Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру. 2.Қол белде өкшемен жүру 3.Қол белде аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру. 4.Қол желкеде жартылай отырып жүру | 2 мин | Арақашықтықты сақтау, қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру. Денені тік ұстау, қол бел тұста Қол бел тұста бүгулі дұрыс орындау. Қимылын қадағалау. |
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар 1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру 2. Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру 3. Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 4. Оң, сол жақпен қолды артқа сермеп жүгіру. 5. Қарсылықтар арасынан түзу жүгіру 6. Қарсылықтар арасынан жанымен жүгіру 7. Жай жүгіру 8. Өрнектеп жүгіру 9. Тыныс алу жаттығулары | 2 мин | Арақашықтықты сақтау, қолды бүкпеу, денені тік ұстау, қол бел тұста. Алақанға тигізу, қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау. Алға, артқа барынша толық айналдыру, оң, сол иыққа қарау. Алаңды толық пайдалану. Еркін жүгіру. Тынысты қалыпқа келтіру. |
Орында тұрып жасалатын жаттығулар Оңға жартылай бұрыл 1. Бастапқы қалып Аяқтар иық кендігінде ашулы а-қолды алдыға түзу соз ә-қолды жоғары соз б-қолды жанымызға соз в-қолды төменге түсір 2. Аяқ иық кеңдігінде ашулы Қолдар белде басты оңға екі рет солға екі рет айналдырамыз 3. Басты алдыға екі рет еңкейту, артқа екі рет шалқайту 4. Бастапқы қалып екі қол иықта, иықты алдыға артқа айналдыру екі реттен 5. Екі қол жоғарыға түзу соз, аяқтар иық кеңдігінде ашулы, кеудені солға екі рет қисайту, оңға екі рет қисайту 6.Оң қол жоғарыда, сол қол төменде ұстау қолдарды артқа екі реттен сермеу 7.Екі қолды айқастыра кеудеде ұстау, түзу тұрып екі рет артқа сермеу шынтақ бүгулі, оңға қарай кеудені бұрып, қолдарды жанымызға артқа сермеу, шынтақ бүгілмейді. Екі рет солға, екі рет оңға қарай 8.Бастапқы қалып қолдар белде, аяқтар иық кеңдігінде ашулы, белді оңға екі рет, солға екі рет айналдыру 9.Қолдарды тізеге қойып, тізе жартылай бүгулі. Кеудені еңкейтіп, тізені сыртқа екі рет, ішке екі рет айналдыру. 10.Бастапқы қалып қол белде аяқ иық кеңдігінде Қолды алдыға созып отыру, тұрғанда қолдарды белге қою. Солға жартылай бұрыл, Орында жүр. Алаңға бір қатардан алға бас Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақтың мақсатын еске түсіру. | 4 мин 1 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 7-8 рет 1 рет 1 рет 1 рет 1 рет | Оқушыларды бір қатардан, үш, төрт қатарға бөліп тұрғызу Оқушылар 45 градусқа бұрылады Ара қашықтық сақтау Көзді жұмбау Кеудені тік ұстау Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау Денені тік ұстау Аяқты бүкпей орындау Оқушылардың қателіктерін түзету, ескерту жасау Оқушылар 45 градусқа бұрылады Бастапқы қалыпта тұру |
Негізгі бөлім | Төменгі сөреден шығуды үйрету Тақырып бойынша түсіндіру, көрсету, үйрету 1. Төменгі сөреден жүгірудің қысқаша тарихын айтып өту. 1896 жыл Афинада өткен қазіргі Олимпиадалық ойындарда американдық жүгіргіш Т.Брек алғаш рет жүгіруді төменгі старттан бастады. Сол кез үшін тұрпайылау болған бұл құбылыс көрермен жұртшылыққа күлкілі болды. Бірақ, Томос Брек 100 м және 400 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанған кезде жұрт оған күлуді доғарды. Сол кезден бастап төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолдана бастады. Төменгі сөреден шығудың маңызы, спортшы қысқа қашықтыққа жүгіргенде жақсы нәтижеге жетеді. Демек, оқушылар сендер де төменгі сөреден шығуды жақсылап үйреніп, меңгеріп алсаңдар қысқа қашықтыққа жүгіргенде жақсы нәтижеге жетесіңдер. 2. Қысқа қашықтыққа жүгіру шартты түрде төрт фазаға бөлінеді: Сөре, сөрелік екпіндеп жүгіру, қашықтық бойынша, мәреге жету. Оқушыларды алаң сызығы бойына сапқа қойып, «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» бұйрықтарын түсіндіру және орындау; 3. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына қысқаша талдау 4. Оқушыларды топтарға бөліп, төменгі сөреден шығуды жетілдіретін ойындар ойнату Теңге алу ұлттық ойыны Белгіленген жерде шығыршықтан өтіп жүгіру Ойын соңында жарысты қортындылау | 28 минут | Төменгі сөреде тұру және шығу туралы білімін жетілдіру. Қауіпсіздік талаптарын айту, қатаң сақтау. «Сөреге» деген бұйрық бойынша жүгіруші сөре сызығына қолын таяйды және күштірек аяғын алдыға тіреп, екінші аяғын артқа қояды. Артқы аяғын тізерлеп бүгіп спортшы қолын өзіне қарай тартып екі иығы ара қашықтығына сәйкес, сөре сызығына дәлме-дәл қояды. Бұл сызық бойында спортшының бармағы мен өзге саусақтары екі айырылып орналасады. Кеудені тік ұстап, басты кеуде бойынша түзеу керек. Осындай қалыпта дене салмағы екі қолға, алдыңғы аяқ табанына, артқы аяқтың тізесіне тең үлеседі.«Дайындал» бұйрығы бойынша оқушы бөксесін иығынан сәл жоғары деңгейге ақырын көтереді, артқы аяқ тізесін жерден ажыратып аяғын түзейді, сөйтіп дене салмағы қолға ғана артылады. Табан жер бетіне нық тию керек. Ал кеуде бұрынғысынша тік ұсталады. Серпуші аяқ тізесінің буын бұрышы 65-100, ал артқы аяқтың иілуіне 100-120 ең оңтайлы қалып деп саналады. Жылдамдық пен күш деңгейі неғұрлым жоғары болса, иін бұрышы соғұрлым аз болады. Бас кеудеге қатысты түзу қалпында сақталады. Оқушы көп аса сіреспей, төмен қарап тұруы керек. Өз қалпына назар аудару қажеттілігі маңызды. Дайындал, назар сал, жүгір деген кезде, қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. Қателіктерін айту және жою. Сөрелік қозғалыстан кейін қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету. Қателіктерін айту және жою. Топтарға өздерінің таңдауы бойынша аттарын қою, жетекші тағайындау. Түсіндіру, үйрету, көрсету, сақтандыру әдістерін көрсету. Әр шарттың соңында топтарды бағалау. Бұл ойындарда, оқушыларда төменгі сөреден шығу әдісі жетіледі. |
Қорытынды бөлім | Оқушыларды сапқа тұрғызып бастапқы қалыпқа келтіру жаттығуларын жасату. Үй тапсырмасын беру Оқушыларды бағалау. Сабақ барысын қорытындылау. Оқушылармен қоштасу. | 5 мин 1 рет 1 рет 1 рет 1 рет | Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзету. Үйге тапсырмаға сөреде тұру және шығуды және тұрған орыннан ұзындыққа секіру жаттығуларын тапсыру Ескертулер жасау. Оқушыларды саппен алаңнан шығару |