Просмотр содержимого документа
«"Спортты ал, серікке"-эстафеталық жарыс»
Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөлімінің «№ 35 «Балдырған»бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
________________М.М.Кабдрахманова
«____» ____________2017ж
« »
(Бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеші көмекшілері арасында өткізілген эстафеталық жарыс)
Өткізген дене шынықтыру мұғалімі:
Төлегенова Г.Т
Ақтау қаласы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: « » Бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеші көмекшілер арасында өткізілген эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Бөбекжай ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Жүргізуші: Құрметті бөбекжай тәрбиешілері, тәрбиеші көмекшілері, бүлдіршіндер және қонақтары бүгін біздің бөбекжайымызда үлкен спорттық мереке. Бүгінгі біздің жарысқа тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілері қатысқалы отыр. Олай болса ұжымдастармен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшылдық және көңілді екенін көрген қандай қуаныш. Біз онда қызметкерлерге сәт сапар тілейміз.
Спорт сенің серігің-
Жаңға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды-
Қимыл менен қозғалыс
демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық серік етейік.
Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Бөбекжай әдіскері: Д.С.Қарабалаева
Бөбекжай өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: С. Дюсенова
Бөбекжай медбикесі: М.Унайбаева
Жүргізуші: Бүгінгі сайсымыз 7 турдан түрады ойын атауымен таныс болыңыздар.
«Таныстыру бөлімі».
«Кім шапшаң?»
«Қайраттылар».
«Кім епті?»
«Кім жылдам?»
«Біз ептіміз».
«Біз күштіміз».
Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанымен құрбысыңдар
Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!
деп бүгінгі сайысымызға қатысқалы келген қатысушыларымызды қолдап ойынымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.
Бірінші: Таныстыру бөлімі.
Шарты: Қатысушылар өз командасын және төс белгісін толық таныстырып өтеді. Жақсы таныстырған қатысушы командаға ең жоғары ұпай беріледі.
Ойынның шарты: Қатысушылардың қолдары арттарында жіппене байлаулы болады. Мәреде кәрзеңкенің ішінде тұрған тәттілерді сөреде тұрған кәрзенкеге тістеп тасуы керек. Ойын тәттілер біткенше жалғасады. Бірінші келген командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Ойынның аты: «Қайраттылар»
Ойынның шарты: Қатысулар өздерінің күштерін сынайды «Қол күрес» ортада тұрған партаға екі командадан бір-бірден қатысушы шығады. Күш сынасады, қай команданың қатысушысы қарсыласын көп жеңсе сол команда жоғары ұпайға ие болады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Ойынның аты: « Кім епті».
Ойынның шарты: Қатысушылардың қолдары арттарында байлаулы болады. Мәреде қапшықтың ішінде тұрған үрілген допты сөре сызығына тұрған қапшыққа кедергілер арасымен тістеп тасып шарды жаруы керек. Шар біткенше ойын жалғасады. Шарды көп жарған командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Ойынның аты: « Кім жылдам?».
Ойынның шарты: Қатысушылар біртіндеп мәреде тұрған шығыршықтың ішіне кіріп кедергілер арасымен сөреген жүгіріп барып кері келеді, мәреде тұрған өз командасындағы қатысушыны шығыршықтың ішіне салып алып кедергілер арасымен сөреген жүгіріп барып кері жүгіріп келеді, командасындағы қатысушы біткенше ойын жалғасады. Бірінші келген командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Ойынның аты: «Біз ептіміз»
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан ауыздарына үлкен қасықты тістеп үстіне жұмыртқаны қойып кедергілер арасымен сөреге жұмыртқаны жарып алмай апаруы керек. Кедергілер арасымен кері келеді, ойынды келесі қатысушы дәл солай жалғастырады. Жұмыртқаны жарып алмай бірінші келген командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Ойынның аты: «Біз күштіміз»
Ойынның шарты: Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» екі команда
өздерінің бақтарын сынайды ортада жатқан арқанның екі жағынан бар
күштерімен тартып сызықтан озуы керек, қай команда сызықтан көо озса сол
командаға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін
Жүргізуші:
Бүгін міне оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз.
Осылайыша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!
ендеше сөз кезегін әділ бағаларын беретін әділқазыларға берейік.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттасын.
Ендеше бүгінгі біздің бөбекжайымызда тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің арасында өткен « » эстафеталық сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағаныңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.