I. 1. 2. 3 4. II. | Кіріспе бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Амандасу,түгендеу. Саптағы жаттығулар: Оңға,солға,айналып бұрылу,секіріп бұрылу. Спорттық жүріс.Жүруден жүгіруге көшу шеңберді айнала жүгіру. Демалу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары: а) Б.қ Аяқты иық көлемінде алшақ қойып қолымызды жоғары көтереміз 1.Алға иілеміз. 2.Артқа иілеміз. 3.Оңға иілеміз. 4.Солға иілеміз. б)Б.қ Аяғымызды иық көлемінде алшақ қойып,қолымызды алдыға 4рет артқа 4рет айналдырамыз. в)Б.қ Қолымызды белімізге қойып денемізді 4рет оңға 4рет солға айналдырамыз. г)Б.қ Аяқты алшақ қойып,қолды жоғары аяқтың ұшына көтеріліп дем алып,төмен түсіріп дем шығару. Негізгі бөлім. 1.Шабуыл ж/е қорғаныс жаттығулары 1.Сабақтың мақсатын түсіндіріп көрсету. 2. Екі оқушыдан допты жоғарыдан бір-бірімен бергізіп ойнату. 3. Шабуыл соққыларының тәсілдері: а) Тікелей шабуылдау соққысы-үш қадам жасап барып орындалады. б) Бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы. 4. Қорғаныс яғни тосқауыл қою- қарсыластың шабуылдау соққысынанан соң доптың ұшуына кедергі жасау,тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы тосу тәсілі. 2. Екі жақты оқу ойынын ойнату. Оқушылардың санына байланысты топқа бөлу. | 15 мин 25 мин | Саптағы тәртіп. Ара қашықтық. Денені тік ұстау. Өкше бірге,бақай алшақ.Дұрыс бұрылуды қадағалау Бір қалыпты жасау Денемізді түзу ұстаймыз ж/е тіземізді бүкпейміз Иілу кезінде тепе-теңдікті ұстау. . Демімізді іште ұстаймыз. Ойыншы денесінің ұша бастау сәтінде ж/е ұшудың жоғарғы нүктесінде,оның төмен түсу сәтінде орындалатынын түсіндіру орындаған кезде дұрыс орындалуын қадағалау. Тосқауыл қоюды 1,2,3 ойыншының бірігіп жүзеге асыруын қадағалау. Ойын кезінде үйренген әдістерін қолданылуын қадағалау. |