Просмотр содержимого документа
«Білім беру ұйымдарында туризмді дамыту бойынша балаларға арналған жасөспірімдердің туристік-экологиялық клубының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі.»
Қазақстан Республикасы білім жәнеғылым министрлігі
Шығыс Қазақстаноблысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ
ШЕБЕРЛІК СЫНЫП
Тақырып: «Білім беру ұйымдарында туризмді дамыту бойынша балаларға арналған жасөспірімдердің туристік - экологиялық Клубының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі»
Өткізген: Нұркен Күләндән
2023-2024 оқу жыл
ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Кіріспе
Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал. Туризм – бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу.
Білім беру ұйымдарындағы туристік жорық мақсаты – өлкетану бағытындағы шаралар - оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады. Сонымен қатар, баланың сана – сезімін, ойлау қабілетін, зеректілігін дамытып қоймай, достыққа, жолдастыққа үйретеді.
Туристік жорықтар – туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Туристік жорық дегеніміз – алдын – ала дайындалған жаңа немесе белгілі бір маршрут бойынша сауықтыру, танымдық, спорттық бағытта өткізілетін жұмыс. Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір, екі, үш немесе көпкүндік болып бөлінеді. Туристік жорыққа шықпастан бірнеше күн бұрын жетекші барлық қатысушыларды жорықтың мақсатымен таныстырып, қажетті жеке немесе топтық құрал – жабдықтармен, азық – түлік тізімімен, алып шығатын киімдермен хабардар етуі керек.
Туристік құрал-жабдықтар. Жорықты материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталатын екінші жұмыс – жорыққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. Жалпы жорықтар үшін керекті құрал-жабдықтарды 3 түрге бөліп қарастыруға болады.
1. Маршруттағы кедергілерден өту кезінде қолданылатын арнайы құрал- жабдықтар (арқан, альпеншток, мұз ойғыш, карабин және тағы басқалар);
Туристік топқа ортақ құрал-жабдықтар (шатыр, балта, компас, карта, тамақ пісіретін ыдыстар мен ошақ құралдары және тағы басқалар);
Жеке адамдарға арналған құралдар (киім-кешек, жуынатын заттар, арқақап, жатын қап және тағы басқалар).
Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын киім, аяқ киім, бивуак құралдары, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады. Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, мықтылығы, пайдалануы мен жөндеуі оңай, қауіпсіздігі, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамдылығы, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.
Жеке құралдар:
Арқақап (рюкзак);
Қолғаптар;
Түсу элементтері;
Карабиндер - 2-4 дана.
Туристік жорықтардың біздің өмірімізде маңызы зор. Олар:
Туристік жорықтың танымдылық маңызы;
Спорттық маңызы және оның денсаулыққа пайдасы;
Туристік жорықтардың оқу-тәрбиелік маңызы;
Туристік жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізудің экономикалық маңызы;
Ұлттық және діни тәрбие беру.
Туризмнің бағыттары алуан түрлі:
ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқу- тақырыптық экскурсиялар;
спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер;
туристік жорықтар;
Туристік жорықтың жасалу жолы:
Жорықтың маршруты;
Түрі, жорық мақсаты,жыл мезгілі, ауа райы, жергілікті жердің жағдайы;
Маршрутты өту уақытылы есепке алынады.
Туристік жорық төмендегі реттілік бойынша жасақталады:
Белгіленген маршрут ауданының мәліметін жинақтау;
Аудан туралы картографиялық материалдармен танысып, демалатын бивуак және демалатын орындары, жорыққа қатысушылардың жас ерекшеліктері есерке алына отырып, қозғалыс бағыты бойынша маршрут құрылады. Негізгі және қосымша маршрут жасақталады.
Саяхат жасалатын аудан туралы қосымша мәліметтер жинастыру. - Маршруттың бастапқы пунктіне кіруі және маршруттың аяқталу пунктіне жүріп болуы; Жорық кезінде қосымша азық-түліктер алу үшін жергілікті пунктерде дүкендердің, құдықтардың, бұлақтардың болуы;
Дәрігерлік қызмет көрсету орындарының, байланыс пункттерінің болуы;
Маршрут, ауа-райы, жер қыртысы туралы кеңес алу үшін мекемені анықтау;
Мұражай, табиғат және археологиялық ескерткіштердің, тарихи мәденимаңыздылығы бар орындардың болуы.
Туристік маршруттарды жіктеу. Туристік маршруттар мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Тақырыптық /экскурсиялық/ - бұл бағдарламаға экскурсиялық қызметтер мен тақырыптық – танымдық /театрлар, мұражайларға бару/ бағыттарды меңгеруге арналған маршруттар;
Жорықтық /белсенді қозғалыс түрі/ - бұл әртүрлі қозғалыс түріндегі бір немесе көпкүндік туристік жорықтарға қатысу міндеттілігіндегі маршруттар;
Дене шынықтыру – сауықтыру/ жорықтар – экскурсиялар/ - бұл спорттық және сауықтыру шараларын меңгеруге арналған маршруттар;
Біріктірілген – бұл бағдарлама тақырыптық, жорықтық және дене шынықтыру – сауықтыру қызметтерінің элементтерінен тұратын маршруттар.
Жаяу туризм жорығы үшін жүктеме мөлшерінің үлгісі
Саяхат
және
жорықтар
түрлері
Көтеружүгі,
кило
жүгі,
метраж
Жасыы
10
11-12
13-14
15-16
17
Бір күндік
К /жүгі/кб
3
3/5
4/6
5/7
6/9
Барлық км
10
12
12
20
24
Екі күндік
К /жүгі/кб
3
3/5
6/8
8/10
10/12
Барлық км
20
24
30
30-35
40
Үш күндік
К /жүгі/кб
4
5/7
8/10
10/12
14/16
Барлық км
30
36
45
45-50
50-60
Көп күндік
К /жүгі/кб
5
6/8
10/12
12/14
14/16
Барлық км
10
12
12-15
17-18
20дейін
Ұзақтығы/жүрукүндері/
6
20
24
24
30
Жорық кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға: жорықтарды, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады. Оларға қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық - техникалық және медициналық қамтамасыздануы жұмыстары жатады.
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:
- Маршруттың қатысушылардың қабілетіне сәйкес болу;
- Алдын ала жолды, қауіпті жерлерді, су көздерін, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу;
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға:жорықтарды, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады. Оларға қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық - техникалық және медициналық қамтамасыздануы жұмыстары жатады.
Шараның өту барысын таныстыру
1. Шатыр құру және қайтадан жинау. Шалма лақтыру.
ШАТЫР - Шатыр – туристік жорық кезінде демалуға, қолайсыз ауа райынан, масадан, дала жәндіктерінен қорғайтын пана. Шатырды құру үшін ең алдымен тегіс жерді таңдап, дайындап алу керек. Негізін төсеп, 1-3 бұрышынан тартып, қазықпен бекітеді. Кейін негізінің 2-4 бұрышынан тартып, қыртысын жазу үшін тағы да қазықпен бекіттіреді. Осыдан кейін биіктігі 1,5 метр темірмен шатырдың төрт қырын жіппен тартып, қазықпен бекітіп тастайды.
2. Туристік таңғы ас. Азық – түлік дайындау кезінде туристердің саны жорықтың өткізілу уақытымен ескеріледі. Азық – түлік жеңіл, әрі құнарлы болуы керек. Жорық кезінде міндетті түрде 3 мезгілдік аспен қамтамасыз етіліп отыруы керек. Себебі, жорық кезінде адам қажетті энергиясын өзінің жасаған іс-әрекетіне байланысты жоғалтып отырады. Физикалық жүктемесіз жұмысты орындайтын қызметкерге немесе оқушыға тәулігіне 2500-3000 ккал жеткілікті болса, жорықта, оның қиындығына байланысты 3300-4000, тіпті 7000-8000 ккал жетеді.
Бір күндік жорық кезінде пайдаланылатын тағам мөлшері:
1. Нан - 600 гр.
2. Ботқа немесе макарон өнімдері - 200 гр.
3. Ет консервілері - 100 гр.
4. Май – 50 гр.
5. Шекер - 100 гр.
6. Көкөністер, картошка - 500 гр.
7. Компот, кисель – 40 гр.
8. Қайнатылған сүт – 40 гр.
9. Шай – 5 гр.
10.Тұз – 1 гр.
11.Бұрыш – 15 гр.
3. Жіпті немесе арқанды тартып байлау әдісі арқылы байлау
Жіп байлау, оның түрлері. Туристік жорықтар кезінде жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жорыққа қатысушылар ауыр салмаққа төзімді және қозғалыс кезінде байланып, тез шешілетін мықты жіпті пайдаланады. Жіп байлаудың түрлері: тік, ткацкий, академиялық, булинь, түйіншек, тартып байлау.
4. Алғашқы медициналық көмек көрсету.
Туристік жорықтарда, көмек көрсету пунктерінен шалғай орналасқан жерлерде жүрген кезде қатысушылардың әр қайсысы жанындағы жолдастарына сынық, күйік, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек.
Дәрі – дәрмек қорапшасының ішінде төменде көрсетілген дәрі – дәрмектер болу керек:
ауруды сездірмейтін дәрілер және қоздырушы заттар (анальгин, парацетамол, кофеин, кардиомин, валидол, но-шпа, т.б.);
қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер (сутек асқын тотығы, йод, антибактериалды спрей, левомеколь мазь, т.б.);
сыртқы дәрілер (зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);
орау материалы (бинт, метрлік марля, мақта, т.б.);
саймандар (термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).
5. Компасты қолдана отырып, берілген бағытты табу.
Кедергілерден өту. Кез келген жорықта әр түрлі кедергілер жолағынан өту шартты міндет. Солардың бірі төмендегі суретте бейнеленгендей бір – бірінен бірдей арақашықтықта орналасқан автолік дөңгелектері. Бұл турдың өткізілу шарттары:Кедергіні топқа соңғы болып келген команда қатысушысы бастайды. Жерге қол тигізуге мүлдем рұқсат етілмейді. Автокөлік дөңгелектерін қаз-қатар тұрған күйінде өту керек, өтпей кетуге болмайды. Демалып алуға шектеу қойылмайды.
Компас – жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Жорықтар кезінде бағдар жасау қозғалысың бағытын дұрыс таңдап алу және маршутқа байланысты дұрыс жүру үшін қажет. Компоспен жұмыс істеу әдісі.
Картаны компос арқылы бағдарлау;
Дәл тіркеу (Точечная засечка);
Қайтара тіркеу (Обратная засечка);
Картаны компос арқылы бағдарлау кезінде компасты картаның үстіне қойып, картаны компаспен бірге айналдырады.
Айналдырған кезде компастың бағыты меридианмен тұспа – тұс келуі керек.
Егер де олар сәйкес келмесе, онда оларды екі меридиан ажыратып тұрғаны. Біреуі - географиялық, ал екіншісі - магниттік. Суретте бейнеленгедей, георгафиялық және магниттік меридианның айырмашылығы– магниттік қиылысу бұрышының 10-200 ерекшелігінде.
6. Туристік алау жағу. (Алау жағу ережесін міндетті түрде сақтау).
Туристік алауды жіңішке бұтақтан, құрғақ шөптерден, сонымен қатар арнайы дайындалып келген ағаштан жағу керек. Алау шатырорналасқан орыннан5-8 метр қашықтықта болу керек. Екі жақта тартып байланған жіпті үзу үшін, отынды жағып ұстау тұру қажет. Отты сайыстан соңғы болып келген команданың мүшесі жағады.
7. Алау қасындағы дәстүрлі клубтың әнін гитарамен орындау.