Сабақ тақырыбы: Жүгіріп келе жатып,бір колоннадан үш колоннага сап құру
Сабақ мақсаты: 1Бірнеше лекті сап құруды меңгерту
2Қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту
3Ұқыптылққа,ептілікке тәрбиелеу
Сабаққа қажетті құралдар: ысқырық,
Сабақтың өтілетін орны: спорт зал
Бөлімдер
| Сабақ барысы | Уақыты | Әдістемелік нұсқау | ||||||||||||||||
Дайындық бөлімі
| Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру. Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. -Екі қол белде өкшемен жүру. -Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. -Бір қалыпты жеңіл жүгіру. -Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. -Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. -Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. -Екі қол тізеде толық отырып жүгіру. -Отырып секіре жүру. -Дем алу, дем шығару. Саптағы бой жазу жаттығуларын көрсету -Саппен келіп бірнеше қатарға тұру -Қолды белге қойып, басты оңға және солға айналдыру. -Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. -Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру. -Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. -Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. -Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. -Қолды белге ұстап, белді онға және солға айналдырамыз. -Қолды алға созып отырып, тұру. -Екі қолды тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. -Дем алу, дем шығару |
15 минут | Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Тізенің толық жоғары көтерілуін қадағалау Денені түзу ұстау керек. Еркін демалу.
Қауіпсіздік ережесін қадағалау. | ||||||||||||||||
Негізгі бөлімі
| Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Бір колоннадан үш колоннаға сап құруды үйрету.Бірінші,екінші,үшіншіге саналып,үш қатар сап түзеуді үйрету.Эстафеталық жарыс өткізу | 20 минут | Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау.
| ||||||||||||||||
Қорытынды бөлім
минут | -Сабақты қорытындылау. -Демалдыру жаттығуларын жасау. -Оқушыларды бағалау. - Үй тапсырмасын беру. -Қоштасу. -Бір қатармен спорт алаңынан немесе залдан шығару. | 5 минут | Оқушылардың еңбегін бағалау. Кемшіліктерін түсіндіру.
Сабақ тақырыбы: Жүгіріп келе жатып,бір колоннадан үш колоннага сап құру Сабақ мақсаты: 1Бірнеше лекті сап құруды меңгерту 2Қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту 3Ұқыптылққа,ептілікке тәрбиелеу Сабаққа қажетті құралдар: ысқырық,
Сабақтың өтілетін орны: спорт зал
|