kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

То?ыз??мала? ойыныны? ережелері мен ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: То?ыз??мала? ойыныны? ережелері мен ерекшеліктері
Ма?саты:
Білімділік: О?ушылар?а ?лтты? ойынны? тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін ?йрету.
Дамытушылы?: о?ушылар?а то?ыз??мала?ты? негізгі шарттарын т?сіндіру ар?ылы логикалы? ойлау ?абілетін, математикалы? амалдарды тез санау, ой - ?рісін толы? дамыту ж?не компьютерлік сауаттылы?а, ??ыптылы??а, дайын ба?дарламамен ?з бетімен ж?мыс жасау?а
Т?рбиелілік: о?ушыларды ?йымшылды??а, досты? ?арым - ?атынас?а, ?жымдылы??а, ?лтты? рухта, сананы ?алыптастыру?а бейімдеу.
Керекті ??рал - жабды?тар: 1. То?ыз??мала? та?талары, слайд презентация
К?тілетін н?тижесі: О?ушылар ойынды ме?гереді, к?рделі тактикаларды шешеді.
Уа?ыты: 45 минут ?тетін орны: видеопроектор кабинеті.
Саба?ты? типі: О?у ?йрену саба?ы.
Саба?ты? т?рі: Практикалы?: жатты?улар орындау, жарыс
Саба?ты? жоспары:
I. Дайынды? б?лімі:
1. ?йымдастыру кезе?і
2. ?й тапсырмасын с?рау.
3. То?ыз??мла? ойыны ?ашан пайда болды? Неліктен “?ойшылар алгебрасы” деп ата?ан? ?аза? ?кілдерінен кімдер ойна?ан? То?ыз??мла? спортшыларынан кімді танисы?? То?ыз??мала? ойынын ?ай елдер ойнайды?
II. Негізгі б?лім:
Жана саба? “ Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ То?ыз??мала? ойыны ?аза?ты? барлы? ойыныны? ішіндегі е? ?иыны, ойна?ан адамны? миы істеп, есепшілігі артып, тез тап?ышты? жа?ы к?шеймек” С. Аманжолов
То?ыз??мала? ойыныны? негізгі терминдері: 
• ??мала? 
• ?азан 
• Отау 
• Бастаушы 
• ?остаушы 
• Т?зды? 
• Атсырау
То?ыз??мала? ойыны арнайы та?тада екі адам арасында ойналады. Ойын та?тасы 2 ?азан, 18 отау, 162 ??мала?тан т?рады. Ойын басында ?р ойыншы?а бір ?азан, то?ыз отау?а то?ыз - то?ыздан салын?ан 81 ??мала? тиесілі. Ал?аш?ы ж?ріс жаса?ан ойыншыны бастаушы, екінші ж?ріс жаса?ан ойыншыны ?остаушы деп атайды.
?аза?ша атаулары:
№9 отау ма?дай
№8 отау к?кмойын
№7 отау ?анды?а?пан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау ат?тпес
№2 отау тект?рмас
№1 отау арт
М?тіні: То?ыз??мала? ойынында бекітілген ережеден ауыт?итын жа?дай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Ж?ріс жасау ережесі
??мала? ?ту ережесі
Т?зды? алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ?ана ??мала? ?ал?андай болса ол ??мала?ты алып келесі отау?а ж?руге болады, ал отау бос ?алады. Мысалы ?шін т?мендегі № 1 диаграмма?а назар аударалы?:
№ 1диаграмма
Бастаушы ?зіні? кезекті ж?рісінде 6 - шы отауында?ы 1 ??мала?ты келесі 7 - ші отау?а ж?рді делік, сонда 6 - шы отау бос ?алады. 
Келесі № 2 диаграмма?а ?ара?ыз:

№ 2диаграмма
Екінші ерекшелік – «т?зды?» деп аталады. «Т?зды?» алу ?шін со??ы ??мала? ?арсыласты? екі ??мала?ы бар отауларыны? біріне (9 - шы отаудан бас?асына) т?сіп, онда?ы ??мала?тар санын ал?аш рет ?шке толтыруы керек. Мысал?а жо?арыда?ы № 6 диаграммада?ы жа?ыдайды жал?астыралы?. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан ж?ріп, ?остаушыны? 2 - ші отауынан 12 ??мала? ?тып алды делік.( № 3 - диаграмма )
№ 3 диаграмма
Міне осы с?тте ?остаушы 5 - ші отауында?ы 11 ??мала?ты таратып, бастаушыны?
6 - шы отауында?ы ??мала?тар санын ал?аш рет ?шке толтырып сол отаудан «т?зды?» алады.
№ 4 диаграмма
Ойыншы «т?зды?» ал?ан отауына арнайы белгі ?ояды. Енді сол «т?зды?» жариялан?ан отау?а т?скен ??мала?тарды? б?рі «т?зды?» ал?ан ойыншыны? ?азанды?ына аударылып отырады. Та?ы бір ескеретін жа?ыдай, «т?зды?ты» ойын барысында бір рет ?ана алады ж?не аттас отаулардан «т?зды?» алу?а болмайды.
Аттас отаулар деп – н?мірлері с?йкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушыны?1 – ші отауымен ?остаушыны? 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.
?шінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын со?ына ?арай ?ай ойыншыны? ж?ретін ж?рісі болмай ?алса, сол ойыншы «атсырау?а» ?шырады деп есептелінеді. ?арсыласын «атсырау?а» ?шырат?ан ойыншы ?зіні? отауларында ?ал?ан ??мала?тарды? барлы?ын ?азанды?ына салып алады, міне осыдан кейін ?ана ?р ойыншы ?здеріні? ?тып ал?ан ??мала?тарыны? есебін шы?арады. Т?мендегі мысал?а назар аударалы?:??
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 2 80
Х 1 7 70
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ойынны? ?асиеті туралы.
Ойынны? н?тижесі туралы айту.
“Ми гимнастикасы” саба?ты пысы?тау ар?ылы с?ра?тар ?ою
То?ыз??мала? ойыны ?аза? ?лтты? ойын т?ріне кіре ме? То?ыз??мала? та?тасы неше б?лікке б?лінген? ?р б?лікте неше отау, неше ?азанды? бар? Т?зды? ашу?а болама ж?не оны ?алай ашамыз? То?ыз??мала? терминдерін ата? Отауларды? аттарын білесі? бе? Бірінші ойынды баста?ан ойыншыны ?алай атаймыз? Ж?п, та? сандар дегеніміз не?
Видео корсету “То?ыз??мла? ережежелері” саба?ты ?айталау.
”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” то?ыз??мала? та?тасымен ойын ж?не электронды т?рде компьютермен жекелей ойын. ?ателіктермен ж?мыс.
?орытынды: О?ушыларды ба?алау. ?йге тапсырма беру. Ережелерді есте са?тау, жатты?у.
?ызы?тыр?ан есепшіні, ойлыны,
Бабаларды? б?л – ежелгі ойыны.
Екі адам?а те? б?лінген «мал – жайы»,
Ойнау ?шін та?тасы бар арнайы.
Бар он сегіз ?ясы оны? – кіші отау,
Екі ?азан ?лкен келген – іші отау.
Бір ж?з алпыс екі – барлы? ??мала?,
Сексен бірден – екі ойыншы т?р ?амап.
?р?айсысыны? сегіз ?я – «ойы» бал,
?р ?яны? д?л то?ыздан «?ойы» бар.
Екі ойыншы – екі «?ойшы» кезекпенен,
Т?сіреді ?я?а «?ой» есеппен
Бір - біріні? ?ясына айдайды,
«?ой – ??мала?», санын жіті а?дайды.
?яда ?ай ж?п болса «?ой» - ??мала?,
Б?рі ?арсы ?азан?а кеп ??лама?.
Солай талай ?ой ?азан?а т?седі,
Есепке оны екі ?ойшы тізеді.
Кімде - кімні? ?азаны тез толады,-
Сол ойыншы ?тып шы??ан болды.
?ызы?тыр?ан б?гінде де ойлыны, Міне, осындай бабаларды? ойыны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«То?ыз??мала? ойыныны? ережелері мен ерекшеліктері »

Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының ережелері мен ерекшеліктері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға
Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал - жабдықтар: 1. Тоғызқұмалақ тақталары, слайд презентация
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, кұрделі тактикаларды шешеді.
Уақыты: 45 минут Өтетін орны: видеопроектор кабинеті.
Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Сабақтың жоспары:
I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Тоғызқұмлақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
II. Негізгі бөлім:
Жана сабақ “ Ойын ережелері мен ерекшеліктері” “ Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” С. Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: 
• Құмалақ 
• Қазан 
• Отау 
• Бастаушы 
• Қостаушы 
• Тұздық 
• Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөтпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Жүріс жасау ережесі
Құмалақ ұту ережесі
Тұздық алу ережесі
Атсырау ережесі
Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық:
№ 1диаграмма
Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6 - шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7 - ші отауға жүрді делік, сонда 6 - шы отау бос қалады. 
Келесі № 2 диаграммаға қараңыз:

№ 2диаграмма
Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 3 - диаграмма )
№ 3 диаграмма
Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының
6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.
№ 4 диаграмма
Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с.
Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:  
9 8 7 6 5 4 3 2 1
2 2 80
Х 1 7 70
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ойынның қасиеті туралы.
Ойынның нәтижесі туралы айту.
“Ми гимнастикасы” сабақты пысықтау арқылы сұрақтар қою
Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіре ме? Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке бөлінген? Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар? Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз? Тоғызқұмалақ терминдерін ата? Отаулардың аттарын білесің бе? Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз? Жұп, тақ сандар дегеніміз не?
Видео корсету “Тоғызқұмлақ ережежелері” сабақты қайталау.
”Ойнай білмеген, ойлай білмейді” тоғызқұмалақ тақтасымен ойын және электронды түрде компьютермен жекелей ойын. Қателіктермен жұмыс.
Қорытынды: Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Ережелерді есте сақтау, жаттығу.
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген «мал – жайы»,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,
Екі қазан үлкен келген – іші отау.
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,
Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.
Әрқайсысының сегіз ұя – «ойы» бал,
Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.
Екі ойыншы – екі «қойшы» кезекпенен,
Түсіреді ұяға «қой» есеппен
Бір - бірінің ұясына айдайды,
«Қой – құмалақ», санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса «қой» - құмалақ,
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.
Солай талай қой қазанға түседі,
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде - кімнің қазаны тез толады,-
Сол ойыншы ұтып шыққан болды.
Қызықтырған бүгінде де ойлыны, Міне, осындай бабалардың ойыны


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
То?ыз??мала? ойыныны? ережелері мен ерекшеліктері

Автор: Каламова Аглес Темирбековна

Дата: 23.06.2015

Номер свидетельства: 221082


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства