы және 7-сынып оқушыларынан құралған «Қазақстан» тобы.
Және осы сайысымызға әділ бағаларын беретін әділ қазылар алқасын айтып өтсем:
Оқу ісінің меңгерушісі, география пәнінің мұғалімі: Буланаев Елен Мұхтарұлы
Физика кабинетінің лаборанты: Қарасаева Гүлнар Есентайқызы
Химия пәнінің мұғалімі: Жақсылықова Қарлығаш Саматқызы
Сайыстың бөлімдері:
І.Таныстыру
ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр» /Жұмбақты шешу/
ІІІ.Қалалар сайысы
ІV.Ең, ең, ең..
V. «Капитандар сайысы»
VІ. Ситуациялық сұрақтар
VІІ.Сандар нені білдіреді ?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қызықты география" атты интеллектуалдық сайыс /5-7 сыныптар/»
«Қызықты география» интеллектуалды жарыс
Сайыстың тақырыбы: «Қызықты география»
Сайыстың мақсаты: 5-7 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: парақшалар ,суреттер, презентация.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Үйірменің үйретері көп» апталығы, соның ішінде: Географиялық ашылулар тарихы, Жер ғаламшары, Өлкетану үйірмелері аясында өткелі отырған «Қызықты география» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ең алдымен сайысқа қатысушыларды атап өтсем 5-сынып оқушыларынан құралған «Табиғат» тобы және 7-сынып оқушыларынан құралған «Қазақстан» тобы.
Және осы сайысымызға әділ бағаларын беретін әділ қазылар алқасын айтып өтсем:
Оқу ісінің меңгерушісі, география пәнінің мұғалімі: Буланаев Елен Мұхтарұлы
Физика кабинетінің лаборанты: Қарасаева Гүлнар Есентайқызы
Химия пәнінің мұғалімі: Жақсылықова Қарлығаш Саматқызы
Сайыстың бөлімдері:
І.Таныстыру
ІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр» /Жұмбақты шешу/
ІІІ.Қалалар сайысы
ІV.Ең, ең, ең.....
V. «Капитандар сайысы»
VІ. Ситуациялық сұрақтар
VІІ.Сандар нені білдіреді ?
Олай болса, сайысымызды бастайық, сайысқа қатысушылар сіздерге сәттілік!
І.кезең.Таныстыру
ІІ.кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Жұмбақ шешу
1.Аяғы жоқ жүреді,
Жоғарыдан төменге. (Су)
2.Зу - зу етеді,
Түртіп кетеді. (Жел)
3.Тас тәрізді түрі бар,
Жақсаң – үйің жылынар. (Көмір)
4.Аппақ қудай басы бар,
Сан ғасырлық жасы бар. (Тау)
5.Мен ылғи таң қаламын көремін де,
Төрт емес, бір маусым бар ол өңірде? (Экватор)
6.Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын. (Көл)
7.Үйге кірдің қара жер,
Назарыңды сала көр.
Шыр үйіріп, үңіліп,
Іздегеніңді таба бер. (Глобус)
8.Суды шашып бұрқақша,
Мұхиттарда жүреді. (Кит)
9.Бір ғажап әлемде жоқ
аймақ көрдім
Алты ай түн, алты ай
күндіз жайлап келдім. (Арктика)
10.Сылдыраған суы бар,
Бұрқыраған буы бар. (Бұлт)
ІІІ.кезең. Қалалар сайысы
Бұл сайыста бірінші топ бір қаланың атын айтады, екінші топ сол қаланың соңғы әрпінен басталатын екінші қаланы айтады.Екі топ кезек-кезек жалғастырады. Ойлануға 1минут уақыт беріледі.
ІV.кезең.Ең, ең, ең.....
1 Ең үлкен арал ---Гренландия
2 Ең үлкен түбек--- Арабия 3Ең күнге жақын ғаламшар --- Меркурий
4 Ең биік жануар --- Керік
5 Ең ірі құс --- Түйеқұс 6 Ең кішкентай ғаламшар--- Плутон 7 Ең құрғақ материк --- Австралия
8 Ең көп тараған тіл --- Ағылшын тілі 9 Ең кішкентай құс --- Колибри 10 Ең кіші материк--- Австралия
11 Ең үлкен көл ---Каспий
12 Ең суыққа төзімді құс --- Пингвин
13 Ең суы мол өзен --- Амозонка
14 Ең үлкен мұхит ---Тынық
15 Ең суық материк --- Антрактида
16 Ең үлкен ойпат --- Амозонка ойпаты
17 Ең ұзын өзен --- Ніл
18 Ең кішкентай мемлекет --- Ватикан
19 Ең терең шұңғыма --- Мариан
20 Ең тұзды теңіз --- Қызыл теңіз
21 Ең халқының саны көп мемлекет --- Қытай
22 Ең терең көл --- Байкал
23 Ең жүйрік сүт қоректі --- Гепард
24 Ең ыстық материк --- Африка
25 Ең үлкен мемлекет --- Ресей
26 Ең сұлу құс --- Аққу
27 Ең биік шың --- Джомолунгма
28 Ең үлкен шөл --- Сахара
29 Ең кіші мұхит --- Солтүстік мұзды мұхит
V.кезең «Капитандар сайысы»
Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар. Мысалы: Гималай – тау.
1-топ
Сахара – шөл
Мадагаскар –арал
Африка –материк
Ертіс –өзен
Алматы –қала
Анаконда –жылан
Каспий –көл
Шолпан – ғаламшар
Тұсбағар – құрал
Темір кені – пайдалы қазба
2-топ
Алтай – тау
Наурызым –қорық
Аустралия –материк
Іле –өзен
Қызылорда –қала
Колибри –құс
Анхель –сарқырама
Күн – жұлдыз
Термометр – құрал
Гранит – минерал
VІ. Ситуациялық сұрақтар
1. Ертеде қойшылар ағаш тостағанға сүт пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге болады.
Жауабы: Тасты қыздырып салып отырған
2. Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңдар. Олар сіздерге Кенгуру деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер.
Жауабы : Австралия материгі
1. Сіздер бұл материкте оқымысты ғалым қызметкерлерімен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады.Бұл қай материк және қай халық.
Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.
2.Италияда Ит үңгір деп аталатын үңгір бар. Оның түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлайды. Неге?
Жауабы: Газ жерден 1 м-ден артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан жүре алмайды.
VІІ.Сандар нені білдіреді ?
І топқа
А. 8848м --- Гималай
Б. 41% --- Қызыл теңіздің тұздылығы
В. 200 м төмен --- Ойпат
Г.11022 м ---Мариан шұнғымасы
Д. 510 млн км --- Жердің ауданы
Ж. 24 сағат --- тәулік
З. 2900 м --- Мантия
И. 9 --- ғаламшар
К. 9 --- ғаламшар
ІІ топқа
А.6995 м --- Хан тәңірі Б.132 м --- Қарақия ойысы В.0- 360 градус --- толық шеңбер Г. 270 градус --- Батыс Д. 1492 ж --- М. Бейхайм глобус жасады. Ж. 150млн км ---Жер мен күннің ара қашықтығы З.366 --- Кібісе жыл И. 1 см- 100 м --- Атаулы масштаб К. 40000 км --- Экватордың ұзындығы
Осымен «Қызықты география» атты кешіміз аяқталды. Енді әділ қазы мүшелері ойын қорытындысын айтып, жеңімпаздарды марапаттайды.«Қызықты география» атты кешіміз аяқталды. Ойынға қатысқандарыңызға рахмет.