Шахмат — (ағыл. Chess, түрікше Satranç) ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
Серіктестерге арналған 64 тордағы 32 фигурадан (16 – ақ және қара түсті) тұратын ойын. Шахматтың Отаны – Үндістан. Ойынның қазіргі заманғы тәртібі негізінен Қайта өрлеу заманында (XV-XVI ғғ.) пайда болған, дегенмен оның тұтастай бірігуі тек осыдан 100 жыл бұрын ғана болған. Шахмат ойыны өнердің, ғылым мен спорттың түрлерін біріктіреді.
Ережесі
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.Қарама-қарсы отырған екі ойыншының сол жақ шеткі шаршысы қара түсті, оң жақ шеткі шаршысы ақ түсті болуы керек. Тақтай бұлай орналаспаған жағдайда теріс тұрған болып есептеледі.
Шығу тарихы
Шахмат Үндістанда осыдан 2000 жыл бұрын пайда болды. Ол кезде ойын чатуранга деп аталды. Шахмат Үндістаннан Азияның шығысы мен орталығына тарады, ал V ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың басында ол Иранға келді. VII жүзжылдықта шахматпен иран монархияс ының жеңімпаздары – арабтар танысты. Өздеріне жаңа болып көрінген ойын түрін олар шатрандж (парсының шатранг деген сөзінен шыққан) деп атады. Арабтар оны дамыта отырып, IX-X жүзжылдықтарға дейін таратты.
XII ғасырдың аяғында католиктердің шіркеуі шахматты жасырын ойын есебіне қосты, бірақ ол ұзаққа бармады және XIV ғасырдың орта шенінде қайта ауыстырылды.
Шахмат бильярдтан кейінгі екінші спорт ойыны болып табылады, осы ойын түріне арналып әлем чемпионаты өткізіледі. Ал 1878 жылы алғаш рет телефон арқылы шахмат ойыны өтті. 1888 жылы хат жазысу арқылы бірінші шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Шахмат ойынының ең ұзақ мүмкіндігі 5 949 жүрістен тұрады.
Шахмат тақтасындағы мүмкін позициялардың 40 жүрістен кейінгі жалпы саны Әлемдегі барлық бізге көрінетін электрондар санынан асып түседі.
Шахмат тақтасымен танысу
Шахмат тілінде жазып, оқып үйренейік
Фигуралардың тақтада тігілуі
Ойынды жазу тәртібі және шартты белгілер
- фигура желінбей жасалған жүріс;
: фигураны жеп жүру;
0-0 қысқа рокировка;
0-0-0 ұзын рокировка;
+ шах;
++ қос қабат шах;
Х мат;
! Жақсы, күшті жүріс;
!! Өте күшті, ұтатын жүріс;
? Нашар, әлсіз жүріс;
?? Өте нашар, ұтылысқа ұшырататын жүріс;
?! Екі жаққа бірдей тәуекел шиеленіскен жүріс;
= екі жақтың мүмкіндіктері тепе-тең;
+ - ақ жағының жағдайы жақсы;
+ =ақ жағының сәл артықшылығы бар;
- + қара жағының жағдайы жақсы;
= +қара жағының сәл артықшылығы бар.
Пешка жүрісі
Пешка шахмат нотациясында П әріпімен белгіленеді.Ол басқа фигураларға қарағанда жүріс жағынан әлсздеу. Пешка вертикаль бағытта тек алға қарай бір немесе екі шаршыға жүре алады.Кейін жүре алмайды.Қарсыластың фигурасын тек қиғаш келгенде ғана жеп, алған фигураның орнына өзі келеді.
Корольдің жүрісі
Шахмат нотациясында Кр әріпімен ббелгіленетін ең басты әрі әлсіз фигура болып есептеледі.Өйткені тақтадағы бәсекенің негізгі мақсаты- корольге мат беру.Ал қалған фигуралар ойын барысын, өз корольін қорғай отырып, қарсыласының қрғаныс шебіне шабуыл жасайды.Корольдің әлсіз фигура екеніне тағы бір дәлел ол өз әскерлерінің көмегінсіз ештеңе де тындыра алмайды.
Басқа фигураларға қарағанда корольдің жүрісінде тағы бір ерекшелік бар.Ол қорғаныста тұрған қарсыластың пешкасын немесе фигурасын жей алмайды және шабуыл төніп тұрған шаршыға жүре алмайды. Бұдан туатын қорытынды – корольді жеуге болмайды екен. әрбір жақтың королі бірден сегіз шаршыны бақылап тұрады.
Пілдің жүрісі
Шахмат нотациясында піл С әріпімен белгіленеді (орысша слон немесе офицер). Әрбір ойнаушының екі-екіден пілі болады. Олардың бірі ақ, екіншісі қара диогональ бойымен жүре алады. Сондықтан олардың тұрған шаршыларының түсіне байланысты бірін ақ шашылы піл, екіншісін қара шаршылы піл деп атайды. Пілдер өзінің және қарсылас жағының фигураларының үстінен аттап жүре алмайды.
Ладьяның жүрісі
Ладья ферзіден кейінгі күшті фигура болып саналады. Оны Л әріпімен белгілейді. Оның күшін шартты түрде екі жеңіл фигураға яғни екі пілге немесе екі атқа теңестіруге болады. Ладья тіке және көлденең қатармен жүреді.Ол өзі түстес және қарсыластың фигураларының үстінен аттай алмайды. Егер жүріс кезінде жолында қарсы жақтың пешкасы немесе фигурасы тұратын болса оны жей алады.
Ферзінің жүрісі
Шахмат нотациясында Ф әріпімен белгіленетін ең күшті фигураның бірі. Оның бір өзінің күші екі ладьяға тең десе болады.Осыған орай шабуылда қарсыласына аса қауіпті, ал қорғаныста бағалы фигура болып есептеледі.
Аттың жүрісі
Шахмат нотациясында К ( орысша конь деген сөзден алынып отыр) әріпіме белгіленетін ең күрделі фигура.Оның жүрісінде белгілі бір заңдылық бар.Аттың жүрісі «Г» әріпіне ұқсайды.Басқа фигураларға қарағанда ол ерекше секіріс жасап жүреді.Ат өзінің тұрған орнына байланысты ең кем дегенде екі шаршыдан сегіз шаршыға дейін қауіп төндіріп тұрады.Сондай ақ тақтадағы аттың бірін ақ шаршыға, екіншісін қара шаршыға қойсақ тағы бір ерекшелікті көруге болады.шаршыда тұрған ат келесі жүрісінде ақ түсті, ал ақ түсті шаршыда тұрған ат қара түсті шаршыға жүреді.
Рокировка
Ойын барысында әрбір шахматшы король мен ладьяның орнын ауыстырып қатар бір жүріс жасайды. Шахмат әдебиетінде оны «рокировка» деп атайды. Рокировка жасау үшін король мен ладья бұған дейін жүрілмеген және екеуінің араларындағы шаршыларда фигура болмауы қажет.Осы шарттар сақталғанда ғана еl – дегі корольді gl-ге қойып, hl-дегі ладьяны корольдің үстінен аттатып fl шаршыға қояды. Осылайша кооль қанатында жасалған қос жүрісті рокировка деп атайды.Ал ұзын рокировка жасау үшін el-дегі корольді cl-ге жылжытып, аі-дегі ладьяны dl шаршысалып барады. Шахмат нотациясында қысқа рокировка О-О, ал ұзын рокировка О-О-О белгілерімен таңбаланады. Рокировка жасаудағы мақсат корольді қауіпсіз орынға қою.
Терминдермен жұмыс
ШАХ – қандай да бір фигурамен корольге шабуыл жасау
МАТ – қарсыластың шабуылына ұшыраған король ешқайда қашып құтыла алмаса, яғни ұтылысты білдіреді.
ПАТ – корольдің өз кезегінде бірде-бір жүріс жасай алмайтын жағдайы.Нәтижесінде тең ойын деп саналады.
Шахмат кезеңдері:
Дебют – (французша «басталу» деген сөз)- шахмат партиясының бастапқы кезеңі.Ол 10-15 жүрістен кейін аяқталады., нәтижесінде пешкалар мен фигуралар шайқасқа түсуге дайын жауынгерлік сапта тұрады.
Миттельшпиль – (немісше Mittel -ортасы, Spiel -ойын ) ойынның ортасы, әдетте басты оқиғалар жүреді.
13.04.1963 жылы туған, Әзербайжан, Баку қаласы – шахматшы, шахматтан дүние жүзінің 13-ші чемпионы, жастар арасындағы дүние жүзінің чемпионы (1980), халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1980), еңбек сіңірген спорт шебері (1985), 1982, 1983, 1985, 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991
жылдардағы шахматтан Оскар жүлдесінің иегері, гроссмейстерлер қауымдастығының президенті (1986 жылдан).
Қосымша мәліметтер
Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді. Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц пен Ласкер, Капабланк, Алехин,әлем чемпионы Ботвинник ілінді.
Шахмат ойыны алғаш рет 1933 жылы Қазақстан халықтарының ІІ спартакиадасының бағдарламасына енді. Жарысқа 14 адам қатысты. Ғұбайдулла Меңдешев деген адам тұңғыш чемпион атанды. 1934 жылы ерлер, әйелдер, жастар арасында Қазақстанда тұңғыш рет шахматтан республика біріншілігі өтті. Оған 16 ер, 4 әйел, 12 жас жігіттер мен қыздар қатысты. И.Лопатников, О.Стрелова, Т.Софроновтар жеңімпаз атанды.
ІV. Сабақты бекіту
1.Синквейн құрастыру ережесі:
1-ұғым (бір сөз) 1. Шахмат
2- сын есім (екі сөз) 2. Қызықты, тартысты
3- етістік (үш сөз) 3. Ойланады, ойнайды, жеңеді.
4- сөйлем (төрт сөз) 4. Шахмат ойлау қабілетін жақсартады.
5- зат есім (бір сөз) 5. Спорт
2. Бекіту жаттығуы Пілді қалай жеу керек?
Шешімі:
1.ЛВ3+өз ладьямды алып кетемін,оны жеймін! 1....ЛВ6 – бірақ қарамен шебер ойнады 2.Л:В6 КрС7 ладья да піл де қауіп үстінде 3.СD8+ КР:D8 4.ЛВ8+ КРЕ7 бұл жерде піл құрыққа түсті
5.КРG6 - піл ұсталды
V. Үйге тапсырма:
1. Ойынды жазу тәртібі және шартты белгілерді жаттау
2. ББҮ кестесін аяқтау (үйрендім бөлімін)
3.Шешімін табыңдар: 4 жүрістен соң кері мат
Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау