kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Географиялы? ассорти Интеллектуальды? ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты : о?ушыларды?  логикалы?  ойлау ?абілеттерін дамыту, ?география п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып,б?гінгі заман талабына сай, ?зіндік ой - т?жырымы бар, білімді де, білікті ?рпа?  т?рбиелеу000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«географиялы? ассорти Интеллектуальды? ойын»

Алматы обл, Саркан ауданы , Қойлық ауылы

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

География пән мұғалімі

Есімжанова Ғалия Серикжановна


Сыныптан тыс сабақ : географиялық ассорти

Интеллектуальдық ойын

Мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,география пәні деген қызығушылығын арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар,білімді де білекті ұрпақ тәрбиелеу.

Ойын ережесі:Ойынға 7-шы сыныптардың оқушылары қатысады.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Ойын бес кезеңнен тұрады.

1-кезең.«Таныстыру. Капитандар сайысы?»

1-топқа:

Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса . онда материк климаты қалай өгерер еді?

Жауабы: егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді.шығыстан экваторлық және муссонды пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен.

2-топқа:

Егер Антарктида болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?

Жауабы:Антарктида материгінің оның мұздығының болуы жер шары циркуляциясына үлкен әсер етеді.Егер Антарктида болмаса жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

2-кезең.«Блиц- турнир»

1-топқа:

1.Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл.(Сахара)

2.дүние жүзіндегі ең терең көл.(Байкал)

3.Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады?(Зонд)

4.Дүние жүзіндегі ең биік вулкан.(Килиманджаро)

5.Теңіз деп аталатын қандай екі теңізді білесің?(Каспий, Арал)

6.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.(Анхель 1054м)

7.Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек.(Арабия)

8.Жер шарындағы барлық 4 мұхит шайыр жатқан материк.(Еуразия)

9.Кофеның отаны қай материк?(Африка)

10.Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?(Панама каналы)

2-топқа:

1.Ф.Манеллан жер шарын қашан айналып шықты?(1519-1522ж)

2.Құрлықтың су кеңісиігіне кіріп тұрған бөлігі.(Түбек)

3.Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді?(Анд)

4.Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер?(үндістер)

5Антарктиданы ашқан саяхатшылар.(Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

6.Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем.(азимут)

7.Ең үлкен бұғаз.(Дрейк)

8.Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық.(меридиан)

9.Ең кішкентай құс.(калибри)

10.Бір ғана мемлекеттен тұратын материк.(Австралия)

3-кезең. «Географиялық жұмбақ шешу»

  1. Қонақтап күнде тұрар су бетіне,

Сүйсінер барлық адам су келбетіне.

Тұлғасы су ішінде көрінедң,

Аңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

  1. Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар, ағашы жоқ ормандар. Суы жоқ теңіздер. (карта)

  2. Сатайын десем ауыр кілем, сатпайын десем тәуір кілем. (жер)

  3. Сырылдатады шәйнегін, ұнатпасада жұрт мейлі.Тереземіздің әйнегін жуады, бірақ сүртпейді. (жаңбыр)

4-кезең.«Сен білесің бе?»

1-топқа

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған.Сондықтан оны «жылан өсімдігі» деп атаған.Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Дұрыс жауабы: Сарымсақ

2.Асан қайғы «Ағашы тұнған жеміс екен,шаруаға жақсы қоныс екен.Биылғы шаншыған шыбығынан келесі жылы арпа шығады екен »-деп,қай жерді көргенде айтқан?

-«Жер жаннаты »деп те атайды,жеті өзенімен әйгілі.

Дұрыс жауабы: Жетісу өлкесі

2-топқа

1.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов өз жазбаларында«Бұл жерде соққан желдің күшіне қарсы салт адам да жүре алмайды.Желдің әсерінен Алакөл мен Сасықкөл бетінде 5-6 м толқын көтеріледі»деп жазады.Сайқан, Ебі желдері соғады.Осы жер арқылы Қазақстан мен Қытай байланысады.

Дұрыс жауабы: Жоңғар қақпасы

2.Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресеге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді.Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді.Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді.Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады, басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Дұрыс жауабы: шай

5-кезең. «Ойлы болсаң тауып көр»

1. Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты(краб-араб).

2.Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны(эскимо-эскимос).

3.Ең ашулы қала (Грозный).

4.Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады?(куба).

5.Қандай мемлекетті басқа киюге болады?(панама).

6.Қандай жер ешқашан қартаймайды?(Жаңа жер).

Қорытынды.

Сайыстың қорытындысын шығару.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық, жеткізеді сіздерді география сырына,-дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
географиялы? ассорти Интеллектуальды? ойын

Автор: Алматы обл, Саркан ауданы , ?ойлы? ауылы М.Ж?мабаев атында?ы орта мектеп География п?н м??алімі Есімжанова ?алия Серикжановна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства