Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Менің ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын!«Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан мұғалімдік мамандықты таңдап, Алматы қаласына «Үздіксіз білім беру» колледжге оқуға түсіп, колледжіні бітіргенен кейін, сол қалада Жемпи де педагогикалық институтта жоғарғы оқу орнында білім алдым. Мұндағы өткен 3 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты.