Бқ. Екі қол белде 1-4 белді солға айналдыру,1-4 белді оңға айналдыру. .Бқ.Аяқты алшақ ұстап қолды жанға созып, алға иіліп , -оң қолды сол аяқтың ұшына тигізу. -сол қолды оң аяқтың ұшына тигізу. Бқ. аяқтың ұшы орнында қолмен жүріп 1-2 солға, 3-4 оңға ,1-2 оңға , 3-4 солға қолмен жүру. Бқ. екіден бірігіп әріптесінің қарсыласуымен қолды бүгіп жазу Бқ.отырып –тұру жаттығуларын жасау Бқ 1-2 қолды жоғары созып, аяқтың ұшына тұрып терең демалу, 3-4 қолды түсіріп дем шығару
Сапқа тұрғызу. Оқушыларға жаңа сабақты хабарлау. Волейбол ойыны. І.Допты жоғарыдан екі қолмен қабылдау,қайтарып беру. Аяқ тізеден,қол шынтақтан бүгіліп қол саусақтары бүрісе жайылып бетке қарсы тұстан допты қағып алуға даярланады. Қабылдау қимылы тізенің жазылуынан басталып қолға көшеді. Қол допқа тигенде тез жазылып,саусақтардың серпімді қимылы допқа белгілі бағыт береді. Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп бас бармақ қолға әсерін жеңілдетеді. Аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді. 1. Ойыншылар бетпе –бет қарап арақашықтық 7-8 м допты лақтырып қайтадан қабылдап,ары қарай көтеріп береді. 2.Бір оқушы допты жоғары көтеріп қарама-қарсы ойыншыға береді,қолын көтеріп қабылдап қайта береді. 3.Бір оқушы допты еденге ұрып ойыншыға береді,допты жоғарыдан қабылдап қайта береді. ІІ. Допты төменнен қабылдау. Доп қолдың білектен жоғарғы бөлігіне қабылданады,саусақтар жұмылып төмен түсірілген жұдырықпен қабылдауға болмайды, доп дәл тимейді,қисық ұшуы мүмкін. Доптың соғылу күшін бәсеңдету үшін қабылдау кезінде екі қол ашық болады,бірақ барынша жақын ұстау керек. 1.Оқушылардың екі қолмен төменнен қабылдау кезіндегі тұрысы. 2.Бір оқушы допты ойыншыға береді,ол допты төменнен екі қолмен қабылдап қайта береді. 3.Бірінші оқушы допты еденнен ойыншыға береді,ойыншы төменнен қабылдап қайтарып береді. ІІІ. Допты үстінен ойынға қосу. Допты көтеріп тастаудан,қолды сілтеуден,допты соғудан,қолды ары-бері ,басқа қимылға көшуден тұрады. Бір аяқ алға шығарылып доп кеуде тұсында ұсталады. Допты біршама алға қарай және оң иықтың үстіне көтеріп тастап ,ойыншы шалқайып оң иығын артқа жоғары қарай сілтеу қимылын жасайды.
|