kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Атаж?рт" интеллектуалды? ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Атаж?рт» танымды? ойын саба?ы

   ?стазды? маманды?ты? жауапкершілігі мол,?тілетін ?р саба? м??алімнен к?п ізденісті,шы?армашылы?ты ?ажет етеді. О?ушыларды? білімі мен да?дыларын орны?ты ба?ылау о?ушыларды? п?нге ?ызы?уын, ынтасын к?теруді? бірден-бір жолы.?орша?ан орта?а,таби?ат?а с?йіспеншілік,ел экономикасымен ?з облысы?ды немесе ауыл айма?ы?ды білуге,оны с?йе білуге т?рбиелеу география п?ніні? негізгі міндеттеріні? бірі. Б?л ма?сат-міндеттер география п?ніні? ?ткізілетін д?ст?рлі емес саба?тарда шешуін табады деп ойлаймын. «Поле чудес», «Слабое звено», «Что? Где? Когда?», «Биржа игра», «Угадай мелодию» т.б интеллектуалды телеойындарды саба?тарыма бейімдеп ?немі болма?анымен о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын, ынтасын арттыру ма?сатында ?олданамын. 9 сыныпта ?ткен ?аза?стан география саба?ында?ы интеллектуалды? телеойыны? «Атаж?рт» ба?дарламасына бейімделді.w

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Атаж?рт" интеллектуалды? ойыны»

«Атажұрт» танымдық ойын сабағы

Ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мол,өтілетін әр сабақ мұғалімнен көп ізденісті,шығармашылықты қажет етеді. Оқушылардың білімі мен дағдыларын орнықты бақылау оқушылардың пәнге қызығуын, ынтасын көтерудің бірден-бір жолы.Қоршаған ортаға,табиғатқа сүйіспеншілік,ел экономикасымен өз облысыңды немесе ауыл аймағыңды білуге,оны сүйе білуге тәрбиелеу география пәнінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл мақсат-міндеттер география пәнінің өткізілетін дәстүрлі емес сабақтарда шешуін табады деп ойлаймын. «Поле чудес», «Слабое звено», «Что? Где? Когда?», «Биржа игра», «Угадай мелодию» т.б интеллектуалды телеойындарды сабақтарыма бейімдеп үнемі болмағанымен оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында қолданамын. 9 сыныпта өткен Қазақстан география сабағындағы интеллектуалдық телеойының «Атажұрт» бағдарламасына бейімделді.

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін, өз өлкесін қаншалықты білетіндігін тексеру мақсатында өткізілді.

Көрнекіліктер: Кесте «Атажұрт», «Асу» турына таблица, магнитафон, фотография, түрлі-түсті плакаттар, Қазақстан картасы. Сабақ бейнетаспаға түсірілді.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

( Екі команда «Мақпал», «Майшұңқыр» - бұл атаулар өз ауыл- аймағымыздағы кішкене ауыл аттары).

Әр команда үш оқушыдан.



І тур.Өткел.

Команда капитан жарысы. Әр каптанға 1 минутта 5 сұрақтан қойылады.

  1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ең ежелгі қаласы? (Орал)

  2. Балқаш көліне құятын өзен? (Іле)

  3. Маңғыстау облысындағы қорық? (Үстірт)

  4. Трактор заводы қай қалада? (Павлодар)

  5. Батыс Қазақстан облысындағы кеме шығаратын завод (Зенит)

  6. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ең үлкен қаласы? (Ақтөбе)

  7. Арал теңізіне құятын өзен? (Сырдария)

  8. Алматы облысындағы қорық? (Алматы)

  9. Аккумулятор заводы қай қалада? (Талдықорған)

  10. Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен астық комбинаты? (Желаево)



ІІ тур.Белес.

Командаға екі сұрақтан қойылды.



  1. Павлодар қаласының оңтүстік-батысында 135 км. жерде орналасқан қоңыр көмір бассейні. Геологиялық запасы 12млрд тонна. Көмірдің қалыңдығы-160-200м. Көмірдің күлі көп.



Қосымша көмек сұрағы. Көмір ашық әдіспен өндіріледі. Бірнеше ірі ГРЭСтер жұмыс істейді? (Екібастұз)



  1. Ақсоғым ауылының шығыс жағындағы үлкен көл.Ауылдан 25-30 шақырымдай жерде.Көл балыққа бай. Құстардан бірқазан, аққу, қаз,үйректер өте көп. Көл айналасында қамыс.



Қосымша көмек сұрағы. Бұл көл Батыс Қазақстан облысындағы ең ірісі. Тереңдігі 18 м. Көлге шығыс беттен Есен Аңқаты. Шолақ Аңқаты өзендері құяды? (Шалқар)



  1. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан ірі темір кең орыны. Руда жердің бетіне жақын орналасқан. Руда өте жоғары сапалы, құрамында 40-45% темір рудасы бар.



Қосымша көмек сұрағы. Қостанай облысында орналасқан, ол темір кеңін кезінде ұшқыш Сургутанов ашты. Ашылған жылы 1930. Темір кең алабының аты. (Соколов-Сарбай).



  1. Бұл кішкене мал қыстағы, Ақсоғым ауылының солтүстік жағында, ауылдан 9-10 шақырымдай жерде орналасқан. ХХ ғасырдың басында бұл жерде қызыл тастан салынған мектеп және оншақты үй болған. Қыстақтың аты.

Қосымша көмек сұрағы. Бұл қыстақ Атар ауылымен Мақпал ауылының ортасында орналасқан. (Қызыл үй)



ІІІ Тур. Бекет.

Әр команданың өз көрермендерінің көмегі. 2 сұрақтан қойылады.

  1. Ақсоғым ауылының оңтүстігінде, ауылдан 4-5 шақырым жерде Шанкөт сайындағы кішкене көл. 60 жылдары осы көл жағасында жан-жақтан жинаған ауру, арық-жүдеу малдарды баққан. Кішене көл аты? (Тышқақ көлі)

  2. Қазақстандағы алюминий зауыты қай қалада? (Павлодар)



  1. Ақсоғым ауылының шығыс жағындағы төбе. Ол төбеде зират бар. Төбе бойында ескі қыстаулар орны көп. Төбеніңк аты?(Үмбет төбе)

  2. Қазақстандағы қара металлургия өндірісінің қалдықтарын (Металлом) қайта балқытатын металлургиялық зауыт қай қалада? (Алматы)





IV-тур.Асу

Тақтада үлкен таблица ілініп тұрды, онда 14 сұрақ, жапсырылып осылай орналастырылды:

1

БҚО

2

ҚФГ

3

Музыкалық сұрақ

4

ҚЭГ

5

ҚФГ

6

ҚЭГ

7

ААА


Атажұрт

8

БҚО


9

ҚФГ

10

ҚЭГ

11

Музыкалық сұрақ

12

ҚФГ

13

БҚО

14

ААА



БҚО- Батыс Қазақстан облысы ҚФГ- Қазақстан физикалық картасы ҚЭГ- Қазақстан экономикалық картасы ААА- Ақсоғым ауыл аймағы МС- музыкалық карта



Әр команда 4 сұрақтан таңдайды. Команда таңдалған төрт-төрттен сегіз сұрақ, олар мынадай:

  1. Шалқар көлінің оқтүстік жағындағы тау. Теректі ауданының жерінде орналасқан.Абсолют биіктігі 94 метр.Тау басы доғалданып келген. Тау аты қандай? (Сасай тауы)

  2. Қазақстан Республикасының аймағындағы ең жауын-шашын аз түсетін жер. Ол Жамбыл облысының аймағында орналасқан. Балқаш көлінің батыс жағында? (Мыңара)

  3. Музыкалық сұрақ. (Музыка ойналады).

Бұл өзен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының территориясын кесіп өтеді. Өзен бойында Қазақстанда егілетін күріштің 80% егіледі. Өзенде СЭС саланған. (Сырдария өзені) (Ш.Қалдаяқовтың әні «Сыр сұлуы»)



5 . Бұл қорық Қазақстанның орталық бөлігіне таяу орналасқан. Толығымен Ақмола облысының территориясына кіреді. Қорық ЮНЕСКО –ның өте маңызды, қорғалатын аймақ деген атақ алды.(Қорғалжың қорығы)



8.Бұл село аудан орталығы, Орал қаласынан оңтүстікке қарай 122 км жерде орналасқан. Тұрғыны 8,5 мың адам. Іргесі ХІХ ғасырдың басында қаланды. 1938 жылға дейін Ілбішін деп аталып келген. Қазіргі аты қандай? (Чапай селосы)



9. Тау Батыс Қазақстан экономикалық ауданның территориясында орналасқан. Орал тауының жалғасы болып саналады. Ең биік нүктесі 657 метр. Бұл қай тау, оның ең биік нүктесін ата. (Мұғалжар тауы.Үлкен-Бақтыбай).



13. Аумағы 19 мың га. Көшім өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Қорықшада батпақты жерлерге тән өсімдіктердің алуан түрі бар.Құстардан аққу, қарашақаз, бірқазан,үйректер т.б түрлерге бай. Бұл қай қорықша? (Жалтыркөл)



14. Жайық өзенінің жағасындағы биік жар. Жардың аталуы туралы екі аңыз бар. Бірі қазақтан мен орыстар төс түйістіріп дос болуына байланысты, екіншісі- атан түйеге байланысты қойылған деп айтады.Жардың аты. (Братан жары)



Осы төрт турдың қорытындысы бойынша 1 команда жеңіп шықты. Олар 500 ұпай жинады.





V- тур.Жерұйық.

Оқушыларға 4 сұрақтан жазылған пакет ішінен, біреуін таңдауын сұрадым. Таңдап алынған Ақсоғым ауыл аймағына байланысты болды.



Сұрақ: Ақсоғым ауылының солтүстік жағында орналасқан көл. Көл тайыз, асты батпақты. Ені онша жалпақ емес.Жайық өзені тасыған кезде , осы көлге құяды. Көл атауы орысша. Қзақ тіліне аударғанда «тәтті » деген сөзді білдіреді. Бұл көл қалай аталады? (Сладкий карась)

Оқушылар бұл сұрақтың жауабын тауып, өз ұпайларын еселеді.Танымдық ойынның соңында женген командаға ақшалай сыйлықпен 5 деген баға қойылды. Сайысқа қатысқан басқа команда да ескерусіз қалған жоқ.

Курсты қайталауға арналған мұндай сайыс сабақтары оқушыларды белсенділікке,білімділікке ізденуге талпынсын, география пәніне қызығушылығын арттырады.

Бұл ойынға қатысып отырған «Жумашовтар» шаруа қожалығының мүшесі Дулат Қажығалиұлы екі командаға да жинаған ұпайы бойынша ақшалай сый-сиапат жасады.

Оқушылар география пәнінен сабақ материалдарынан басқа тарихи-географиялық жер-су атауларын өте жақсы білетіндіктерін дәлелдеді. Мұндай сайыс сабақтары оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа,жылдамдыққа баулиды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Атаж?рт" интеллектуалды? ойыны

Автор: Наурзов Махат Кажгалиевич

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства