kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "PIZA халы?аралы? зерттеулер м?нм?тінінде о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту бойынша білім беру ?дерісін ?йымдастыру ?дістері "

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Б?гінгі та?да ?аза?станды? білім беру ж?йесіні? алдында білім сапасыны? б?секелестігін арттыру, шынайы ?мірлік кезе?дерге бейімделендіру м?селелері т?р, ?йткені адам ?о?амда т?рлі ?мірлік м?селелерге байланысты д?рыс шешімдер ?абылдау ?шін жо?ары к?сіптілік пен интеллектуалды? ?рекеттерді ?ажет ететін жа?дайларда заман талабына сай ?мір с?ріп, ?ызмет етуде. Осы?ан байланысты елімізді? он бес жаста?ы о?ушыларыны? білім жетістіктеріні? де?гейін аны?тау?а ?аза?стан PISA – 2009 халы?аралы? зерттеуіне ?атысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуіні? ?рбір кезе?іне халы?аралы? контексте саралау ж?мысы ж?ргізіледі. Б?л ?рбір ?атысушы елге білім беру ж?йесіні? стратегиялы? ма?сатын аны?тау?а м?мкіндік береді.

      О?ушыларды? білім жетістіктерін ба?алау бойынша PISA Халы?аралы? ба?дарламасы о?ушыларды? о?у барысында ал?ан білімдері мен да?дыларын ?мірлік жа?дайларда ?олдана білу машы?тарын, на?ты бір о?у п?ндерімен тікелей байланысты емес м?селелерді шеше білу ??зіреттіліктерін ба?алау?а ба?ыттал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "PIZA халы?аралы? зерттеулер м?нм?тінінде о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту бойынша білім беру ?дерісін ?йымдастыру ?дістері "»








Жоспар:



I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

PIZA халықаралық зерттеулер мәнмәтінінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері

  • PIZA халықаралық зерттеу құралдары;

  • PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының тапсырма типтері;

  • PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының тапсырмаларын география сабағында пайдалану



III. Қорытынды бөлім











Кіріспе


 

Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.

PISA зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы. Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. Әр зерттеуде үш саланың бірі ғана бойынша функционалдық сауаттылық бағаланады. Мысалы 2009 жылы оқу сауаттылығы зерттелді.

Мектептегі білім сапасына мониторинг жүргізуде негізгі назар оқушылардың жалпы оқу және интеллектуалдық дағдыларын меңгеруді бағалауға аударылады. Математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын және мәселелерді шешудегі ептіліктерді тексеру үшін кешенді және құрылымданған тапсырмалар жасалады.

Әр тапсырманың мәтіні бар, онда жеке мәселелер қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әртүрлі 1-6 сұрақ беріледі. Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті бағаланады. Сондықтан қазіргі таңда PISA халықаралық бағдарламасы аясында оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу үшін PISA халықаралық бағдарламасы технологияларын сабақта пайдалану жолдарын кеңейту керек болып табылады.

Қазақстанда зерттеудің ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" болып табылады.




PIZA халықаралық зерттеулер мәнмәтінінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзектілігі:

Жаңаша оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес 15 жастағы оқушының алдағы өмірге дайындау, жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу, жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.

PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқушыларды ғылыми сауаттылық пен PIZA бағдарламасы тапсырмаларын орындаудың белсенді жолдарын үйрету.

Міндеттері :

  • PIZA бағдарламасының мақсаты , мазмұны, құрылысы, жайлы толық мағұлматты меңгерту;

  • PIZA-2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрлерін күнделікті сабақта тиімді пайдалану;

  • Жаратылыстану ғылыми сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

Жалпыға міндетті білім стандартына сай білім алумен қатар сол білімін PISA халықаралық бағдарламасы технологияларын пайдалана отырып оқушы:

  • мәселелерді коллаборативті шешуге;

  • құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіре алуға;

  • құбылысты түсіндіргенде ғылыми дәлелдемелер келтіре алуға;

  • диаграмма, кесте,сызбанұсқа,суретпен және т.б. тапсырмалармен жұмыс жасай алуға;

  • PISA тапсырмаларының күрделілігіне байланысты 6 типімен, құрылысына қарай тапсырманың 4 типімен жұмыс жасай алуға;

  • Жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде, қоғамда өзі падалана алуға бейімделіп машықтанады.

Ұсыныстар:

  1. PIZA бағдарламасын елді-мекен мектептеріндегі мұғалімдер толық меңгерсе;

  2. PIZA бағдарламасының тапсырмаларын мұғалімдер сабақта үнемі пайдаланса;

  3. Мектеп мұғалімдері халықаралық деңгейдегі семинар тренингтерге қатысып, тіжірибе алмасып онымен бөліссе.





II.Негізгі бөлім

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқындай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ғалымның ісі – ғаламдағы заңдылықтарды ашып, оны сөзбен формулаға айналдыру.

Әдіскердің міндеті ғалымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың  құралын  табу.

Педагогтың міндеті - осы мақсатқа ғалымның да, әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде қоса отырып оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру.

Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу мақсаты:

  • білім берудің бақылау- бағалау жүйесін реформалаудағы қажеттілік;

  • Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесімен бірігуі;

  • оқытудың халықаралық сапа стандарттарын енгізудегі және оның нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;

  • білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесін құру;

  • ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыру;

  • білім сапасын бағалайтын Қазақстандық жүйе енгізу.


PIZA зерттеу құралдары Концорциумның жетекшілігімен халықаралық ұйымдардың және қатысушы елдер өкілдерінің сарапшыларының қатысуымен дайындалады. PIZA зерттеу құралдарына мыналар жатады:

  • тест тапсырмасы бар буклеттер;

  • білім беру ұйымдарының басшылығына арналған сауалнамалар;

  • тест және сауалнаманы жүргізуге арналған нұсқаулық;

  • тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу бойынша нұсқаулықтар;

  • зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбір оқушыға әрбір топтағы тапсырманы орындауына қарай (оқу, математика, және жаратылыстану бойынша) халықаралық 1000-балдық шкала бойынша балл қосылады.

PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының тапсырма типтері:

PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының тапсырма типтері құрылымына қарай 4 типті, күрделілігіне қарай 6типті болып құрылады Әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар төрт немесе бес нұсқада  жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер  қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтарды қамтиды. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құрастырулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар).

Құрылымына қарай:

  • кешенді таңдауы бар жауап- мәтін беріледі,сол мәтін бойынша сұрақ қойылып ия немесе жоқ деп жауап беру керек.

  • таңдауы бар жауап- сұрақ беріледі, оған 4 жауап беріледі,бір дұрыс жауапты белгілеу.

  • жабық құрылымды сұрақ-мәтінмен жұмыс не суретпен жұмыс, жауап қысқа 1-2 сөзден аспайды.

еркін құрылымды жауап- мәтін бойынша толық өз ойын дәлелдемелер арқылы жауап жазу.


1-тапсырма. «Келесі бес тұжырымдама, су айналымы барысында болатын процестерді сипаттайды. Судың теңіз бетінен булануы, су айналымының бірінші сатысы ретінде айқындалады. 2-ден 5-шіге дейінгі тұжырымдамаларды су айналымы процесінің ретіне сәйкес орналастырыңыз».

2 Су буы жылы ауаға көтеріледі.

5 Су өзенмен теңізге қарай ағады.

1 Су теңіз бетінен буланады.

3 Су буы суиды және бұлтқа айналады.

4 Бұлттар қозғалады, су жер бетіне жаңбыр түрінде түседі.


2-тапсырма.І-нұсқа 
6 сынып 
Мазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы. Атмосфера. 
&25 Атмосфералық қысым 
Сұрақ 1 
Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді. 

Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады. 
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз. 
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. 

Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады? Иә немесе Жоқ 
250мм,биіктік артқан сайын қысым төмендейді. Иә/Жоқ 
250мм, биіктік артқан сайын қысым артады Иә/Жок 
250мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. Иә/Жок 

Жауабы: 250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді. 

Сұрақ 2 
Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз? 
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді. 
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді. 
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді. 
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ. 
Жауабы: А 

ІІ-нұсқа 
Мазмұндық білім: Атмосфера 
Сынып 5 
Тақырып: &27 Бізді қоршаған ауа 

Сұрақ 1 
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді. 
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді? 
А. 100% 
В. 51% 
С. 21% 
Жауабы: С 

Сұрақ 2 
Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Айжан дүниетану сабағынан біледі. Бірақ Айжан ауаны естіп, сезініп және көргісі келді. 

Қай тәжірибені жүргізгенде: 
1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары көтеріп қисайта түсіргенде; 
2-тәхірибе: Үрленген шарды қысып ұстап тұрып ауасын шығарғанда; 
3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын шығарғанда; 
Айжан ауаны көреді, естиді, сезінеді? Тәжірибе қорытындысын тұжырымда. 
1. 2. 3 

Жауабы: 
1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар. 
2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып ауасын шығарса ауаның даусы естіледі. 
3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады. 
Тәжірибенің қорытындысы : Бізді әрдайым айналамызда ауа қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен. 

Сұрақ 3 
Сынып 6 
Тақырыбы: &29 Атмосфералық жауын-шашын 
Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ. 

Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады? 
Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? Иә/Жоқ 
Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. Иә/Жоқ 
Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. Иә/Жоқ 
Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. Иә/Жоқ 

Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. 
ІІІ-нұсқа 
Қауіптер 
Мазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы 
Атмосфера 
6 сынып 
Тақырыбы: &30 Жел 
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді. 


Сұрақ1 
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз. 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: 1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта) 
2. Жер астынан су тарту үшін 
3. Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт) 
4. Ұн,астық (бидай) тарту үшін 
5. Желкенді кемелермен саяхаттау үшін 
6. Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін 
Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың кез-келген үшеуі қабылданады. 


Сұрақ 2 
Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы. 
«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның әр-түрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел. 
Муссон - құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық жел. 
Ұқсастығы екеуіде - құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық - емдік қасиеті бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдалы. 

Сұрақ 3 
Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз. 
Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз? 
______________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі арзан қуат көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы 
Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл. 
Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек. 
Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден) 
Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек. 
Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек. 
Ескерту: Осы мағыналас жауаптар қабылданады. 

ІY-нұсқа 
Қоршаған ортаның ластануы 
6 сынып 
& 24 Атмосфераны қорғау (77-бет) 
Сұрақ 1 
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды мәселелерге айналып отыр. 

Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы? 
А. Автомобильдер 
В. Темір жол көлігі 
С.Ұшақтар 
Жауабы: А 

Сұрақ 2 
Ресейде түрлі транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 % автокөліктен шығады екен. 
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны ластаушы зат болып табылады? 
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. 
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны қалай ластаушы зат болып табылады? 
Иә немесе Жоқ 
Көмірқышқыл газы Иә/Жоқ 
Қүқірт қышқылы Иә/Жоқ 
Метан газы Иә/Жоқ 
Жауабы: Көмірқышқыл газы 
Сұрақ 3 
Автомобиль көлігінің ауаны ластауын тоқтату үшін қандай шаралар тиімді 
болар еді? Өз ойыңды, ұсынысыңды жаз. 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: Сумен, сутегімен, этил спиртімен ,күн батареясымен жүретін таза экологиялық автомобильдерді көптеп шығарып қолдану. 
Жанар-жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту. 
Велокөлікпен жүруді өмір салтына айналдыру. 
Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың барлығы қабылданады. 


Сұрақ 4 
Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: -Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен 
-Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін. 
-Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін. 
-Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан ,аяздан қорғайды. 
(Осындай мағыналас жауаптардың қайсысы болса да қабылданады) 

V-нұсқа 
Ғылым мен техниканың шекаралары 
5 сынып 
&12 Ай-Жердің серігі 
\
1. 2. 3. 

Сұрақ 1 
Аспан денелерінің бірі - Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің? 
______________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім. 
Сұрақ 2 
Ай мен Жердің арақашықтығы - 384 000 км. Айдың диаметрі Жерден 4 еседей аз. 
Жоғарыда көрсетілген суреттердің қайсысында күн тұтылу құбылысын байқауға болады? 
А. 1-сурет 
В. 2-сурет 
С. 3-сурет 
Жауабы: В 

Сұрақ 3 
Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. 
Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? 
Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір. 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: Ай күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.(36-бет 5сынып Жаратылыстану Алматы «Атамұра»-2010) 
Сұрақ 4 
Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады. 
Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды. (37-бет 5сынып Жаратылыстану Алматы «Атамұра»-2010) 
Сұрақ 5 
Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді. 
Ғарышкер скафандрды кигенде неге (неліктен) терлеп кетпейді? 
Ғарышкер скафандрды кигенде терлеп кетпес үшін келесі жағдайлардың қайсысы жасалған? Иә/Жоқ 
Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. Иә/Жоқ 
Скафандр өте жұқа тігілген. Иә/Жоқ 
Скафандрды тігуге қолданатын маталар ерекше болып келеді. Иә/Жоқ 
Жауабы: Скафандрдың ішінде ауа алмасып тұратындай жағдай жасалған. 37-бет 5сынып Жаратылыстану Алматы «Атамұра»-2010 

Қоршаған ортаның ластануы 
8 сынып 
& 36 Топырақты қорғау 

1-сұрақ 

Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді.Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады. 
Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады? 
А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен 
В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен 
С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен 
Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан 
Жауабы: А 

2-сұрақ 
Аз мөлшердегі нитрат адам ағзасында әрдайым болады. Нитраттар ағзаға көптеп түскен кезде олар нитритқа айнала бастайды, содан кейін қанға түскен кезде метгемоглобинемия (оттегі жетіспеушілік) тудырады, А витаминін бұзады, қалқанша безінің, жүректің, жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Ағзадағы нитраттар мен нитриттер біртіндеп канцорогенді затқа айналады. 
Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі арулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады? 
Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі аурулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады. Иә немесе Жоқ 
Бронхит Иә/Жоқ 
ВИЧ инфекциясы Иә/Жоқ 
Рак ауруы Иә/Жоқ 
Жауабы: Бронхит 

3-сұрақ 
Тышқандардың ағзасындағы нитрит мөлшерін анықтау үшін тәжірибе жасалды. Барлық тышқанды үнемі басқа көкөністермен бірге сәбіз және қырыққабатпен қоректендірді. Тышқандардың бір тобы үй жағдайында өсірілген көкөністермен қоректендірілсе, екінші тобы дүкеннен алынған көкөністермен, үшінші тобы жылыжайда өсірілген көкөністермен қоректендірілді.Төртінші тобына дүкеннен алынған көкөністерді жақсылап жуып, сәбіздің түбірін, қырыққабаттың өзегін тазалап барып қоректендірді. 
Тәжірибе қорытындысында қай топтағы тышқандардың ағзасында нитрит өте аз (шектен аспаған) немесе жоқ болып шықты? 
А. Бірінші және төртінші топта 
В.Үшінші топта 
С. Үшінші және екінші топта 
Д. Бірінші және үшінші топта 
Жауабы: А 

4-сұрақ 
Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай деген сұрақ туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген нитрат түрлі ауруларға душар етеді. 
Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек. 
Төмендегі берілгендердің ішінен балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек? Иә немесе Жоқ 
Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді Иә/Жоқ 
Күзде дүкеннен сатып алынатын жемістерді Иә/Жоқ 
Үй жағдайында өсірілетін өсімдіктерді Иә/Жоқ 
Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді .

PIZA халықаралық зерттеулер бағдарламасының тапсырмаларын мұғалім үнемі сабақта асқан шеберлікпен ір түрлі әдістерді , стратегияларды , технологияларды үйлесімді пайдалана отырып белсенді орта, белсенді сынып және белсенді тыңдалымды жүзеге асыра білуі керек.Сол стратегиялардың бірнешеуіне тоқталайық:

« Ыстық орындық »

Мақсаты:

Драматикалық пән бірігіп әсерленуді мадақтау үшін, «түсіну» мазмұнын түсіну,сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін зерттеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру:

Бір оқушы алдында орындықтар доға болып орналастырылған .

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікіпмен немесе басқа оқушымен,сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады.Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады (Мысалы,Гордон Браун немемсе жас жалғаз басты ана)

« Жұптасып- ойлан - бөліс»

Мақсаты:

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдық әдісі

« Ойланудың алты қалпағы »

Мақсаты:

Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін, сананың түрлі бөліктерін бөлу.

Ұйымдастыру: Арнайы еш нәрсе жоқ

Бұл қалай жұмыс істейді:

Алты қалпақ бар, әр қайссы ойланудың түрлі элементтерінің рольін атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы – сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.


« Еркін талқылау»

Мақсаты:

Оқушының көш басшылығын, жауаптылығын мадақтау, мұғалімнің материалды қайта қолданудан аулақ болуы.

Ұйымдастыру:

Топтар немесе барлық сынып ,шеңдер,үстел немесе орындықтар.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бұны шағын топта қалай болса, сондай ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан,бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады , бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін . Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.



Қорытынды

Қорыта келгенде, 15-жастағы білімгерлердің ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы PISA халықаралық зерттеуінің басты бағыттарының бірі болды. Халықаралық PISA тесті білімгерлердің академиялық білімін - 15-жастағы оқушының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығың меңгерген оқу курсының мазмұнын өлшемейді. Халықаралық емтихан инструментарийінің бірегейлігі оның, мектеп түлегі үлкен жастағы өмірінде өзін жеке тұлға ретінде толығымен көрсете алуына мүмкіндік туғызатын білімгерлердің қабілетін анықтайтындығында. 
Осылайша, «ғылыми-жаратылыстану сауаттылық» ұғымының басты тезисі білімгерлердің:

  • жаратылыстанудан тапсырмаларды шешу арқылы қоршаған ортада туындайтын мәселелерді айқындау; 

  • оларды химия,биолгия пәндерінен білім мен әдістерді қолданып шешу; 

  • қолданылған шешу әдістерін талдау;

  • алынған нәтижелерді қойылған міндеттерді ескере отырып түсіндіру; 

  • қабылданған шешімдерді тұжырымдау қабілеттері болып табылады.

 
Жаратылыстану пәндерінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық сипаттағы тесттер оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында қолдана білу қабілеттерін анықтауға арналған. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда пиза тапсырмаларының атқаратын ролі зор. Бұл шешімдер сабақта PISA критерийлерін қолдана отырып, проблеманы талдау, 
“ойлан, жүппен жұмыс істе, бөліс», «мен-сен-біз» т.б стретегияларын қолдану арқылы іске асырылады. 
Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу т.б.) 
Ойдың ықшамдығы; Ойлау барысының нақтылығы; 
Халықаралық білім беру принциптері негізінде құрылып жатқан еліміздегі 12- жылдық білім берудін еңгізілуі жағдайында, Қазақстанның PISA салыстырмалы зерттеуіне қатысуы білім берудің дамытуда үлкен стратегиялық мәнге ие. 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Шалабаева Гульнар Алиевна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства