kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 ?ырк?йек-білім к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

КІРІСПЕ

?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасына с?йкес білім беру ?йымыны? т?легі б?секеге ?абілетті т?л?а болу?а, ?леуметтік, экономикалы? ж?не саяси ?мірге белсене ?атысу?а м?мкіндік беретін т?йінді ??зыреттіліктерді ?ана ме?геріп ?оймайды, сонымен ?атар оны? жо?ары азаматты? ж?не адамгершілік ?станымдары, патриотты? ж?не ?леуметтік жауапкершілік сезімі болуы керек.

Жыл сайын ?ткізілетін 1 ?ырк?йектегі Білімк?ні о?ушылар мен жастарды ?з Отаны – т?уелсіз ?аза?станды с?юге, оны? лайы?ты азаматы болу?а, ?о?амда ?лтаралы? келісім мен т?ра?тылы?ты са?тау?а ?мтылыс таныту?а ?йретуге тиіс. ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері – Мемлекеттік Елта?басы, Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Гимнін о?ыту?а ерекше м?н беріліп, адамгершілік-???ы?ты? ??ндылы?тар ретінде негізге алынуы ?ажет.

КІРІСПЕ

?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасына с?йкес білім беру ?йымыны? т?легі б?секеге ?абілетті т?л?а болу?а, ?леуметтік, экономикалы? ж?не саяси ?мірге белсене ?атысу?а м?мкіндік беретін т?йінді ??зыреттіліктерді ?ана ме?геріп ?оймайды, сонымен ?атар оны? жо?ары азаматты? ж?не адамгершілік ?станымдары, патриотты? ж?не ?леуметтік жауапкершілік сезімі болуы керек.

Жыл сайын ?ткізілетін 1 ?ырк?йектегі Білімк?ні о?ушылар мен жастарды ?з Отаны – т?уелсіз ?аза?станды с?юге, оны? лайы?ты азаматы болу?а, ?о?амда ?лтаралы? келісім мен т?ра?тылы?ты са?тау?а ?мтылыс таныту?а ?йретуге тиіс. ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздері – Мемлекеттік Елта?басы, Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Гимнін о?ыту?а ерекше м?н беріліп, адамгершілік-???ы?ты? ??ндылы?тар ретінде негізге алынуы ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 ?ырк?йек-білім к?ні »

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім беру ұйымының түлегі бәсекеге қабілетті тұлға болуға, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді ғана меңгеріп қоймайды, сонымен қатар оның жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымдары, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілік сезімі болуы керек.

Жыл сайын өткізілетін 1 қыркүйектегі Білім күні оқушылар мен жастарды өз Отаны – тәуелсіз Қазақстанды сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауға ұмтылыс танытуға үйретуге тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Елтаңбасы, Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Гимнін оқытуға ерекше мән беріліп, адамгершілік-құқықтық құндылықтар ретінде негізге алынуы қажет.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық сияқты құндылықтар меншіктің қай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.

Балалар мен оқушы жастарды азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздердің адам мен мемлекет өміріндегі орны мен рөлін түсіндіру, мемлекеттік рәміздерді сыйлау мен құрметтеуге негізделген саналы құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының
1 қыркүйегінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында Білім күнін өткізу ұсынылады.

Білім күнінің міндеттері:

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы мен маңызын зерделеу, Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Ту бейнесінің, Қазақстанның Мемлекеттік Гимні мәтінінің мағыналық маңызын, тәуелсіздіктің мемлекеттік рәміздерін жасаудың құқықтық негіздерін ашу жолымен патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу;

– мемлекеттік рәміздерді сыйлау мен құрметтеуге негізделген, өз еліне, оның бай тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

– қазақ тіліне, қазақ халқының, Қазақстанның басқа этностары мен этникалық топтарының дәстүрлері мен салттарына деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін тәрбиелеу;

– балалар мен жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу;

– зияткерлік қабілетін дамыту болып табылады.

БІЛІМ КҮНІНІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

Азамат құқықтарға, еркіндікке ие, қоғамда белгілі бір міндеттерді алып жүретін адам.

Патриотизм – адамгершілік және саяси ұстаным, мазмұны Отанға деген сүйіспеншілік және оның мүддесіне өз мүддесін бағындыруға дайындық болып табылатын әлеуметтік сезім.

Мораль және адамгершілік – маңызды этикалық категориялар. Адамгершілік – бұл адамның ішкі тәртібі, индивидтің өз ар-ожданы мен ерік жігеріне сәйкес саналы іс-әрекет ету қажеттілігі. Мораль – қоғамдағы адамның іс-әрекетін нормативтік тұрғыдан реттеудің негізгі әдістері; қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.

Мемлекеттік рәміздер – конституциямен немесе арнайы заңмен белгіленген мемлекеттің айрықша белгілері. Мемлекеттік рәміздер – бұл жалпыұлттық және біріктіруші факторлар болып табылатын мемлекеттік егемендік рәміздер. Өз елінің рәміздерін құрметтеу азаматтық ұстанымның көрінісі болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толды. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» заңдарына қол қойды. 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлығына түзетулерді қабылдады, еліміздің жаңа Гимні бекітілді. 1996 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығы қабылданды. 2012 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қазақстан Республикасының рәміздері тәуелсіз мемлекет идеологиясының негізгі бағыттарын, оның тарихи дамуын көрсетеді, қазақ халқының және қазақстандық қоғамның тәуелсіздік туралы ғасырлық арманының іске асуының көрінісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Авторы – Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әннің авторы – Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелерін стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн сақталуы тиіс.

Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен елге деген құрмет, патриотизм басталатынын 204 мемлекеттен келген спортшылар күш сынасқан Лондондағы жазғы Олимпиада айқын дәлелдеп берді. Лондон көгінде көк байрағымыз бірнеше рет желбіреп, әуелеп шырқалған әнұранымыз талайлардың жүрегін тебірентті, Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттырды. Күш пен намыс додаға түскен сайыстарда қазақстандық спортшыларымыз: Александр Винокуров, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Илин, Ольга Рыпакова және Серік Сәпиев алтыннан алқа тақты. Қазақстанды бүкіл дүние таныды, спорттағы табыстарымызды әлем мойындады.

БІЛІМ КҮНІН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Білім күнін ұйымдастыру мен өткізуде білім алушылардың өз Отаны – Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуін, олардың мәні мен маңызын түсінуін қалыптастыру маңызды.

Білім күні ресурстары: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимннің аудио жазбасы, Қазақстан картасы, Құрманғазының күйі, Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған, музыкасы Б. Тілеухановтыкі «Қазағым менің» әні, Қ. Мырза-Әли сөзіне жазылған, музыкасы Е. Хасанғалиевтыкі «Атамекен» әні, түрлі классикалық және халық музыкасының аудио жазбасы, Отан туралы өлеңдер, Қазақстанның заманауи жетістіктері туралы кітаптар; фотографиялар; слайдтар; портреттер және т.б.

Мұражайларға, мемориалдарға бару, танымал адамдармен, ардагерлермен, ғалымдармен кездесу өткізу, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары көрініс тапқан бейнефильмдер көрсету, оқушылар мен студенттер үшін жаңа оқу жылында болуы мүмкін қызықты іс-шаралар мен акцияларды талқылау. Өңірдің (қала, аудан, ауыл) тарихы мен заманауи дамуы бойынша материалдарды сабақта қолдану тиімді. Пәнаралық байланыстарға сүйене отырып, педагог білім алушылармен бірге туған қаласының (ауыл, мектеп, көшелер, т.б.) тарихына мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы виртуалды саяхат жүргізе алады.

Веб-сайттар (мысалы: virtualtour.kz) мүмкіндіктерін қолданып, Астана қаласы бойынша виртуалды тур ұйымдастыруға болады.

Жинақталған тәжірибені ескере отырып жалпы білім беретін мектептерде Білім күні:

1-4 - сыныптарда саяхат-сабақ, викторина-сабақ, жарыс-сабақ, ойын-сабақ, әңгіме, сурет, қол өнері бұйымдары байқауы, музыкалық кештер;

5-8 - сыныптарда баспасөз-конференциясын, викторина, жарыс, оқушылар жобасының тұсаукесерін, сурет көрмесін өткізу, саяхат жасау, танымал жерлестермен, ақын-жазушылармен, композиторлармен, режиссер-актерлармен, суретшілермен кездесулер;

9-11 - сыныптарда – іскерлік ойын, оқушылар жобасының тұсаукесері және ой-талқы, пікірталас, пікір-сайыс, ғылым мен өнер өкілдерімен кездесулер және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Кәсіптік лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарының педагогикалық ұжымдарына ардагер-оқытушыларды, ғалымдарды, түлектер қауымдастығының, кәсіптік бірлестіктер және жастар ұйымдарының өкілдерін шақыру ұсынылады.

Білім күнін өткізу процесінде Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, кинематографиясы, публицистикасы материалдарын және білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын пайдалану қажет.

Білім күніне арналған іс-шаралар өткізуде оқушылар мен студенттердің тұлғалық, психологиялық жас ерекшеліктері және жеке қабілеті мен мүддесі ескерілуі керек.

















































Сыңғырла, күміс қоңырау!


30.08.2012, 23:53

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, Қазақстан Республикасының рәміздерінің 20 жылдық мерейтойымен сіздерді құттықтай отырып, мектеп өмірінде дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

/«Мектеп вальсі» әуені/

2-жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: – 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Рахимжанова Апидаш Мұратқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші: - 1 «Ә» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз -

Темирова Айнұр Сембайқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

1-жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

Қадыров Н.: Мектеп, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!

/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: /келген қонақтармен таныстырады/

1. – Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімінің бастығы

2. – Қалалық білім бөлімінің әдіскері

2-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Мұхаметжанова Зинаида Әшімқызына беріледі

1-жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

1. – Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімінің бастығы

2. – Қалалық білім бөлімінің әдіскері

2-жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!

Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі. /7 оқушы өлең оқиды/

1. Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен.

Келіп ем, қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

2. Келдік алғаш мектепке,

Білмейтін едік әріп те,

Оқып, бізді үйретер,

Ғылым анасы – Әліппе!

3 .Мектеп – қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз

4. Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Ата-анамды қуантып,

Шоқ жұлдыздай жанамын.

5. Бақытты балғын баламыз,

Өсті ой мен санамыз.

Әріп танып, сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз.

6. Міне мен де ұлкен болдым,

Жасым толды алтыға.

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға.

7. Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,

Еліме лайық болу ұранымыз.

Қазақ қыздар гимназиясынан білім ап,

Білімнің биігіне шығамыз біз.

Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы.

2-жүргізуші: «Мектебім» әні – орындайтын «Әуен» вокалдық тобы

2-жүргізуші: Гимназия табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді құтттықтап, қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіруге Алдабаева Маржан шақырылады.

/11-сынып оқушысының құттықтау сөзі/

.: - Қымбатты біздің кішкене сіңлілеріміз! Аяулы ұстаздар! Міне, бүгін біз үшін соңғы Алғашқы қоңырау. Бала шақтан болашаққа қадама басып бара жатқан біздер, гимназия үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.

Оқыған әпкелеріңіз

Қадірлі мектеп – бұл мектеп,

Сендердей біз де болғанбыз.

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

1-жүргізуші: Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау!

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен Ахметжанова Меруерт пен Алпысбаева Ильназға беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

2-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші: Алтын ұя – киелі шаңырағым,

Мен өзіңе қашан да табынамын.

Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,

Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!

2-жүргізуші: Сылдырла, сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.
Бөбек пен түлек жұп болған,
Алғашқы қоңырау қағылды!

Қадыров Н.: Мектеп,тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!

2-жүргізуші: Ал енді 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатында сәт сапар!

/музыка әуенімен 1-сынып оқушылыры кетеді/

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты алғашқы сабаққа шақырамыз.

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
1 ?ырк?йек-білім к?ні

Автор: Молбаева Гулбану Кошановна

Дата: 25.07.2015

Номер свидетельства: 223561


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства