6 «в» 2017-2018 оқу жылындағы мектеп ауласына жасалған жұмысқа есеп
6 «в» 2017-2018 оқу жылындағы мектеп ауласына жасалған жұмысқа есеп
Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында жан –жақты ойлауын қалыптастыруға себепші болу.
Міндеттері:
-балалардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру-негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;
-қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасын тәрбиелеу және экологиялық білімін көтеру мақсатында өткізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«6 «в» 2017-2018 оқу жылындағы мектеп ауласына жасалған жұмысқа есеп»
Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп КММ 6 «в»2017-2018 оқу жылындағы мектеп ауласына жасалған жұмысқа есеп
Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында жан –жақты ойлауын қалыптастыруға себепші болу.
Міндеттері:
-балалардың экологиялық дүниетанымын қалыптастыру-негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;
-қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасын тәрбиелеу және экологиялық білімін көтеру мақсатында өткізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.
Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебінің көгалдандыру мен санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында өткізілгенпрактикада 7в сыныбының оқушылары белсенді қатысып отырды. Мектеп маңындағы ағаш түптерін қопсыту, көк шөптердің бетін тазалау, мектеп ауласын сыпыру, гүл отырғызу жұмыстары атқарылды.
7в сыныбының оқушылары оқушылары және мен берілген участок жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, мектебіміздің тазалығына өз үлестерін қоса білді. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мектеп ауласы көрікті, әрі таза. Мектеп ауласында өсірілетін ағаштар отырғызылып,сонымен бірге мектеп аллеясында биологиялық және географиялық алаңдар жасалынды. Биология пәнінен зерттеу жұмыстарын биологиялық зерттеу алаңында жүргізеді. Әрбір сыныпқа мектеп аллеясынан белгілі участок бөлінген. Сол үлескіде оқушылар жаз айларында өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарымен айналысып келеді.
«Біз таза қаланы қолдаймыз» айдарымен сыныптар арасында өткен сынып сағаттарының мақсаты оқушыларды таза қаланы қолдауға үйрету, мектеп ауласын көгалдандыру болды. Нәтижесінде 7в сынып оқушылары мектеп ауласының көгалдандыруы мен көркеюіне үлкен үлестерін қосып отыр.
Мектеп айналасына жауапкершілікпен қарап оқушылар гүлдер суғару, арам шөптерді жұлу, арық жасауды жөн көрді. Нәтижесінде мектеп ауласы жайнап шыға келді. Оқушыларға тиянақты жұмыс атқарған үшін алғыс хаттар берілді. Мектеп ауласының таза әрі көрікті болуы мектеп ұжымы және оқушылары үшін үлкен қуаныш. Өйткені ол өз еңбектерінің жемісі.
Бұл атқарылған жұмыстардың барлығы балаларға экологиялық тәрбиеге болып табылады, өйткені бұл Қазақстанның табиғи байлығы, ал Қазақстанның табиғи байлығы – ұлт байлығы.
Сынып жетекшісі:АхметоваН.У.
Қаныш Сатпаев атындағы орта мектеп КММ 2017-2018 оқу жылындағы 6в сыныбының жазғы экскурсияға барғаны жайлы есеп
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында өткізілген іс-шараларға мектептің оқушыларын белсенді қатыстыру
Жазғы демалыста оқушылармен бірге Еңбекшіқазақ ауданындағыДәркенбай атаның мұражайына баруды жөн көрдік. Қазақтың тума талант дарыны, қолөнер ісінің көркем шебері, зергер—ұста, марқұмДәркембай Шоқпарұлының инемен құдық қазғандай термелеп жиған жәдігерлері, өзінің қолмен өріп, соққан бұйымдарыбүгінде еліміздің алтыннан қымбат тарихи қазынасына айналғаны бәрімізге мәлім..Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылынан орын тепкен, алғашында шағын ғана ұстахана болып басталған шеберхана ауқымы кеңейе келе облыс әкімінің қолдауымен «Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайына» айналды.Балалар халқымыздың дәстүрлі қолөнерін қастерлеп, өнерге ұмтылысымен дара шыққан Дәркембай Шоқпарұлы жастайынан ұсталыққа, ағаш шеберлігі мен сурет салуға үйір болып, дарынын еңбекпен ұштасқанын білді. Ағаш түбірлері, діңі мен бұтақ тамырларынан ойып мүсіндеген туындылары – «Ахмет ата», «Қазақ ыдыстары», «Асадал», «Асық», «Теке» және «Мешін» бетпердесі, тастан қашалған «Студент қыз», темірден түйілген «Қыз бен кесіртке», жез-күмістен жасалған әшекей, зергерлік бұйымдары сонау 70-жылдардың орта тұсында-ақ таңдай қақтыра ауызға ілініп, тіптен бұрынғы одақта және Қазақстан, Орта Азия елдерінің өнер көрмесінен орын алып, Венгрия, Чехословакия, Румыния елдерінде және Индия, Бирмада өткен қолөнер шеберлерінің жарысына қатысады. «Балуан» атты туындысы 1974 жылы Сібір қалалары Кемерово, Новосибирск, Омск және Павлодарда өткен Қазақстанның жас суретшілері жылжымалы көрмесі де тамашалаған екен. Бүгінде мұражай өнер туындылары тарапынан облыс беделін аспандатқан.Дәркембай Шоқпарұлы 1996 жылы шеберханасын Алматыдан Ақшиауылындағы жекеменшік үйіне көшіріп әкеліп, дарынды жастарды қолөнер шеберлігіне баули бастайды әрі көне бұйымдар көрмесін ұйымдастырып, оны қызықтаушыларға есік ашқан. «Жігітке жеті өнер де аз» атты көрме залына ұштасып, «Халқымыздың үй жиһаздары» бөлімімен жалғасқан. Одан ұлтымыздың күнделікті тұтынатын таптырмас байырғы заттарын көруге болады. Сонымен бірге оқушыларды «Халық саз аспаптары», «Құрал-саймандар, аңшылық саятшылық» бөлімі тіптен ерекше. «Ер-тұрман, қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, ұстаның пайдаланған заттары» бөліміндегі құндылықтар көз сүріндіреді. Бірінен-бірі қызықты заттар оқушыларды тәнті ете таңдандыра, тамсандырды.