Білімділік: О?ушылар?а гидросфера ж?не д?ниеж?зілік су ресустары туралы тере? ма?л?маттар бере отырып, жер беті суларын ?ор?ауды? ал?ы шарттарымен таныстыру.
Дамытушылы?:Экология туралы о?ушыларды? т?сінігін ке?ейту, халы?ты? педагогиканы ?олдану ар?ылы суды? ма?ыздылы?ын ??ындыру, логикалы?, шы?армашылы? ойлау да?дыларын ке?ейту.
Т?рбиелік: Болаша? ?рпа?ты? елін, жерін ?ор?ау?а, «Суды?да – с?рауы бар» - деген ма?алды негізге ала отырып, экологиялы?, т?рбие беру.
Саба?ымызды? басты ма?саты: О?ушыларды? география?а деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, саба? кезінде ал?ан білімі мен іскерлігін тере?дету, отан?а деген патриотты? сезімдерін ояту, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, о?ушыларды? этикалы? т?рбиесін жетілдіру.
- Біз б?гін о?ушылар саяхат?а «?аза?стан - 2050» зымыранымен шы?амыз. Ол ?шін о?ушыларды 2 экипаж?а б?ліп, экипаж капитандарын сайлап алайы?. «Еділ», «Жайы?» атты білімді топтар б?гін ортамызда.
Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда ?апы ?алып ж?рмейік – дегендей топтарды? ?шу?а даярлы?тарын тексеріп алу ?шін 2 экипаж?а ауызша с?ра?тар ?оямыз. Біз ?арыш?а «Бай?о?ыр айла?ынан» аттанамыз. «Бай?о?ыр айла?ында» 2 экипаж м?шелері с?ра?тар?а жауап береді.
6. ?аза?стан ?ай жылы латын ?ліпбиіне к?шеді деп к?рсетілген? (2025ж)
«Сандар ?аламшары».
М??алім: - Алдымызда?ы «сандар ?аламшары» екен. Б?л ?аламшарда есепті жа?сы шы?аратын, жа?аша ойлай білетін, к?п ж?мыс жасайтын адамдар т?рады екен. Мына ?аламшар?а келген адамдар?а «??пиялы сырсанды?» ішіндегі тапсырмаларды орындау ?ажет. ?ане, сендерде осы ?аламшар?а келді?дер, сонды?тан ?з білімдері?ді д?лелде?дер.
11022 = (3*250)+10272
8742= (4000*2)+742
7729= (3500*2)+729
180= (45*2)+90
149= (50*2)+49
361= (150*2)+61
«Б?л кім, ол не?» ?аламшары
Б?л кезе? балалар ?яшы? та?дау ар?ылы ж?зеге асады.
Просмотр содержимого документа
««Бала ша?тан болаша??а»»
Сабақтың тақырыбы: «Бала шақтан болашаққа»
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.
Дамытушылық:Экология туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, экология
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, карточкалар, математикалық шкатулка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Күн шуағын сезіну.
1. Психологиялық дайындық.
- Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Барша адамды құрметтеп,
Иілеміз біз.
2. Сабаққа қойылатын ереже:
- Бірін-бірі тыңдау, қатысу;
- Уақытты үнемдеу, қатысу;
- Ойды еркін айту;
- Тақырыптан ауытқымау;
- Бәсең сөйлеу.
3. Сабақтың міндеті:
Іздеймін, табамын,
Ойланамын, біліп аламын.
Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін таратады баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.
Бүгінгі өткізгелі отырған саяхат сабағымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. ҚР-сы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауының жас ұрпақ алдына белгілеген мақсат, мұраттары туралы әңгімелеу арқылы баяндау, түсінік беру. (География пәнінің мұғалімі І.Ә.Мүрсәлімова)
Сабағымыздың басты мақсаты: Оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттырып, сабақ кезінде алған білімі мен іскерлігін тереңдету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың этикалық тәрбиесін жетілдіру.
- Біз бүгін оқушылар саяхатқа «Қазақстан - 2050» зымыранымен шығамыз. Ол үшін оқушыларды 2 экипажға бөліп, экипаж капитандарын сайлап алайық. «Еділ», «Жайық» атты білімді топтар бүгін ортамызда.
Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік – дегендей топтардың ұшуға даярлықтарын тексеріп алу үшін 2 экипажға ауызша сұрақтар қоямыз. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз. «Байқоңыр айлағында» 2 экипаж мүшелері сұрақтарға жауап береді.
1.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?
2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім?
3. Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай облысында орналасқан?
4. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?
5. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?
6. Қазақстан қай жылы латын әліпбиіне көшеді деп көрсетілген? (2025ж)
«Сандар ғаламшары».
Мұғалім: - Алдымыздағы «сандар ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда есепті жақсы шығаратын, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Мына ғаламшарға келген адамдарға «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Қане, сендерде осы ғаламшарға келдіңдер, сондықтан өз білімдеріңді дәлелдеңдер.
11022 = (3*250)+10272
8742= (4000*2)+742
7729= (3500*2)+729
180= (45*2)+90
149= (50*2)+49
361= (150*2)+61
«Бұл кім, ол не?» ғаламшары
Бұл кезең балалар ұяшық таңдау арқылы жүзеге асады.
10 – Париждегі Эйфель мұнарасының суреті
10 – Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсінінің суреті
20- Шүрегей суреті
20- Талғат Мұсабаевтың суреті
30- Қасқалдақ құсының суреті
30-Ф.Магелланның суреті
40- Семенов Тянь-Шаньскийдің суреті
40 – Қытай қорғанының суреті
«Тапқырлар ғаламшары»
(Билет арқылы суырады, картадан обьектілерді көрсетеді)
1 билет.
РАЛА – Гренландия, Мадагаскар, Тасмания, Жаңа Жер, Шри-Ланка