О?ушыларды екі -екіден, бір-біріне ?арама- ?арсы та?та к?рінетін етіп отыр?ызу.
С?лемдесу.Саба? барысын айтып т?сіндіру. Саба?ты? барысы:Жа?а саба?ты пысы?тау.Шы?у тарихы туралы айтып ?ту ; ?аза? хал?ыны? ежелгі спортыны? бірі –то?ыз??мала?. Зерттеушілерді? пайымдауынша б?л ойынны? пайда болуы шамамен 4 мы? жылды? кезе?ді ?амтиды.
Дауыс ашы? аны? т?сінікті болу керек. 2. Негізгі б?лім. 35 минТа?ырып бойынша толы? м?лімет беру. 5мин
То?ыз??мала? ойынын жа?сы ме?геру ?шін та?, ж?п сандарын ?йрету та? сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21. ) ашы? ж?п сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.) жабы? деп жаз?ан ж?н.
То?ыз??мала? ойынын ?йретушілерге бір ескерте кететін н?рсе та? санды ??мала?ы бар отаулар то?ыз??мала? тілінде-ашы? ж?п санды ??мала?ы бар отаулар – жабы? отаулар деп аталады. 2.1 То?ыз??мала? ойыныны? ?яшы?тармен (отаулармен) таныстыру То?ыз??мала? ойыны арнайы та?тада екі адам арасында ойналады. Ойын та?тасы – 2 ?азан, 18 отау, 162 ??мала?тан т?рады. Ойын басында ?р ойыншы?а бір ?азан, то?ыз отау?а то?ыз-то?ыздан салын?ан сексен бір ??мала? тиесілі.
Ал?аш?ы ж?ріс жаса?ан ойыншыны – бастаушы, ?арымта ж?ріс жаса?ан ойыншыны – ?остаушы деп атайды. Кейде бастаушы ?шін – а? жа?ы, ?остаушы ?шін ?ара жа?ы деген тіркестерді де ?олданамыз.
Та?таны? жазу ?лгісіндегі жалпы ??рылысы т?мендегідей:
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 9 9 9 9 9 9 ?остаушы ?азаны (0)
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы ?азаны (0)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Берілген диаграммаларда бастаушыны? отаулары мен онда?ы ??мала?тар м?лшері ?немі т?менгі жа?ында орналасады.
[??деу] Ж?ріс жасау ерекшеліктері
Ж?ріс ойыншылар тарапынан кезектесіп ж?ріледі. Ж?рісті кімні? жасайтыны жеребемен немесе ?арсыластарды? келісімімен аны?талады.
• 1.Ж?ріс жасау ?шін ?з жа?ы?ызда?ы отауларды? бірінен біреуін орнына ?алдырып, ?ал?ан ??мала?тарды ?ол?а алып, солдан о??а ?арай бір-бірлеп таратамыз. Тарату с?тінде ??мала?тар ?з отауларымыздан асып кететін болса, ?арсыласты? отауына таратамыз. Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? та? санды ??мала?ы бар отауына т?сіп, онда?ы ??мала?тарды ж?п ?ылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отауда?ы ??мала?тар ?тып алынып, ?з ?азанымыз?а салынады.
Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? ж?п санды ??мала?ы бар отауына т?сіп (3 ??мала?тан бас?а), та? ?ылса немесе ?з отауымыз?а т?ссе, ??мала? ?тып алынбайды.
М?селен, жо?арыда?ы та?тада?ы ал?аш?ы жа?дайда бастаушы №3 отауда?ы 9 ??мала?ын таратса, со??ысы ?арсыласыны? №6 отауына барып т?седі ж?не онда?ы 9 ??мала? со??ы ??мала?пен 10 болып, ?тып алынады ж?не ?азан?а салынады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лтты? ойын «То?ыз??мала? ?ліппесі» . »
Тоғызқұмалақ.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары. Қазақтың ұлттық ойындары бастауыш мектеп оқушылардың рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі арқылы баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттерді қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Тоғызқұмалақ ойынындағы негізгі тартыс сана мен жүйкеге түсетіндіктен, оның сыры мен сымбатын, рухани мәнін, тақта басындағы арпалысты көп адам түсіне бермейді және көп жағдайларда түсінуге адамдардың рухани деңгейі жете бермейді.
Ұсынылған тоғызқұмалақ әліппесін бастауыш сыныптарында, сыныпта өткізіп, тоғызқұмалақ өнерін дене шынықтыру сабағына ұсынып отырмын.
Тоғызқұмалақ әліппесін мектептерде пән сабағы етіп енгізу арқылы, халқымыздың көне өнерін жастарға үйрету арқылы, ой-өрісін дамытуға ,тез арада шешім қабылдауға, төзімділікке, адамгершілікке , ұлттық әдет-ғұрыптарға тәрбиелеуге ықпалы тигізері мол.
Ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ әліппесі» . Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен ойнау әдісімен таныстыру. Тәрбиелік: Әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жігерлендіру. Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру,біліктілік пен дағдыларын дамыту, төзімділікті қалыптастыру. Өткізілетін сынып: 3-ші сынып Өткізетін орыны: №18 кабинет Құрал-жабдықтар: сағат, тоғыз құмалақ тақтасы, интерактивті тақта
Ұйымдастыру 5 мин ;
Оқушыларды екі -екіден, бір-біріне қарама- қарсы тақта көрінетін етіп отырғызу.
Сәлемдесу .Сабақ барысын айтып түсіндіру. Сабақтың барысы:Жаңа сабақты пысықтау .Шығу тарихы туралы айтып өту ; Қазақ халқының ежелгі спортының бірі –тоғызқұмалақ . Зерттеушілердің пайымдауынша бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтиды....
Дауыс ашық анық түсінікті болу керек. 2. Негізгі бөлім . 35 минТақырып бойынша толық мәлімет беру. 5мин Тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгеру үшін тақ, жұп сандарын үйрету тақ сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21.... ) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20....) жабық деп жазған жөн.
Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады. 2.1 Тоғызқұмалақ ойынының ұяшықтармен (отаулармен) таныстыру Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Қостаушы қазаны (0)
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы қазаны (0)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
[өңдеу] Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
• 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 – 10 10 10 10 10 (0)
9 9 9 9 9 9 1 10 10 (10)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
• 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
• 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Сергіту сәтті . 5 мин 1) Қолды белге қоямыз, басымызды жоғары көтеріп, көзімізді оңға, содан кейін солға қарай бұрамыз. 2) 1-ші қолды алдыға созамыз, 2-ші жанға, 3-ші жоғары көттереміз, 4-ші дегенде бастапқы жағдай .
Тұздық алу ережесі.
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
• 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
– 10 10 1 11 11 11 11 11 (0)
10 10 10 10 10 10 2 11 1 (12)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
1 11 1 1 11 11 11 11 11 (3)
11 11 11 11 11 11 Х 11 1 (12)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
• 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
• 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі.
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
• 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
• 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,
барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
1 1 1 Х 1 – – – – (78)
– – – – – – Х – 4 (76)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
1 1 1 Х 1 – 1 3 – (78)
– – – – – – – – – (76)
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
• 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс. 2.3 Ережесін сақтай отырып ойын ойнату. Жаттығуды толық, дұрыс жасауын қадағалау. 3 Қорытынды 5 мин 3.1 Сабақты қортындылау. Сұрақ-жауап; 1. Отау саны нешеу? 2. Ойын тақтасында неше қазан болады? Тиісті бағалаларын қою. 3.2 Үйге тапсырма беру. Тоғызқұмалақ ойынының ережелерін қайталау. 3.3 Қоштасу, қайтару. Сау болыңыздар