kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

То?ыз??мала? ?алай ойналады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Туякбаев Ержан Айдаркулович учитель физкультуры, СШ Жамбыла

То?ыз??мала? ?алай ойналады?

?аза? хал?ыны? ежелгі ?лтты? спортыны? бірі – то?ыз??мала?. Зерттеушілерді? пайымдауынша, б?л ойынны? пайда болуы шамамен 4 мы? жылды? кезе?ді ?амтитын к?рінеді. Алайда, ?кінішке ?арай, елімізде то?ыз??мала? ойыны туралы білетін жандар ?те аз. Осы?ан орай, б?гінгі та?ырыбымызда о?ырмандарымызды аталмыш ойынмен таныстырса? дейміз.

Б?гінде то?ыз??мала? ойыныны? ?лемде ?рт?рлі ?лгілері бар. М?селен, Египетте осы?ан ??сас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», ?ыр?ыздарда «тогузкоргоол», африкалы?тарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сия?ты америкалы?тарда да то?ыз??мала?ты? ?з ?лгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал ?аза?станда ал?аш рет 1974 жылы то?ыз??мала?тан Республика біріншілігі ?ткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын т?ра?ты т?рде ?йымдастырылып келеді. 2001 жылы ?аза?стан Республикасы то?ыз??мала? федерациясы ??рыл?ан. Президенті – ?лихан Байменов. ?лтты? ??рамамызды? бас бапкері – Айн?р Жа?ыпбаева.

То?ыз??мала? ойыныны?  негізгі ережелері:
То?ыз??мала? ойыны арнайы та?тада екі адам арасында ойналады. Ойын та?тасы  2 ?азан, 18 отау, 162 ??мала?тан т?рады. Ойын басында ?р ойыншы?а бір ?азан, то?ыз отау?а то?ыз-то?ыздан салын?ан 81 ??мала? тиесілі. Ал?аш?ы ж?ріс жаса?ан ойыншыны бастаушы, екінші ж?ріс жаса?ан ойыншыны ?остаушы деп атайды.
Ж?ріс жасау ?шін ?з жа?ы?ызда?ы отауларды? бірінен сегізін алып, біреуін орнында ?алдырып, ?ал?ан ??мала?тарды ?ол?а алып, солдан о??а ?арай бір-бірлеп таратамыз. Тарату с?тінде ??мала?тар ?з отауларымыздан асып кететін болса, ?арсыласты? отауына таратамыз. Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? та? санды ??мала?ы бар отауына т?сіп, онда?ы ??мала?тарды ж?п ?ылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отауда?ы ??мала?тар ?тып алынып, ?з ?азанымыз?а салынады. Егер со??ы ??мала? ?арсыласты? ж?п санды ??мала?ы бар отауына т?сіп (3 ??мала?тан бас?а), та? ?ылса немесе ?з отауымыз?а т?ссе, ??мала? ?тып алынбайды. Отауда?ы жал?ыз ??мала? к?рші отау?а ж?ргенде, орны бос ?алады. Ж?ріс жаса?ан кезде отаулар?а ??мала? салмай немесе екі-?ш ??мала? б?ліп алып ж?руге болмайды.

Атсырау ережесі:
Ойын ая?талу?а жа?ында?ан сайын ?р ойыншыны? отауларында?ы ??мала? кеми бастайды. ?р ??мала? ?тып алын?ан сайын немесе т?зды??а т?скен сайын ?арсыластарды? ж?ріс м?лшері азая береді. Сонды?тан ойын со?ында ?арсыластарды? бірі ?з отауларында ж?ріс жасай алмай ?алатын жа?дай да кездеседі. Ойыншыларды? біріні? отауларында?ы ??мала?ты бірінші тауысып алып, ж?ріссіз ?алуы «атсырау» деп аталады. М?селен, ?остаушы атсырау?а ?шыраса, б?л жа?дайда бастаушы ?осымша бір ж?ріс жасап, барлы? ??мала?тарды ?з ?азанына салып алады. С?йтіп, бастаушы же?імпаз атанады.
• Егер ойыншы ойын барысында 82 ??мала? жинаса, ойын бірден то?татылып, сол ойыншы же?імпаз болып танылады.

Т?зды? алу:
То?ыз??мала?та ??мала?тан бас?а ойында бір рет ?арсыласты? отауын ?тып алу?а да болады. Оны ежелде «т?зды ?й» деп ата?ан. Б?гінде «т?зды?» дейді. Т?зды? алу ?шін ж?ріс жаса?ан кезде ?арсыласты? екі ??мала?ы бар отауына сіз тарат?ан ??мала?тарды? со??ысы т?суі керек. Сонда сол отауда ?алыптас?ан ?ш ??мала?пен бірге отау да ?тып алынып, сол отау ойынны? со?ына дейін сізді? меншігі?ізге айналады. Я?ни ж?ріс жасал?ан сайын т?зды? алын?ан отау?а т?сетін бір ??мала? міндетті т?рде сізді? ?азаны?ыз?а салынып отырады. Т?зды? алын?ан отау?а арнайы белгі ?ойылады. Жазбаша т?рде «Х» деген шартты та?бамен белгіленеді. Т?зды? ойында бір рет алынады ж?не №9 отаудан еш?ашан алынбайды. Сондай-а? т?зды? аттас отаулардан алынбайды. М?селен, егер бастаушы сізді? №2 отауы?ыз?а т?зды? ?ойса, сіз оны? №2 отауына т?зды? сала алмайсыз.

То?ыз??мала? ойыныны? негізгі терминдері:
• ??мала?
• ?азан
• Отау
• Бастаушы
• ?остаушы
• Т?зды?
• Атсырау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«То?ыз??мала? ?алай ойналады?»

Туякбаев Ержан Айдаркулович учитель физкультуры, СШ Жамбыла

Тоғызқұмалақ қалай ойналады?


Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда оқырмандарымызды аталмыш ойынмен таныстырсақ дейміз.

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті – Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері – Айнұр Жақыпбаева.

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Атсырау ережесі:
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады.
• Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.

Тұздық алу:
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау



«Келісемін» «Бекітемін»

Әдістеме ісі жөніндегі Мектеп директоры

Орынбасары __________Ш. Оспанова

____________Қ. Аманжолов « » _______________ « »_______



«Тоғызқұмалақ әліппесі»





























Дайындаған:

Туякбаев Ержан,

Жамбыл атындағы орта

мектебінің дене шынықтыру мұғалімі








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
То?ыз??мала? ?алай ойналады?

Автор: Туякбаев Ержан Айдаркулович

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296028


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства