Просмотр содержимого документа
«Төсенішке құралсыз орындалатын жалпы дамыту»
№2. Мұғалім:Тосмагамбетова Б.Ш.
Өтетін орны:: Спорт зал.
Уақыты:
Сынып: 5 «а» Сабақтың тақырыбы Төсенішке құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:бұлшық еттерін нығайту,қимылдың үйлесімдігін дамытатын,тыныс алу қимылдарын үйлестіуге арналған жаттығулар. Күшке арналған жаттығу:жерге жатып қолды бүгіп ,жазу,алдыға, артқа.м
Гимнастикалық кіші ат: тіреліп кіші аттан секіру (снаряд биіктігі 110 см)аяғын бүге немесе екі жаққа жазып екпінмен көтеріле көпірден серпіліп секіру (көпірше снарядтан 30-35 см қашықтыққа орналасқан)
Мақсаты :Оқушылардың денсаулығын нығайту,қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту; 2..Ерік - жігер қасиеттерін қалыптастыру; 3. Оқушыларды ептілікке,икемділікке, жылдамдыққа, әсімдікке тәрбиелеу.
Міндеттері: А) Білімділік – Гимнастикалық кіші атта әдістерін көрсету, үйрету; Ә) Дамытушылық Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін дамыту; Б) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Құрал- жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық, кіші ат; Байланысывалеология пәні
2.1 Жүріспен орындалатын жаттығулар: а) қол жоғарыда аяқтың ұшымен; ә) қол желкеде аяқтың өкшесімен; б) қол белде табанның сырт жақ қырымен; в) қол белде табанның ішкі қырымен; г) қол алдыда жартылай отырып жүреміз; ғ) аяқ – қолды сілку.
(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).
2.2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар: а) қол белде оң жақ бүйірмен тіркеме адыммен; ә) қол белде сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен; б) қол алдыда тізені жоғары көтеріп жүргізу; в) қол екі жанда төменде аяқты артқа сілтеп жүгіру; г) қол артта аяқты артқа сілтеп жүгіру; ғ) залдың оң жақ қабырғасынан жылдамдықпен жүгіру; д) арқамен алдына қарап жүгіру; е) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).
Жұппен жасалатын жаттығулар жиынтығы:
І Бастапқы қалыпта қол ұстап, бір-біріне қарама – қарсы тұрады (2-4 рет): 1. Қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артқа ұстау; 2. Бастапқы қалыпқа келу екінші аяқпен де осылай жасау, осы жаттығуды кезекпен орындау.
(Нұсқау: денені түзу, жаттығуды сан арқылы орындау).
ІІ Бастапқы қалыпта қолдарын төмен ұстап бір – біріне арқаларымен тұрады: «Б», «А»-ның қолының басынан ұстайды. (2-4 рет): * Сол аяғының ұшымен жанға қояды, оң қолды жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді;
* Бастапқы қалыпқа келу. Екінші жаққа да осылай жасау.
ІІІ Бастапқы қалыпта қолдарын бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама – қарсы тұрады, аяқтарының арасы алшақ ұсталады (Нұсқау: Қолды құшақтау арқылы денені барынша созу): * Алға қарай серпіле түрде еңкею; * Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасау, осылай істеу.
ІҮ Бастапқы қалыпта қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-бірлеріне арқаларын беріп тұрады (Нұсқау: Денелері тік қолдарын көтеріп иілу арқылы аттау):
Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю;
Бастапқы қалыпқа келу. Екінші аяқпен де осылай жасау.
Ү Бастапқы қалыпта қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру (Нұсқау: Арқалары тік бірдей отырып тұру): 1. Жартылай отыру; 2. Бастапқы қалыпқа келу.
ҮІ Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстап, еденде қарама-қарсы отырады. (Нұсқау: Бір-бірінің көмегімен аяқты жоғары созу).
Сол аяқты жоғары көтеріп, созып ұстайды;
Бастапқы қалыпқа келу. Оң аяқтан осылай жасау.
ҮІІ Бастапқы қалыпта табандарын тіреп, аяқтарын алшақ қойып, бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады (Нұсқау: Жаттығуларды алма кезек орындау):
Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқаяды;
Бастапқы қалыпқа келу;
Екінші жаққа еңкейіп, шалқаю.
ҮІІІ Бастапқы қалыпта «А» тізерлеп отырып, сол қолын алда, оң қолын жоғары ұстайды; «Б» оған қарама-қарсы оң аяғын алға салып тұрады, оң қолымен «А»-ның сол қолын ұстайды; 1-2 артқа қарай шалқаю, 3-4 бастапқы қалыпқа келу (Нұсқау: Жаттығулардағы сақтандыру: қолды дұрыс ұстауы, барынша иілу).
ІІ. Негізгі бөлім.
Кіші ағаш аттан ақты бүгіп секіруді. – екпін алып жүгіріп, екі аяқпен итеріле- тіреліп отыру,кеудені толық жазбай-ақ,солға (оңға) 90- қа бұрылып, секіріп түсу. Бұл ретте сол (оң) қолмен снарядтан ұстап,негізгі тұрыспен түседі; - екпін алып жүгіріп,екі аяқпен итеріле – тіреліп отыру, кеудені толық жазып солға (оңға) 90—қа бұрылып, снарядтан ұстап, негізгі тұрыспен түседі;
Тіреліп секіру: екпін алу, көпіршеге секіріп, түсу, итерілу, қолмен итерілгенге дейінгі ұшу,қолмен итерілу, қолмен итерілгеннен кейінгі ұшу,жерге түсу.