kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шыны?са? шымыр боласы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жарыс?а ?атысатын 3-4 сыныптарынан ??рал?ан команды. ?р команданы? ?з аттары, ?з ?рандары бар.

  1. 3-сынып «Жас ?ыран» командасы
  2. 4-сынып «С???ар» командасы

Жарысты ?ткізу ережелері:

А) Топты ?з орындарына т?р?ызу

?) ?діл?азылар сайлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шыны?са? шымыр боласы? »

«Сарқан аудандық білім бөлімінің Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




















Д.Секеманов
















Абай ауылы

Мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың жеке денсаулығы мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру және дене шынықтыру пәніне қызығушылықтарын арттыру.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды тез әрі орнықты қимыл-әрекетке жаттықтыру, психологиялық процестер мен адамдық қасиетті дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларды ойын кезінде өзін – өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс түрі

Қажетті құрал-жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол

Өтілетін орын: спорт зал

Барысы:

1. Кіріспе сөз;

2. Спорттық жарыс;

3. Қорынтынды сөз, марапаттау.

Жарысқа қатысатын 3-4 сыныптарынан құралған команды. Әр команданың өз аттары, өз ұрандары бар.

  1. 3-сынып «Жас қыран» командасы

  2. 4-сынып «Сұңқар» командасы

Жарысты өткізу ережелері:

А) Топты өз орындарына тұрғызу

Ә) Әділқазылар сайлау.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Шынықсаң шым боласың» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты-жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 3-4 сынып оқушылар арасында спорттық сайыс өткізілгелі отырамыз.

Жүргізуші: Хош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз,

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Спорттық жарыс ойынының шараттары:

1. Таныстыру. Әр команда өздерін таныстарыд.

2. Мәреке кім бұрын?

3. 3-ші адам артық

4. Кім мерген?

5. Допты ойы

6 Секіртпемен секіру

7. Кім жылдам?

8. Ептілік

Ал, балалар, сайы шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Денсаулық-шексіз бақыт,

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамызда,-деп, алғашқы ойынымызға көшейік.

  1. «Мәреге кім бұрын?»

Ойын шарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығана жүгіріп шығыпжалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

1. сайысымыздың келесі бөлімі «3-ші адам артық»

Оыйн шарты: ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 1 ұл, 1 қыздан шығады. Столды найла жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек. Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығалды. Столды кеміте отырып ойынды жалғастырамыз.

«Кім мерген?»

Ойын шарты: алдыда тұрған 5-6 сетр қашықтықтаңы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.

Жүргізуші:

Жатып ішер боп жалқау,

Бойкүйез болма, еріншек.

Айналысып спортпен,

Талаптан жаттық еңбекпен.

3. сайысмыздың келесі бөлімі «Допты ойын»

Ойын шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.

«Секіртпемен секіру»

Лйын шарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.

Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек, спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

«Кім мерген?»

Ойын шарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.

«Ептілік»

Ойын шарты: екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір-біріне беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап, кедергілер арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса, балалар сіздерге сәттілік!

Жүргізуші:

Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шыны?са? шымыр боласы?

Автор: Секеманов Дидар Конопиянович

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175122


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства