kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Волейбол ойыны. Допты жо?арыдан ж?не т?меннен ?абылдау. Допты ойын?а ?осу ?дістері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Допты жо?арыдан  екі ?олмен ?абылдауды ме?герту.

 Допты жо?арыдан беру, тік т?р?ан ?алыптан ойыншы бір ая?ты екіншісіні? жанына ?ойып, допты жо?арыдан беруді? ерекше жа?дайына к?шеді. Б?л жа?дайда б?гілген ая?тар бір ба?ытта болады.

?атар ?ойыл?ан ая?тарды? ?оз?алысында?ы кішкентай с?тсіздік, кез-келген ?оз?алысты? д?лдігін б?зып, кеудені? ?исаюына ?келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Волейбол ойыны. Допты жо?арыдан ж?не т?меннен ?абылдау. Допты ойын?а ?осу ?дістері.»

06.02.2016ж Тексерілді______________________

5 «А» сынып

Тақырыбы:

Допты алып жүру және допты екі қолымен кеудеден беру және ұстау тәсілі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға допты кеуде тұсынан беру әдісіне машықтандыруүйрету, жетілдіру

2.Дамытушылық: Күш,жылдамдылыққа, икемділікке, төзімділікке, дәлдікке, кедергілерді жеңе білуге дағдылындыру


3.Тәрбиелік:Оқушылардың бакетбол ойынына қызығушылығын арттыру. Топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: иллюстративтік жаппай, топтық әдістер.
Қолданатын педагогикалық технологиялары: Дамыта оқыту технологиясы

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер

р/с

Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

І. Дайындықбөлімі 10-15 мин

1

Сапқа тұру, рапорт беру

1’-2’

 

2

Сабақтың мақсатын түсіндіру

1’

Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

3

Оңға, солға, кері бұрылу

1’

Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.

4

Жүру жаттығулары

а) Қолдың иық буынынан айналдырып жүру

ә) Қол мен білезік буынының айналдырып жүру

б) Жүру кезінде қол мен білезік буынын айналдыру.

в) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.

2’-3’

Денені түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.

5

Жүгіру жаттығулары

а) Тізені көтеріп жүгіру

ә) Жартылай отырып сол, оң жақпен адымдап жүгіру

б) Екі адымдап, қолды жоғары көтеріп себетке секіріп жүгіру


2’-3’

Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

Әрбір жаттығуда талапқа сай орындау.

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .

 

Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойыныңдағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың  бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл  бүгіп қозғалады, жан – жанжағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.


1

Допты алып жүру тәсілдері:

а) оң қолымен жүру.

ә) сол қолымен жүру.

б) оң және сол қолымен алма кезек жүру.


10-12 р

Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері мұғалім көрсетеді.

2

Допты қолымен жүргізіп себетке лақтыру. 


10-12 р

Допты себетке дұрыс лақтыру

3

Ара-қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердін арасымен допты кезекпен алып жүру.






5-6 р

Допты алып жүргенде доп кеуде тұстан аспау керек

Допты екі қолымен кеудеден беру және ұстау тәсілі.

Допты беру – негізгі әдіс. Допты нақты әр тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Қазіргі баскетболда доп берудің түрлері:

  1. Кеудеден екі қолмен

  2. Иықтан бір қолмен беру


Допты ұстау кезінде, орнықты тепе теңдік сақталған қалыпта және кез келген кезде қозғалуға ыңғайлы болу керек. Допты екі қолмен ұстау кезінде қолы алға созу керек.

4

 

а)Бір оқушы құрбысына екі қолымен кеудеден береді, ол допты екі қолмен қабылдап, қайта береді.

5′-6′р

Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға

5

ә)Ойыншылар алаңда тұрады. Бірінші ойыншы допты алға қарай алып жүреді, екінші ойыншы оның жолына кедергі келтірмей жүгіріп,сол және оң бағытқа бұрылып допты қабылдайды серігінен. Бірінші ойыншы допты бергеннен кейін дәл солай бұрылыстар жасап жаттығуды қайталайды.

5-6 р

Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.

6

б)  Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп допты еден арқылы  лақтыру. (қозғалыста, орын ауыстырып).

5-6 р

Допты қабылдауды мұғалім көрсетеді

ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин

1

Терең демалу жаттығуы ,  сапқа тұру.

1′


2

Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды  бағалау.

2’


3

Үйге тапсырма.

1’

Үйде доппен жаттығулар жасау.

Секіру жаттығулары.

4

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.

1’



Дене шынықтыру пән мұғалімі: Жұмабек Б






21.01.2016ж Тексерілді ____________

6 «А» сынып

Тақырыбы:

Волейбол ойыны. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау.

Допты ойынға қосу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту .

Допты ойынға қосу әдістерін үйрету.

2.Дамытушылық: Ойында оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру арқылы ептілік, жылдамдық қабілеттерін арттыру.


3.Тәрбиелік:Оқушылардың волейбол ойынына қызығушылығын арттыру. Топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: оқып-үйрену сабағы

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, тор , ысқырық. АКТ

р/с

Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

І. Дайындықбөлімі 10-15 мин

1

Сапқа тұру, рапорт беру

1’-2’

 

2

Сабақтың мақсатын түсіндіру

1’

Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

3

Оңға, солға, кері бұрылу

1’

Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.

4

Жүру жаттығулары

а) Қолдың иық буынынан айналдырып жүру

ә) Қол мен білезік буынының айналдырып жүру

б) Жүру кезінде қол мен білезік буынын айналдыру.

в) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.

2’-3’

Денені түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.

5

Жүгіру жаттығулары

а) Тізені көтеріп жүгіру

ә) Жартылай отырып сол, оң жақпен адымдап жүгіру

б) Бір адымдап, қолды жоғары көтеріп торға секіріп жүгіру

г)Екі адымдап, қолды жоғары көтеріп торға секіріп жүгіру

д)Үш адымдап, қолды жоғары көтеріп торға секіріп жүгіру

2’-3’

Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

Әрбір жаттығуда талапқа сай орындау.

6

Қозғалыстағы жаттығулар

а) Допсыз, бір қадам алға жасап, жоғарыдан қабылдау

ә) Допсыз,тізені бүгу арқылы допты төменнен қабылдау.

б) Допсыз, қозғалыс жаттығулар

в) Жылдамдыққа арналған жерге қол тигізе жүгіру жаттығулары


8-10р


6-8 р


6-8 р

6-8 р


8-10 р

Жаттығуды дұрыс орындау

7

Орында орындалатын жаттығулар

а) Шеңбер жасап жерге отырып, қолды аяқтың ұшына созу.

б) Жерге жатып оң аяқты арқадан иық деңгейіне жеткізу.



5-6 р




5-6 р


Әрбір жаттығуда талапқа сай орындау.

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .

Допты жоғарыдан  екі қолмен қабылдауды меңгерту.

Допты жоғарыдан беру, тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады.

Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәлдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі.



1

Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.

10-12 р

Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері мұғалім көрсетеді.

2

Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.

10-12 р

Допты қарсыласының қолына дәл беру.

3

Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.

12-14 р

Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру.

Допты төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту

Ойыншыларды қарама-қарсы сапқа тұрғызып алақандарын біріктіріп ұстату, допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.






4

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету

5′-6′р

Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға

5

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.

5-6 р

Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.

6

Арақашықтық 8-10 м оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бір қатардағы оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші қатардағы оқушылар допты төменнен қабылдау.

5-6 р

Жоғарыдан және төменнен қабылдауды мұғалім көрсетеді

Волейбол ойынында допты ойынға қосу әдістері.

а) Допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу

ә) Допты бүйірден шабуылдап ойынға қосу әдісі

б)Допты төменнен тура ойынға қосу әдісі




6

а) Допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу.

5-6 р

 Жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады. Қабырғаға жаттығу жасау



7

ә) Допты бүйірден шабуылдап ойынға қосу әдісі



5-6 р

Бүйірден жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу әдісі. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.



8


б)допты төменнен тура ойынға қосу әдісі


5-6 р

Допты төменнен тура ойынға қосу.
Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады.екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады.
Допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.

9

Ережемен волейбол ойнау

10’-12′

Үйретілген әдістерді ойында қолдану

ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин

1

Терең демалу жаттығуы ,  сапқа тұру.

1′


2

Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды  бағалау.

2’


3

Үйге тапсырма.

1’

Үйде доппен жаттығулар жасау.

Секіру жаттығулары.

4

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.

1’




Дене шынықтыру пән мұғалімі: Жұмабек Б









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Волейбол ойыны. Допты жо?арыдан ж?не т?меннен ?абылдау. Допты ойын?а ?осу ?дістері.

Автор: Ж?мабек Берік

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295746


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства