kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шахмат та?тасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шахмат та?тасы саба?ында о?ушылар   шахмат та?тасы туралы жалпы м?лімет алады. Оны? ?андай материалдардан жасалатыны, та?та бетінде ?анша шаршы бар, оны? ?аншасы боял?ан, ?аншасы боялма?ан, неше ойыншы ойнайды, шахмат та?тасында ?анша фигура бар, оларды? шахмат та?тасында орналасуы сия?ты  ережелер ме?геріп шы?ады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шахмат та?тасы »

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Шахмат тақтасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Шахмат тақтасы туралы жан-жақты меңгеру.

2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен пайдаланған әдебиеттер: шахмат тақтасы,шахмат фигуралары,шахмат дәптері; «Шахмат- ойлылар ойыны» С.Сауханов.

Ұйымдастыру.

1.Оқушыларды түгендеу

2. Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Бекіту

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы.

Салемдесіп, жоқ оқушыларды белгілеп алып , өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап).

Өткен сабақта шахмат ойыны туралы терең мағлұмат алдық.

Сұрақ:

  1. Шахмат ойыны қашан,қайда пайда болды?(V-ғасырда Үндістанда)

  2. Шахмат ойыны туралы не білесіздер?(аңыздар)

  3. Мақсаты не?

  4. Әлем чемпиондарын білесіндер ма?(1-16 чемпиондарының аттарын атап өту)

  5. ҚР –ның төрт дүркін ең жас чемпионы кім?(Жансая Әбдімалік)

  6. Шахмат күнін мейрамдай ма?(20-шілде)



Жаңа сабақ түсіндіру.

Өткен сабақта біз шахмат ойыны соғыс ойынына ұқсайды және сол соғыс(шайқас) шахмат тақтасында өтеді дегенбіз. Шахмат тақтасы туралы терең , жан-жақты білу керек. Өйткені оның құрылымы, бетіндегі әрбір шаршының , әр фигураның өзіндік аты , орналасу орны, фигуралардың жүрісі, жеу жолдары бар. Сондықтан бүгін біз шахмат ойынының шахмат тақтасында дамуын үйренеміз.

Шахмат тақтасы әртүрлі заттардан : ағаштан,пластмассадан,картоннан,клеенкадан жасалады және олар ішінде 64 кішкентай оның 32- ақ, 32-қара үлкен шаршыдан тұрады. Ақ түске боялған ақ түсті, қара түске боялған қара түсті шаршы деп аталады. Ойын кезінде әр ойынщының сол жағында шахмат тақтасының қара шаршысы тұру керек. Бұл ережені бұзуға болмайды.

Шахмат тақтасында солдан оңға қарай төрт ақ , төрт қара шаршылар кезектесіп тұр .Мұндай қатарлар саны - 8, осы қатардың әрқайсысы горизонталь деп аталады және 1-ден 8-ге дейн сандармен белгіленген.

Егер санды төменнен жоғары санасақ тік қатар құрайды, ол қатарларды вертикаль деп атаймыз және олар латын әріптерімен белгіленеді a, b, c, d, e, f, g, h және былай оқылады:а-а, в-бэ, с-це, d-дэ, f- эф, g –жэ, h-аш.

Енді мына диаграммаға қараңдар. Ақ және қара шаршылардың әр қайсысына кішкене үйлер тұрғызылған делік . Сұрақ: - бізде неше ақ және қара шаршы бар деп едік?(32 ақ және 32 қара )

Барлығы қанша шаршы?(64) Демек 64 үй тұрғызылған. Осы 64 үйдің әрқайсысының өзінің адресі болу керек . Әрбір вертикальді - көше , горизонтальды – үй номері деп алайық. Сонда бізде 8(сегіз) көше бар және олар қалай аталады? А,b, c, d, e, f, g, h. Әрбір көшеде неше үй бар? 8 (сегіз).Демек горизонталь сандар –үй номері . Сонда а көшесіндегі үйлер қалай белгіленеді? Олар: а1, а2,а3, а4, а5, а6, а7, а8. Әуелі әріп сонан кейін сан жазылады. Түсінікті болу үшін : балалар, осы отырған барлығымыздың тұратын көшеміз, үй номері бар. Сол сияқты әрбір 64 шаршының адресі бар . Қазір бәріміз дәптерге шахмат тақтасын сызамыз. Бүгін шахмат тақтасындағы фигуралармен , олардың орналасуы мен қысқаша белгілеуі мен толық жазуын үйренеміз; ережелерімен танысамыз. Шахмат ойынын екі ойыншы ойнайды, әрбір ойыншының 16 фигурасы болады. Бір ойыншы 16 ақ фигуралармен, екінші ойыншы 16 қара фигуралармен ойнайды. Жалпы шахмат тақтасында неше фигура болды?( 32 ). Ақ фигуралар 1- және 2- горизонтальдарға , қаралар 7-, 8- горизонтальдарға тігіледі. Әр ойыншының сегізден (8) пешкасы; бір-бірден королі; бір-бірден ферзісі; екі-екіден аты; екі-екіден ладьясы; екі-екіден пілі болады. Ықшамды болу үшін партияларды жазғанда фигуралардың қысқартылған аттары қолданылады: король - Кр, ферзь -Ф, ладья – Л, ат – А, піл – П, пешка -еш белгімен жазылмайды, пешка тұрған шаршысының аты жазылады. Шахмат тақтасының a-b вертикальдар аралығы ферзі қанаты деп , e –h вертикаль аралықтары король қанаты деп аталады. Барлық фигуралардың ойын басында шахмат тақтасында белгілі тәртіппен орналасуын бастапқы позиция деп атайды. . Фигуралардың қысқартылған аттарын пайдалана отырып, тақтаның қай шаршысында тұрғанын жазуға болады. Бастапқы позициядағы фигуралардың орналасуын толық жазайық: Ақ жағы : Кре1, Фd1, Ла1, Лh1, Пс1, Пf1, А b1, А g1, пешкалар а2, b2, c2, d2, e2, f2 ,g2, h2 (барлығы16 фигура).

Қара жағы : Кре8, Фd1, Ла8, Лh8, Пс8, Пf8, А b8, А g8, пешкалар а7, b 7, c7, d7, e7, f7 ,g7, h7 (барлығы16 фигура) .

Ережелерді есте сақта :

-алдымен ақтың фигуралары жазылады, сосын қара;

-фигуралардың орналасуы мына тәртіппен жазылады ; король ферзь, ладья, пілдер , аттар , пешкалар.

- Ферзі өзі түстес шаршыда орналасады.

- фигуралардың аттары бас әріппен жазылады

Фигуралардың қысқартылған аттарын пайдаланып қай шаршыда орналасқанын жазайық . Мен көрсетіп тұрам сендер фигураның атын атап олардың қай шаршыда орналасқанын жазып отырасыздар . Мысалы: ақ король бастапқы позицияда – Кр е1( король е-бір) корольдің алдындағы пешка - е 7.

Сабақты бекіту сұрақтары :

-шахмат тақтасы қандай заттардан жасалады?

-шахмат тақтасы неше шаршыдан тұрады? Нешеуі ақ,нешуі қара?

-вертикаль , горизонталь қатар дегеніміз не?

-шаршылардың аттарын атап корсет.

:-шахмат ойынын неше ойыншы ойнайды?

-тақта бетінде неше фигура орналысады?

-бастапқы позиция дегенді қалай түсінесіздер ? -

Үйге тапсырма:

1. шахмат тақтасының әрбір шаршысын белгілеп өз аттарымен толтыр .

2.Ережелерді есте сақтау, фигуралардың бастапқы орналасуын , қысқартылған аттарын пайдалана отырып дәптерге жазып келіңдер .





























Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Фигуралар және пешкалар . Бастапқы позиция.

Сабақтың мақсаты:

- Шахмат тақтасында фигуралардың бастапқы орналасуын, қысқаша белгілеуі мен толық жазуын меңгеру;

-есте сақтау қабілеттерін дамыту;

-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен пайдаланған әдебиеттер: шахмат тақтасы,шахмат фигуралары,шахмат дәптері; «Шахмат- ойлылар ойыны» С.Сауханов.

Ұйымдастыру.

1.Оқушыларды түгендеу

2. Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Бекіту

5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы.

Салемдесіп, жоқ оқушыларды белгілеп алып , өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап).

Сұрақ:

-Шахмат ойынының мақсаты не ?

-шахмат тақтасы қандай заттардан жасалады?

-шахмат тақтасы неше шаршыдан тұрады? Нешеуі ақ, нешуі қара?

-вертикаль , горизонталь қатар дегеніміз не?

-шаршылардың аттарын атап корсет.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгін шахмат тақтасындағы фигуралармен , олардың орналасуы мен қысқаша белгілеуі мен толық жазуын үйренеміз; ережелерімен танысамыз. Шахмат ойынын екі ойыншы ойнайды, әрбір ойыншының 16 фигурасы болады. Бір ойыншы 16 ақ фигуралармен, екінші ойыншы 16 қара фигуралармен ойнайды. Жалпы шахмат тақтасында неше фигура болды?( 32 ). Ақ фигуралар 1- және 2- горизонтальдарға , қаралар 7-, 8- горизонтальдарға тігіледі. Әр ойыншының сегізден (8) пешкасы; бір-бірден королі; бір-бірден ферзісі; екі-екіден аты; екі-екіден ладьясы; екі-екіден пілі болады. Ықшамды болу үшін партияларды жазғанда фигуралардың қысқартылған аттары қолданылады: король - Кр, ферзь -Ф, ладья – Л, ат – А, піл – П, пешка -еш белгімен жазылмайды, пешка тұрған шаршысының аты жазылады. Шахмат тақтасының a-b вертикальдар аралығы ферзі қанаты деп , e –h вертикаль аралықтары король қанаты деп аталады. Барлық фигуралардың ойын басында шахмат тақтасында белгілі тәртіппен орналасуын бастапқы позиция деп атайды. . Фигуралардың қысқартылған аттарын пайдалана отырып, тақтаның қай шаршысында тұрғанын жазуға болады. Бастапқы позициядағы фигуралардың орналасуын толық жазайық: Ақ жағы : Кре1, Фd1, Ла1, Лh1, Пс1, Пf1, А b1, А g1, пешкалар а2, b2, c2, d2, e2, f2 ,g2, h2 (барлығы16 фигура).

Қара жағы : Кре8, Фd1, Ла8, Лh8, Пс8, Пf8, А b8, А g8, пешкалар а7, b 7, c7, d7, e7, f7 ,g7, h7 (барлығы16 фигура) .

Ережелерді есте сақта :

-алдымен ақтың фигуралары жазылады, сосын қара;

-фигуралардың орналасуы мына тәртіппен жазылады ; король ферзь, ладья, пілдер , аттар , пешкалар.

- Ферзі өзі түстес шаршыда орналасады.

- фигуралардың аттары бас әріппен жазылады

Фигуралардың қысқартылған аттарын пайдаланып қай шаршыда орналасқанын жазайық . Мен көрсетіп тұрам сендер фигураның атын атап олардың қай шаршыда орналасқанын жазып отырасыздар . Мысалы: ақ король бастапқы позицияда – Кр е1( король е-бір) корольдің алдындағы пешка - е 7.

Бекіту сұрақтары :-шахмат ойынын неше ойыншы ойнайды?

-тақта бетінде неше фигура орналысады?

-бастапқы позиция дегенді қалай түсінесіздер ? - фигуралардың атауларын ата және қысқартылған аттарын пайдплана отырып жаз .жаз

Тапсырма :

Ережелерді есте сақтау, фигуралардың бастапқы орналасуын , қысқартылған аттарын пайдалана отырып дәптерге жазып келіңдер .








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шахмат та?тасы

Автор: Жан?анашова Н?ржамал ?асымхан?ызы

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153578


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства