kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Же?іл атлетика. Т?менгі с?реден 60 метр ж?гіру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? барысында денсаулы? жа?сарту?а, салауаттылы??а ба?ытал?ан тапсырмалар орындалады. Же?іл атлетика?а байланысты ж?гіруді? ?дістері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Же?іл атлетика. Т?менгі с?реден 60 метр ж?гіру.»

Сабақ жоспары № 99

5 –а,ә,б,в сыныптары

қыздар тобы

Өтілетін күні: 18.05. 2016 жыл.

Пән мұғалімі:Алимбетова М.М.

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика .Төменгі сөреден 60 метр жүгіру

Сабақтың мақсаты: Жалпы шапшаңдық,икемділік және төзімділік қасиеттерін дамыту.

Білімділік: Оқушыларға қысқа қащықтыққа жүгірудің әдіс – тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Ептілік, икемділік және жылдамдықты дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына баулу

Өтілетін жер: Спорт алаңы

Қолданылатын құрал жабдықтар: Уақыт өлшеуіш, ысқырық,матрас,гимнастикалық баған,кедергілер,плакаттар

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі:Бекіту

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,мазмұндау,тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті



Сабақ мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар


І






Дайындық бөлімі.


* Сапқа тұру , сәлемдесу , сынып физругының есебі, сақтандыру ережесін түсіндіру


* Бұрылу түрлері :

1. «Оң- Ға!» , «Сол -Ға!» .

2. «Оң- Ға!» , «Сол -Ға!» , «Ай - Нал!» / 6 -7 рет /

* Жүру түрлері :

1. Жорықтық қадам мен тіке және бағыт өзгерте

/ Қол еркін /

2. Аяқтың – ұшы , өкшесі және ішкі ,сыртқы қырларымен .

/ Қол белде ,желкеде және төбеде /


* Жүгірудің түрлері :

1. Жеңіл екпінде тіке және алаңды айлана ;

2. Бағытын өзгерте жеңіл екпінде

3.Тізені жоғары көтере және аяқты артқа сермей жеңіл екпінде .

4. 10-15 қадам шамасында жоғарғы екпінде /2 -3 рет қайталай жүгіру

Бір қалыпты жеңіл жүгіру. Жүгіру кезінде жасалатын жаттығулар:

Екі қолды көтеріп аяқтың ұшымен жүру, қолды желкеге ұстап өкшемен жүру, қолды алға созып аяқтың ішкі қырымен жүру, қолды белге ұстап аяқтың сыртқы қырымен жүру. Бір қалыпты жүгіру, оң жақ қырымен қолды алға айналдырып жүгіру, сол жақпен қолды артқа айналдыру, қолды кеудеге ұстап тізені көтеріп жүгіру, қолды артқа ұстап өкшені қолға тигізіп жүгіру.

* Арнайы ЖДЖ / жалпы дамыту жаттығуы /

- Орында тұрып оқушының тұла бойына

негізделген бірнеше жаттығулар жасау

Ж.Д.Ж: аяқты иықтың бойымен ашып басты алға,артқа,оңға,солға айналдыру 4 р

1.Иыққа арналған жаттығулар. Б.Қ қолды белге қойып, аяқ иықтың көлемінде басты оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру.

2. Иыққа арналған жаттығулар.

Б.Қ аяқ иықтың көлемінде оң қол жоғарыда сол қол төменде 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстыру. Б.қ қолды қайшылау.

3. Белге жасалатын жаттығулар.

Б.Қ қолды желкеге қойып 1 солға

иілу, Б.Қ келу Б.Қ қолды белге қойып белді оңға, солға айналдыру. Аяқтың арасын алшақ ұстап оң қолды сол аяққа 2 рет тигізу. Оң қолды көтеріп сол қолды белге қойып солға 2 рет оңға 2 рет иілу.

4. Аяққа арналған жаттығулар.Қолды тізеге қойып ішке 2 рет сыртқа 2

рет айналдыру. Санақ бойынша отырып тұру. Оң аяқпен 10 рет сол аяқпен 10 рет қос аяқпен 10 рет секіру.








5 мин






10 мин


20 сек

20 сек


20 сек

20 сек

20 сек


20 сек

20 сек

20 сек

20 сек




1,20 сек




1, 40 сек







2 мин







Оқушылардың сырт көрінісіне басты назар аудару.



Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынасты тексеру




Орындау қарқыны және ара қашықтық сақтау қолды ұстану пәрмендеріне жеке назар аудару





Жүктемені дұрыс орындауы дене қызынуы ентігіп қалмауы т.б жағдайларды бақылауға алу.












Оқушыға өз қалауынша денесінің толық қызынуына мүмкіншілік беру .





ІІ



Негізгі бөлім

Мен бүгін сабағымызды гректің ұлы ойшыл философы Сократтың сөзімен бастағанды жөн көрдім.

Ұлы ойшыл Сократқа мынадай сұрақ қойылыпты: Адамға өмірде не қымбат- тырақ,байлық па ,әлде атақ па?-деп. Сонда Сократ:

- Адам бақытты болу үшін, оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық деген екен.

Қызығушылықты ояту.

Сұрақ. 1-2 топқа арналады.

1.Денсаулық туралы айтылған қандай ұлы адамдардың сөзін білесіңдер?

2.Сен өзіңе ең бірінші не тілер едің?

3.Туған-туыстарыңа не тілейсіңдер?

4.Денсаулық - дегеніміз не?

5.Денсаулық адамға не үшін қажет?

6.Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

7. «Салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабағымыздың келесі кезеңі

Мағынаны ажырату.

1-2 топтар біріне бірі тапсырма береді.

«Ойлан , тап».Мақал-мәтелдермен жұмыс.

1.Шаш қайта шығама? Аман болса, бұл басым тағы шығар бұл шашым.

2.Тазалық кепіл болама? Тазалық-денсаулық кепілі

3.Денсаулық түбіне жетуге бола ма ?Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулық түбіне жеткен

4.Ауызды, қолды тиюға бола ма? Ішің ауырса,аузыңды тый.Көзің ауырса, қолыңды тый

5.Адам табиғат жемісі бола ала ма? Дені сау адам –табиғаттың ең қымбат жемісі.

6.Жаның қай жерде?Қай жерің ауырса сол жерде

7.Қотыр,таз жұғама?Қотыр қолдан жұғады,таз тақиядан жұғады.

8.Ауырмайтын жол іздеуге бола ма? Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

9 Шымыр болуға бола ма? Шынықсаң шымыр боласың.

Жеңіл атлетика сабақтарының қауіпсіздік ережелері:

1.Жүгіру кезінде тек өз жолыңмен жүгіруің керек,басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды.

2.Стадиондағы арнаулы сызып қойылған жүгіру жолымен қатарласа келе жатқан сыныптастарыңмен әңгімелесуге болмайды, оларға тым жақындауға болмайды.

3.Биіктікке немесе ұзындыққа секіру тапсырмасы берілгенде аяқ киім бауының дұрыс байланғанын,секіруге арналған шұқырдағы ағаш ұнтағы жұмсартылғанын алдын ала тексеріп алу керек.

4.Ұзындыққа немесе биіктікке секіруді өзінің алдындағы оқушы секіріп түсу шұқырынан толық шығып кеткеннен кейін бастау қажет.

5.Допты немесе басқа да бір нәрсені лақтыруды оқушы лақтырған допты немесе басқа бір лақтыру құралын алаңнан алып кеткеннен кейін бастау керек.

Жүгірудің – жалпы адам денсаулығына тигізер пайдасы өте зор , жүгірумен жүйелі түрде айланысқан адамның ағзасы бір қалыпта болады .

Денесінің 70 -80 % бұлшық еті өзінің қалыпты жұмыс істеу қаблетін сақтайды.



1. Сөреге түрудың түрлері .

-Сөреде тұру;

-Сөреден екпін алу;

- Еркін жүгіру;

- Мәреге жету;

*Жүгірулер « Төменгі ж/е жоғарғы сөреден орындала береді.

Үйрету реті :

1. Жоғарғы сөреге тұру әдісі .

1.1 « Жоғарғы - ( Сөреге !»

1.2.«Дайындал!»

1.3.«Алға !» / марш/


2.Төменгі сөреге тұру әдісі

2.1« Төменгі сөреге!»

2.2.«Дайындал!»

2.3.«Алға !» / марш/



3.Сөреге тұрудың әдісін топпен менгеру


«Алға!» - бұл бұйрықта бар екпінмен алға ұмтылу , итергіш аяқ- қол күшін барынша пайдалану , тепе-теңдікті сақтау керек.

Мәреге жету.- бұл ұғым 10-15 қадам , жүгіру сызығына жетерде орындалады , кеудені алға жіберіп қадамдарды ұзартып , бар екпінмен мәре сызығынан өту керек.


Үйрету әдістері.

1-20-30 м қашықтықты жеңіл жүгіру;

-20-30 м қашықтықты жоғары қарқынмен жүгіру.

-20-30 м қашықтықты баяу қарқынмен жүгіру;

2-Шалқадан жатып велосипед тебу 10-16 қимыл жасау;

3-Етпеттен жатып,екі тізені кезекпен бүгіп жазу;

4-Ағаш бағаннан ұстап тұрып,екі тізені кезекпен аса қиналыссыз кеудеге тигізуге тырысу;

5-Ағаш бағаннан ұстап тұрып,екі аяқтың табанын кезекпен бөксеге тигізуге тырысу.

* Бұл жайлап іске асыратын дағды:



25 минут






















Оқушылар үлгеріміне бақылау жасау .

















Осы бөлімге негізделген тақырып бойынша білім –біліктліктерін тексеру.
































Қауіпсіздік ережесін пысықтау.


Әр адам өзінің мүмкіндігіне байланысты мейлінше азанда жүгіріп тұрғаны жөн .















Әр адам өзінің мүмкіндігіне байланысты мейлінше азанда жүгіріп тұрғаны жөн .










Ескерту :

-Жүгіруші денесін көтеріп , қолдарын сызықтан ажыратпай алға қарап , келесі бұйрыққа даяр болуы керек !




Ескерту:

Сөреден бұйрыққа бағынбай ерте шықса сол жүгірушілер ескерту алып қайта тұрады,егер осы құбылыс қайталанса төрешілер сол тәртіп бұзушыны жарыстан алып тастауы мүмкін.



Ескерту :

Құлап қалмау үшін – ағаш бағаннан ұстап тұруды есте ұстау.


Қосымша жаттығуларды дұрыс орындауларына бақылау жасау.



ІІІ

1

2

3

Қорытынды бөлім


Сапқа тұрғызу.

Сабақтын қортындысын шығару.

Үйге тапсырма беру.Жүгіру техникасының элементтерін жасап үйрену.


3 минут



Кемшіліктерін айтып түсіндіру.

Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Же?іл атлетика. Т?менгі с?реден 60 метр ж?гіру.

Автор: Алимбетова Мадина Махсутхановна

Дата: 27.05.2016

Номер свидетельства: 330560


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства